Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санау жүйелері

20 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Санау жүйелері.
Сабақ мақсаты:
Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Білімділік: Санау жүйесі арқылы есеп шығаруға үйрету, дағдыландыру. Программада бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпараттық технологиялармен, компьютерлік технологиялармен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу білігі.
Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: ғылыми көзқарастарын кеңейту, ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд (5 мин)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірме – көрнекілікті әдіс, Топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі, география

Ұйымдастыру кезеңі
І. Амандасу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (10 мин)
Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат мөлшері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.
Сұрақ - жауап арқылы: Флипчартта беріледі.
1. Ақпараттық процесстер дегеніміз не? (адамдардың арасындағы қарым - қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және ақпараттық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процесстерін айтады.)
2. Ақпаратты беру дегеніміз не? (Ақпарат пайдаланушыға негізінен сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.)
3. Ақпаратты неде сақтайды? (Қазіргі кезде электрондық тасымалдауыштарда CD, DVD, флешка т.)
4. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? (ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.)

Жаңа сабақ түсіндіру (20 мин)
• Оқу мотивациясын туғызу (флипчарт)
• Сөзжұмбақтар көмегімен жаңа тақырыпқа шығу. Оқушылар арқылы сабақтың мақсатын ашу.
• Жаңа материалды меңгерту (флипчарт)
• Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшыларын таңдау.
• І топ - Позициялық тобы, ал ІІ топ - Позициялық емес тобы болады.
Енді жаңа сабаққа кірісеміз. Бүгінгі сабақ: Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару. Сандарды цифр деп аталатын символдар көмегімен бейнелейді. Біз білетін цифрлар араб (0, 1, 2,…9) және рим (І, ІІ,…Х,,…) цифрлары.
Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп атайды.
Санау жүйесі позициялық емес және позициялық болып екіге бөлінеді.
Санау жүйелері. жүктеу
2 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.
Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйелеріне көшіру.
Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйелеріне көшіру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру уралы білімдерін қалыптастыру; Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Оқушылардың санау жүйелері, ондық, екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Химия - биология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Санау жүйелері
Санау жүйелері
Ибраева Мейрамкул Даниярқызы М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің информатика пәні оқытушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×