Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика "Сыр сұхбат" сыныптан тыс сабақ

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Класс: 8
Сабақтың тақырыбы: Сыр сұхбат
Мақсаты:
1. Білімділік: Жалпы информатика курсы бойынша оқушылардың білімін тиянақтау. Пір тұтатын мұғалімдері туралы ақпарат алу. Бұл ұстаздарымыз кей оқушыларға сабақ бермейді сондықтан танысып білсең деген ой.
2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырын дамыту.
3. Оқушыларды біліктілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
Информатика болашаққа бастайды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп жетелейді адамды
Барлық әлем жаңалығын тастайды – деп бүгінгі кешімізді бастағым келіп тұр.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сыр сұхбат атты кешімізге қош келдіңіздер. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
Класс 2 топқа бөлінеді. Крестикте және ноликтер. Әр топта 6 адамнан. Әр топқа топ басшысы керек. Біз әдеттегідей емес олады ұстаздар арасынан аламыз. Крестиктер топ басшысы болып мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдіғапарова А. П, Ноликтер топ басшысы информатика пәні мұғалімі Кәрімбаев Т. Ж. болып тағайындалады.
Ойынымыздың көп бөлігі топ басшыларымен болады. Ойын 5 турдан тұрады әр турда 2 тапсырма бар.

1 Тапсырма – Сұрақ қоямыз. Сырласамыз сұхбаттасамыз.
2 Тапсырма – Тапсырма орындаймыз. Тапсырманы топтарыңызбен ақылдасып жауап берулеріңізге болады. Бұл жерде әдеттегідей оқушылар ұстаздардан емес. Ұпайлар смайликтер арқылы есептеледі. Ұстаздар оқушылардан сұрайды. Кешімізді бастаймыз.
1. Сұрақ қою: Абдіғапарова А. П және Кәрімбаев Т. Ж. Кім? Экранға назар аударамыз. Осы айтылған мәліметпен келісесіздер ме?

1. Тапсырма: «Ойынды тап» Қазіргі заман талабына сай үйде, мекемелерде компьютерлер қолданылады. Компьютермен жұмыс жасаймыз және ойындар ойнаймыз. Компьютерде ойындар ойнайсыздар ма? Бізде Кәрімбаев Т. Ж. информатика маманы, сіз ұлттық ойындар ойнайсыз ба? Екі топқа екі түрлі тапсырма. Крестиктер тобына компьютер ойындарынан суреттер беріледі. Ноликтер тобына ұлттық ойындар суреттері беріледі. Экранға назар аударамыз.
Call of duty Алтын сақа
GTA Қазақша күрес
PES FIFA Алты бақан
WORCRAFT Тоғыз құмалақ
CONTR STRAIK Көкпар
Тапсырманы жақсы орындаған сияқтымыз.

2. Сұрақ қою: Сіз үшін әріптестеріңіздің ойы қаншалықты маңызды? Бейне материалымызға назар аударайық.
Айтылған пікірмен келісесіздер ме?

2. Тапсырма: «Алтын сөз» Ендігі тапсырма әдебиет пәнімен байланысты болады. Компьютермен байланысты мақал мәтелдер оқылады, тура мағынасын табасыздар.
Экранға назар аударамыз. Тапсырманы жақсы орындаған сияқтымыз.

Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер. Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Ағаш тамырымен мықты,
Компьютер процессорымен мықты. Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос - жарымен мықты.
Жақсы WORD жарым ырыс. Жақсы сөз жарыс ырыс.
Операциялық жүйе – буынсыз,
Процессор түпсіз. Тіл – буынсыз,
Ой – түпсіз.
Көп компьютерден жоқ ешбір пайда,
Екі компьютерің болса біреуін таңда. Көп ойдан жоқ ешбір пайда,
Екі ойың болса біреуін таңда.

3. Сұрақ қою: Оқушылар, ұстаздар көкейтесті сұрақтарын қойсын.
3. Тапсырма: «Суретшілер әлемі» Іс қимылымызбен берілген тапсырманы суреттейміз, тобымыз табады.
Крестиктер тобына: Тышқан, Компьютерде ойнап отырған бала.
Ноликтер тобына: Принтер, Компьютер қатып жатыр.
4. Сұрақ қою: Осы атқаратын қызметіңізге көңіліңіз тола ма әлде оданда жоғары болсам, қол жеткізе алмай жүрген қызмет орныңыз бар ма?

Қызықты оқиғалар:

1. Нағыз программист, тамақ қоры біткеннен кейін де, пернетақтадағы қиқымдармен қоректеніп, бір апта өмір сүре алады екен.
2. Атақты MS компаниясын қалаушы Бил Гейтстің жаны өлгеннен кейін корзинаға түседі екен.
3. Программист пианисттің жаңа роялін көруге келіпті. Роялды ұзақ айналып жүріп, Пернелері қолайсыз екен. Небәрі 84 перне, оның жартысы функционалды, бірде біреуінде жазу жоқ, бірақ.... shift – ті аяқпен басатыны жақсы екен депті.

4. Тапсырма: «Логикалық сұрақ»
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Жауабы: Жанат - ұзын
5. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
6. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5. Сұрақ қою: Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол – компьютер. Осы ойға пікіріңіз қандай?
5. Тапсырма: «Серігу» Қазіргі замандағы компьютерде көп отыратын балаларға арнайы жаттығулар ойлап тапсаңыз және осы жерде жүзеге асырсаңыз. Бәріміз берге орындайық. Алма кезек кім көп жаттығу табады екен.

6. Сұрақ қою: Әзіл айтқанды жақсы көресіз бе? Бір қызықты әңгіме, анекдот айтып берсеңіз.
6. Тапсырма: «Аяқталмаған анекдот»
Биология сабағы.
– Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
– Тері түсіп қалмау үшін апай.
Мұғалім:
- Сәбит, үйге қандай тапсырма берілді, айта қойшы?
Оқушы:
- Мамамның базарына "Кубанка" деген бөрік түссе хабарла дегенсіз.
Ашық сабақ болып жатқан.
- Мереке, Ыбырай Алтынсариннің "Өзен" өлеңін жатқа айтшы, - дейді апай.
- Артта отырған мұғалімдерден ұяламын, - деді Мереке
Мұғалім:
- Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! - деді.
Оқушы:
- Жер, ауа, от...
- Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы:
- Таптым, сабынмен!
Қорытындылау: Смайликтерді санаймын. Жеңімпаз топты марапаттаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 216
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Кестелер. Кестелерді құру
Кестелер. Кестелерді құру
Информатика пәні мұғалімі Толебаева Ж.Ж.
Қызықты информатика
Қызықты информатика
Атырау облысы, Индер ауданы. информатика пәні мұғалімі Оразаева Асем
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×