Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика патшалығына саяхат (сайыс сабағы)

06 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
(Сайыс сабақ презентациясымен)
7 «А», «Б» сыныптар
Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығына саяхат» сайыс сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Word Pad редакторымен жұмыс істеуді, графикалық редактор PAINT - та жұмыс жасауды үйрету. Осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. Информатика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақ «Монитор» және «Пернетақта» топтарының арасында сайыс түрінде өтеді. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитты жүзіп «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтеді.
Кеменің жүзу бағыттары:

1. «Қиын сұрақтар» аралы. 2. «Ертегілер»аралы. 3. «Көркемсурет» аралы. 4. «Сиқырлы пернелер»аралы. 5. «Ғажайып қалам» аралы.
Ең соңында «Информатика пашалығына» барып тоқтайды.

1. «Қиын сұрақтар» аралы.
Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, алға жылжып отырады.

- Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама? (антивирус)
- Информацияның өлшем бірлігі? (бит, байт)
- Сурет салуға арналған бағдарлама? (Paint )
- Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс? (internet)
- Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)
- Ақпаратты өңдеу құрылғысы? (процессор)

2. «Ертегілер аралына» келеміз.
Бір күні сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны компьюктус деген кактусқа айналдырып, өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс қабілетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Бақытына қарай дүкенде бір ақылды қыз бала жұмыс істейтін. Ол компьюктусқа көмектескісі келді. Егер ол этикетке дұрыс жазулар жазып, кактустың тікенектеріне ілсе, онда компьютерді алғашқы қалпына келтіруге болатынын білетін. Өкінішке орай, бұл қыз бала информатика пәнін меңгермегендіктен, компьютердің неден тұратынын білмеді. Мүмкін сендер этикетке дұрыс жазу жазып, сиқыршыны бірге жеңе алатын шығарсыңдар?
- Компьютердің негізгі құрылғылары?(монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок).
- Компьютердің қосалқы құрылғылары?(модем, сканер, принтер).
3. «Көркемсурет» аралы.
Бұл аралдар әр кеме басшысы - капитан компьютерден PAINT графикалық редакторынан тапсырма орындайды.
1. Кеме: Теңіздегі кеменің суретін салады.
2. кеме: Теңіз әлемі. 12 минут.
Кеме басшылары сурет салып отырғанда қалған оқушылар үлестірмелі карточкаларымен, жұмыс дәптерімен жұмыс жасайды.
4. «Сиқырлы пернелер»аралы. Бұл аралда оқушылар қораптан пернелер белгісі жазылған карточка алып, оның атқаратын қызметі туралы баяндап береді. Әр топтан 3 оқушыдан қатысады. Бұл аралда 5 минут тоқтаймыз.
. 5. «Ғажайып қалам» аралы. Бұл аралда оқушылар осы өтіп жатқан тақырыпта 4 жол өлең шығарып жазады. Әр топқа берілген тапсырма мынадай қаріппен терілу керек.
1 кемеге: 14 қаріп. Kz Arial
2 кеме: 16 қаріп, Kz Times New Roman. Бұл тапсырмаға әр топтан екі оқушыдан шығады. Бірінші шығарған өлеңдерін оқып, Word Pad мәтіндік редакторында тереді. Бұл аралда 6 минут тоқтаймыз.
Марапаттау:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
Информатика мұхитына саяхат
Информатика мұхитына саяхат
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Paint патшалығына саяхат
Paint патшалығына саяхат
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу орталау мектебінің информатика пәні мұғалімі Симтикбаева Алмагуль Ташмамбетқызы
Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралына саяхат
Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралына саяхат
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×