Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйелеріне көшіру.

11 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйелеріне көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру уралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйенің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. 2.- тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе он алтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2 - ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2 - ге көбейту керек.
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7 - ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8 - ге бөледі.
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды он алтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы – берілген сан 8 - дің орнына 16 - ға бөлінеді.

Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйелеріне көшіру. жүктеу
2 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санау жүйесі. Санау жүйесінің түрлері, жасалу жолдары
Санау жүйесі. Санау жүйесінің түрлері, жасалу жолдары
Сан түсінігі – математикадағы сияқты информатика да басты негіз. Математика сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлсе, информатикада сандарды ұсыну әдісін қолданамыз.
Санау жүйелері
Санау жүйелері
Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату.
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Оқушылардың санау жүйелері, ондық, екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)
Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білім білік дағдыларын қалыптастыру. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Санау жүйесі. Санау жүйесінің түрлері, жасалу жолдары
Санау жүйесі. Санау жүйесінің түрлері, жасалу жолдары
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің Информатика пәнінің мұғалімі Жұмагельдина Танзила Бабаханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×