Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс

26 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
"№19 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі Турниязова Базаргуль Онгаровна

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Паскаль тілінің шығу тарихымен, алфавитімен, тілдің объектілерімен және арифметикалық өрнектерді жазу ережелерімен жұмыс жасай
білуге үйрету.
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
В) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, ақпараттық диктант, тест, «Сиқырлы өрнектер» ойыны, АКТ - мультимедиа, жас ерекшеліктеріне сай оқушыларға практикалық тапсырмалар, диалогтік оқыту (мұғалім мен оқушы).
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, “Информатика негіздері” журналы,, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, стикер
Оқыту нәтижесі: Өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алады. Паскаль программалау тілінің өрнектерімен жұмыс жасай алады.
Қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады.

І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық. Бір – біріне тілек айтып, сәттілік тілеу. Оқушыларды
4 топқа бөлу. Бағалау критерийлерін таныстырып, бағалау парақшасын топ басшыларына тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақпараттық диктант арқылы сұрақ қою, оқушылардың жауабын бір – біріне тексерту.
1. Паскаль программалау тілін кім ашты?
2. Паскаль тілінің алфавиті нешеге бөлінеді?
3. Паскаль тілінің программасын ата?
4. Тұрақты деп нені айтамыз?
5. Айнымалылар қандай түйінді сөзбен белгіленеді?
6. Сандар нешеге бөлінеді және қандай?
7. Өрнектердің типін ата?

ІІІ. Оқушы қызмтеті
 Түрткі сұрақтар беру арқылы оқушыларға «Галерея» әдісімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша ойларын постерге жазып, топ болып қорғайды. 4 топты стейкер арқылы мадақтау.
1. Паскаль тілінің шығу тарихы, алфавиті
2. Паскаль тілінің негізгі элементтері
3. Паскаль тілінің объектілері
4. Паскаль тілінің өрнектері

Сергіту сәті «Бес саусақ»
Ақ қағазға алақан суретін сызып, сыныптастарының аттарын жазып, олармен қалай амандасатынын жазып, көрсетеді.

 «Сиқырлы өрнектер» ойыны арқылы арифметикалық өрнектермен карточкамен жұмыс жасау.
 Тест тапсырмасы
1. Паскаль тілі қай жылдары шықты?
А) 1968 - 1970
Б) 1968 - 1971
В) 1969 - 1971
Г) 1969 - 1970
Д) 1967 - 1971
2. Әріптер, сандар, айыру белгілері, арнайы символдар ненің жиынтығы?
А) алфавит
Б) программа
В) объектілер
Г) өрнектер
Д) негізгі элементтер
3. Program сөзі нені білдіреді?
А) сипаттау бөлімін
Б) оператор бөлімін
В) тақырыпты
Г) айнымалыларды
Д) өрнекті
4. Міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі
А) идентификатор
Б) айнымалылар
В) тұрақтылар
Г) сандар
Д) өрнек
5. Арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылар,
тұрақтылар, функциялар жиынтығы
А) өрнек
Б) алфавит
В) айнымалылар
Г) объектілер
Д) негізгі элементтер

ІV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» ойыны арқылы оқушыларды орындыққа шақырып, сұрақтар қою арқылы жауаптарын талқылау.

V. Бағалау
Әр топтың топ басшыларына өздерінің тобындағы оқушыларды бағалату. Қойған бағасын не үшін қойғандығы туралы ойларын білу.

VІ. Үйге тапсырма
1. «Паскаль – программалау тілі» тақырыбында мәнжазба жазу.
2. Тарау бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
3 149
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль есептерін шығару жолдарын үйрету
Паскаль есептерін шығару жолдарын үйрету
Оқушыларды программалау тілінің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, логикалық ой-өрістерін дамыту; Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.
Паскаль программалау тілі және құрылымы
Паскаль программалау тілі және құрылымы
Паскаль программалау тілімен танысады. Программаның құрылымымен танысып, қарапайым программаны жазып үйренеді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады
Графиктік функциялар мен процедуралар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалай алу іскерліктерін қалыптастыру
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Стандартты функциялар
Стандартты функциялар
Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің стандартты функцияларға, өрнектер және олардың жазылуы туралы
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n  мүшесінің қосындысын табу
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысын табу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы. КММ Крупская атындағы орта мектеп информатика пәні мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×