Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр зияткері

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сайыстың тақырыбы: «ХХІ ғасыр зияткері» сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан - жақты болуға үйрету, жаңа заманғы технологиялық жаңалықтарды меңгерту.

Ассалаумағалейкум, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«ХХІ ғасыр зияткері» атты информатика және есептеу техникасы пәні аясында ұйымдастырылған сайысымызға қош келдіңіздер.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі сенімі жан - жақты білімді, интеллектуал қабілетті, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін жастар. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!
«XXI ғасырда техника дамыған елдерде ақпараттың негізгі базасы қағазсыз көріністе ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. Демек XXI басында осындай ақпараттардан пайдалана алмаған адам XX ғасыр басындағы не оқу, не жазуды білмейтін адамдай боп қалады» - деген еді В. M. Глушков.

Қазіргі заман ақпарат технологиясы адам әрекетінің барлық салаларына терең тамыр жаюда. Сол себепті, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдалана алуы және компьютерде істеу бойынша дағдыға ие болуы қажет. Бүгінгі «ХХІ ғасыр зияткері» атты сайысымызда негізінде өскелең ұрпақты заманына сай информатика және есептеу техникасы пәні бойынша ақпарат технологияларын жетік меңгерулеріне өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сайысымызға мектебіміздің әр сыныбында оқып, білім алып жатқан білімді, ақылды, сауатты 6 бірдей жастарымызды қатыстырғанбыз. Оларға сәт - сапар тілей отырып, біз сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Мойнақ ауданына қарасты 18 мектептің оқу - тәрбие істері бойынша директор орынбасары, әділқазылар алқасы төрайымы Өтегенова Айболған
2. Мойнақ ауданына қарасты 11 мектептің математика - информатика пәні оқытушысы Бегдуллаев Парахат
3. Мойнақ ауданына қарасты 4 мектептің математика - информатика пәні оқытушысы Ембергенова Зияда
4. Мойнақ ауданына қарасты 2 мектептің математика пәні оқытушысы Наурызбаева Зина
5. Мойнақ ауданына қарасты 18 мектептің математика - информатика пәні оқытушысы Бодыкова Фарида
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

1. Саршаев Мәуленберген 9 - сынып оқушысы
2. Үргенішбаева Маусымжан 7 - сынып оқушысы

Сайыс мынадай турлардан тұрады:
1 - ші тур – «Интеллект»
2 - ші тур – «Компьютердің қыр - сыры»
3 - ші тур – «Фотошоп шебері»
4 - ші тур – «Көрермен кәдесі»
5 - ші тур – «Кім шаққан?»

Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Интеллект» тур да сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

1 - ші тур «Интеллект» қатысушылардың әрқайсысына ортақ 7 сұрақтан беріледі.

Қатысушылардың жауаптарын белгілеу кестесі
№ Қатынасушы 1 - с 2 - с 3 - с 4 - с 5 - с 6 - с 7 - с
1 Саршаев Мәуленберген

Компьютердің қыр - сырын меңгеруге талпынып,
ХХІ ғасыр жастары бар ынтамен ұмтылып.
Алда тұрған белестен шыдамдылық танытып,
Оқу - білім жиғандар өтетіні заңдылық.

2 - ші тур «Компьютердің қыр - сыры» Қатысушы кез келген ұяшықты таңдап ондағы жасырынған компьютердің құрылғысы туралы толық мәлімет береді.

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сауал болсын.

3 - ші тур «Фотошоп шебері» Бұл турда қатысушылардың фотошоп бағдарламасын қаншалықты жақсы меңгергенін байқаймыз. Бұл турға 4 - минут уақыт беріледі.
4 - ші тур «Көрермен кәдесі» Бұл шарт бойынша магнит тақтада жайласқан сандардың кез - келгенін көрермендерден бірі шығып алып онда жасырынған сұрақты қатысушыға береді.

«Көрермен кәдесі» турында түсетін сұрақтар
1. Microsoft Word бағдарламасында бетке стандартты рамка қойып бер.
2. Windowsтың кез - келген терезесінде алдын папка жаратып, соң оны өшіріп бер.
3. Windows жұмыс столының сурет фонын өзгертіп бер.
4. Microsoft PowerPoint бағдарламасында кез - келген автофигураға анимациялық эффект қойып бер.
5. Microsoft Excel бағдарламасында В1, В2, В3, В4 жәшіктерін біріктіріп, жазылған сөзді тігінен келтіріп бер.
6. Microsoft Word бағдарламасында бағандар саны 7, қатарлар саны 19 болған кесте жаратып бер.
7. Windows жұмыс алаңында сағатты, уақытты қалай өңдеуге болады.

5 - ші тур «Кім шаққан» Бұл турда қатысушылар Microsoft Word бағдарламасында 3 - минут ішінде қанша көп және тез, қатесіз жаза алатындықтары байқалады.
«Кім шаққан» турында терілетін мәтін
«Білім алып, оқу оқып, ғылым іздеген пендесі сауап іс қылғаны, ол әр уақытта шексіз құрметке кенелмек. Ендеше оқу білім, ғылымды өзіне серік еткен адам осынша құрметке, сауапқа кенелсе, білім, ғылым үйреткен үйретуші, ұстаздың мәртебесін қаншалықты деңгейде болатынын шамалаңдар және соған тырысыңдар»

Қатысушылардың тез жазу шеберліктерін анықтайтын кесте
№ Қатынасушы Сөздер саны Қателер саны
1 Саршаев Мәуленберген

Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×