Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Программалау-алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №13
Тақырып: Программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор - 1.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу, түгендеу
- "Атом - молекула" тренинг ұйымдастыру
- 3 топқа бөлу
2) Үй тапсырмасын тексеру
1) Компьютердің пайдасы мен зияны (эссе)
2) Сәйкестендіру кестесі
3) Компьютер құрылғыларының аттарын айту
3) Тұсаукесер (Он сұрақ) әдісі "Компьютер"
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
"Джигсо" әдісі( оқушыларға ресурс тарату, жұппен, топпен жұмыс жасау)

1 - топ. Алгоритм
« Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдың ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса Әл - Хорезми атының латынша жазылуынан шыққан. Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Алгоритм схемасы - блок – схема деп аталады. Алгоритмнің 3 түрі бар. Олар сызықтық, тармақталған, циклдік.
Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықты алгоритм деп аталады. Белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын – тармақталу алгоритм деп атаймыз.
Есептеу процессінің бөліктерінің қайталап орындалуын – циклдық алгоритм деп атаймыз. Алгоритм қасиеттері: Айқын, дәл; өрнектелуі; Үзіктілігі; Нәтижелілігі; Жалпыламалық
Алгоритмнің өрнектелу жолдары: Қарапайым, Табиғи тіл арқылы, Программалау тілдерінде, Графиктік тілдер/блок - схема/

2 - топ. Программалау
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі 17 ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.

3 - топ. Паскаль өмірі
Блез Паскаль /1623 - 1662/
1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады. Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі Алгол, бейсик, тілдерге қарағанда барынша жетілдірілген тіл қатарына жатады. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығына және тиімділігіне байланысты бүкіл дүние жүзіне кең таралды.

Программалау-алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. жүктеу

Толық нұсқасын қарау
2 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі. Алфавит. Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі. Алфавит. Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды.
Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс
Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс
Паскаль тілінің шығу тарихымен, алфавитімен, тілдің объектілерімен және арифметикалық өрнектерді жазу ережелерімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×