Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралына саяхат

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралына саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дауысты дыбыстардан алған білімдерін бекіту
Дамытушылық: тілдік эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге баулу, тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: аралдарға саяхат.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырма сұрақтар арқылы сұралады.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыстарды айтқанда адамның қандай дене мүшесі жұмыс атқарады.
3. Тіл дыбыстарын қандай ғылым саласы зерттейді.
4. Қазақ әліпбиінің негізін салушы
5. «Әліпби», «Алфавит» қандай елдердің сөзі
6. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны және олар неше бөлікке бөлінеді.
7. Таңбаларға нелер жатады.
8. Қос дауысты әріптерді ата.
Сабағымызды «Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралдарына саяхатымызды бастаймыз». Бастамас бұрын аралдарды ашу үшін ондағы тапсырмаларды орындаймыз.
1. «Арнайы сөздік қор» аралы. Тапсырма: Ашық, қысың дауысты дыбыстарға берілген уақытта сөз құрап жазу.
2. «Хабардар болу» аралы. Берілген уақытта сөзді тез тауып жазу. Жуан дауысты дыбысты бір сызықпен, жіңішке дауысты дыбысты екі сызықпен сызу(4 минут)
● Қыстың айлары: Қыркүйек, қазан, ақпан, қараша.
● Біздің Республикамызда кездеспейтін құстар: Бұлбұл, страус, кептер, бозторғай.
● Әкесі баласынан үлкен: Жиі, әрқашан, ешқашан, сирек.
● Тәулік уақыты: Жыл, ай, апта, күн.
● Теректе әрқашан бар: Жапырақ, тамыр, гүл, жеміс.
● Жыл мезгілі: Тамыз, күз, сенбі, тоқсан.

3. «Оқулықпен жұмыс» аралы. 252 - жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек (қайталанғанын алмай) теріп жазыңдар және сол дыбыстардан басталатын бір – бір сөз ойлап атаңдар.

4. «Фонетикалық талдау» аралы. Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасау.
Б.. р.. лл.. ғ.. с.. й.. н.. п,
К.. л, б.. л.. л.. р.. қ.. л.. қ!
.. қ.. ғ.. нд.. к.. ң.. лг..
.. қ.. л.. сп.. н т.. қ.. л.. қ!
5. «Семантикалық картамен жұмыс» аралы. Берілетін сөздер: Шабылып, өзгеруі, дәстүрлі, құрылып.
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
Ш
А
Б
Ы
Л
Ы
П
6. «Термелі диктант аралы». Тасымалдауға болмайтын сөздерді мұғалім оқып, оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Ашық, қасық, кг. Ара, балық, алма, абай, көктем, қара, бал, ТМД, ою, Сәрсенбаев, кітап, ҚазМҰУ, дала, оқушы, Қызылорда, дәптер, жаңалықтар, тонна, Меңдіқара, ауыл, аю.

7. «Шығармашылық» аралы. Әріпті мәтін ішінен сөздерді табу.
арпаопцшуироымрыоауапмромсанарпвлралмтмамапвмолмржанрпоракөлрпволтамақпвлгражерриаолапайдараолврайрполврқазоиворалмолвромижел
8. «Артық сөзді алып таста» аралы. Берілген сөздерден сөздерді шығарып, артығын алу.
Сабақты қорытындылау: тест тапсырмалары арқылы қорытындыланады.
.Бағалау.
Үйге тапсырма. А дыбысынан басталып осы дыбыспен аяқталатын 20 сөз жазып келу.
8 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×