Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пернетақта. Пернелер тобы

05 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға пернетақтаның қызметін, әр перненің қызметінін көрсетіп, бағыт - бағдар беру.
Дамытушылық: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтық түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жұптық, топтық жұмыс, «Миға шабуыл» стратегиясы, сұрақ - жауап, көшбасшылық,, «Екі жұлдыз, бір тілек»
Көрнекілік: ДК, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары,
Пайдаланған әдебиеттер: Информатика 5 - сынып, Е. А Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов

Сабақтық барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі, кабинет жағдайы, сабақ барысымен таныстыру
ә) оқушыларды 1, 2 деп санау арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.
1 - топ: Пернетақта.
2 - топ: Пернелер тобы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Миға шабуыл» стратегиясы
1 - топ: Пернетақта.
1. Компьютер деген не?
2. Компьютер қандай функцияларды орындайды?
3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
4. Қандай компьютерлік программаларды білесің?
2 - топ: Пернелер тобы.
1. Компьютер қайда және қалай қолданылады?
2. Компьютердің қандай түрлері болады?
3. Дербес компьютердің түрлерін атаңдар
4. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

Жаңа сабақ
- Ал, енді балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жұмбақ шешу арқылы табайық.
1. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз бір.
(пернетақта)
2. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана “F”(эф) әрпінен басталады.
(функционалдық пернелер)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:. Пернетақта. Пернелер тобы.

1. Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды. Постерге түсіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы қорғайды.
Пернетақта
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.
Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- символдық пернелер. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен кез келген алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан., (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0 - 9 дейін цифрлар, A - Z латын әріптері, А - Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т. б.), пернетақтаның ортасында орналасқан.
- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2,..., Ғ12. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.
- нұсқағыш пернелер - меңзерді экран бетінде басқару
- цифрлық пернелер, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцияларын іске асырады. оң жақта бөлек орналасқан.
- арнайы операциялар пернелері, олар:
Enter - ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.
Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайтуды орындайды.
Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.
Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Alt – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.
Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.
Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.
Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.
- меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:
Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.
End – меңзерді жол соңына жылжытады.
Home – меңзерді жол басына жылжытады.
PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.
PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.
Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.
Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.
Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.
Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.
Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.
Меңзер.
Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті - цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.

Сергіту сәті: «Маймыл» ой сергек. Маймыл рөліндегі оқушы өз сыныптасының жасағаның дәл сол қалпында қайталайды.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
А деңгейі: Пернетақта қандай құрылғы екенін айту.
В деңгейі: Әр перненің қызметін білу
С деңгейі: "Пернетақта" сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

Практикалық жұмыс.
1. Компьютерде Блокнот программасында мәтін теру.
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
(бос орын)
2. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады
(меңзер)
3. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның
(тышқан)

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Пернелердің қызметін қайталап шығу: Esc, Tab, Caps Lock, Sfift, Enter, Delete, Backspace, Num Lock. Оқушылар кезектесіп айтып шығады.
1. Компьютерге ақпараттарды немен енгіземіз?
2. Пернетақта дегеніміз не?
3. Пернетақтаның бөліктерін ата.

Y. Бағалау. "Екі жұлдыз бір тілек" стратегиясы бойынша топтар бірін - бірі бағалайды. (екі ұнаған нәрсе, бір ұсыныс)

YІ. Үйге тапсырма. § 6, бақылау сұрақтарына жауап беру
Рефлекция: «Бағдаршам»
• Қызыл түс: «Сабақ өте қызықты болды, мен сабақта белсенді қатысып отырдым. Берген тапсырмалардың бәрін орындадым»
• Сары түс: «Сабақ ұнады. Мен орында отырып жауап бердім. Тапсырмаларда қиын болған жоқ. Сабақта өзімді еркін сезіндім».
• Жасыл түс: « Сабақтың еш бір пайдасы болмады. Мұғалімнің айтқанын түсінбей отырдым. Үйге берген тапсырма түсініксіз»
2 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Пернетақта
Пернетақта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмурзиева Ботакөз Сембай қызы
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Пернетақта. Пернелер тобы
Пернетақта. Пернелер тобы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Абдигапбарова Мереке
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×