Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу.

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика
Сабақтың тақырыбы: Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Модельдеу түрлерін жаңа технологиялық ақпаратты қолдана отырып, ақпараттық модельмен жұмысты бейнелеп көрсету.
Білімділік: Ақпараттық модель туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылар логикалық ой - өрісін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі: Білім бекіту сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.
Пәнаралық байланыс: Математика, Биология, География, Технология
Көрнекі құралдар: Үлестірме тапсырмалар, презентация, карточкалар
Техникалық құрылғы: Компьютер, интерактивті тақта, магниттік тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, балаларды жеребе арқылы топқа бөліп отырғызу. Топ басшыларын анықтау.
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім мәреге бірінші жетеді?» сайысы
Балаларға өткен тақырыптары бойынша сұрақтар қойылады. Бірінші боп карточканы көтерген топ жауап береді, егер дұрыс жауап берсе сол топтың мәшіні алға жылжиды.
3. Жаңа сабақ «Білімді мыңды жығар»
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модельді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға:
Қолданылу аймағы.
Модельде уақыт факторын ескеру.
Білім саласына қарай топтау.
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Ақпараттық модель - зерттеудегі объект туралы қажетті ақпараттың бәрін қамтитын шамалар жиынтығы. Ақпараттық моделді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз, себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады.
Мысалы: әртүрлі құбылыстар: экономикалық, физикалық, химиялық.
Материалдық модель - нақты нысандар, мысалы: глобус, схемалар, манекен, ұшақ моделі.
Ақпараттық модельдің түрлері:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Компьютерде модель құру кезінде объектіге зерттеу мақсатында, зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әртүрлі ақпарат жинақталады. Мысалы: өсіп тұрған гүл жөнінде биология маманы, дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.
4. Сергіту сәті «Ойнайық та, ойлайық!»
5. Бекіту. “Өзіңді тексер”сайысы. Балаларға жребий арқылы карточкалар ұсынылады. Карточкада модель түрлері жазылады сол модельдерді түсіндіреді, мысал келтіреді.
6. Бағалау
7. Қорытындылау
8. Рефлексия

Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу. жүктеу
2 479
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері. туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру; Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін
Процестерді электрондық кестелерде модельдеу
Процестерді электрондық кестелерде модельдеу
Компьютерде модельдеу теориясын модельдеу, модельдеу кезеңдерін білу. Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым модельдерді компьютерде құру.
Ақпараттық модельдеу
Ақпараттық модельдеу
Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері, модельдің қасиеттері жайлы жалпы түсінік беру. Оқушыларды ақпараттық модель мен материалдық модель ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерін таныстыру.
Апараттық модельдеу
Апараттық модельдеу
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық. Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсету
Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсету
Модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×