Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
«ХХІ ғасыр – информатигі»

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр – информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 6 – оқушы қатысады. Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.
(Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді)
1 ші тур – «Бәйге»
2 ші тур – «Полиглот»
3 ші тур – «Ғажайып алаңы»
4 - ші тур – «Қиял әлемі»
5 - ші тур – «Жорға»
1 - ші тур «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 10 сұрақ беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

1. Аталған байттар тізбегі? (файл)
2. Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық)
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)
6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
7. Компьютердің ақыл – ойы? (процессор)
8. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
2 тур – «Полиглот»
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз 30 - ұпай шәкірт саған несібе - дей отырып, ойынымыздың ІІ кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сұрақтар жасырылып, соның жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтылады.
(Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға - 30 ұпай, 2 тілде айтқан оқушыға - 20 ұпай, тек қана қазақшасын айтса онда - 10 ұпай беріледі.)
1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкене күн көзін (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі? (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы? (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас – адамның арқауы, ал компьютердің асы.. (ток, ток, currеnt)
6. Өнер алды – қызыл....(тіл, язык, landguage)
Ойынымыздың шарты бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.
3 тур – «Ғажайып алаңы»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
(Информатика пәні бойынша сұрақтар, сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)
«Windows объектілері» бөлімі бойынша

«Windows объектілері - 30» Windows - дың негізгі объектісіне не жатады? (файл, қапшық, таңбаша, белгіше)
«Windows объектілері - 40» Өшірілген немесе жойылған файлдар қайда сақталады? (себет - корзина)
«Windows объектілері - 50» Стандартты программалар (Блокнот, калькулятор, Wordpad, Paint)
«Есептеуіш техникасының даму тарихы» бөлімі бойынша сұрақтар
«Есептеуіш техникасының даму тарихы - 30» Компьютердің атасы (Чарльз Бейбидж)
«Есептеуіш техникасының даму тарихы - 40» 1694 жылы арифмометрді құрастырған атақты неміс математигі кім? (Лейбниц)
«Есептеуіш техникасының даму тарихы - 50» Бірінші электрондық есептеуіш машина
қалай аталады және қай жылы жасалды? (ENIAC, 1946 жылы жасалған)
«Дербес компьютердің құрылысы» 30 - Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
«Дербес компьютердің құрылысы» 40 - Компьютердің тілі деп нені атайды? (МОНИТОР)
«Дербес компьютердің құрылысы» 50 - Сыртқы жадымен жұмыс істейтін құрылғы (дискжетек)

«Аралас сұрақтар» бөлімі
«Аралас сұрақтар» - 30 Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл гейтс)
«Аралас сұрақтар» - 40 Мәтін түрлері (Кәдімгі мәтін, кесте, программалық, енгізілген объектілер)
«Аралас сұрақтар» - 50 Зиянкес программа (вирус)

3 турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

4 - тур. «Қиял әлемі» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңшіме құрастыруы тиіс.
1. Егер мен робот болсам..
2. Егер мен хакер болсам...

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
5 тур. «Жорға»
1. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
2. жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)
4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
5. Дыбыс жазу құрылғысы? (микрофон)
6. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
7. Дискілерді оқу құрылғысы? (диск енгізгіш)
8. Кең тараған монитор түрлері (EGA, VBA)
9. Дискета түрлері (3, 5 және 5, 25 дюймдік)
10. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (монитор)
11. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)
12. Дыбыс шығаратын құрылғы? (колонка)
13. Әр түрлі объектілері орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)
14. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)
15. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
16. Информация өлгем бірлігі? (бит, байт)
17. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
18. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
19. Мәліметтер енгізу пернесі? (ENTER)
20. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
21. Сурет салуға арналған программа (графиктік редактор)
22. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
23. Пернетақта қандай құрылғы (енгізу)
24. Графиктік редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
25. Антивирустық программалар не үшін қажет? (вирустан құтылу үшін)

Ең коп ұпай жинаған оқушы - «ХХІ ғасыр – информатигі» атағына ие болады. Құттықтаймыз!
Бүгінгі көріп тамашалаған шоу «ХХІ ғасыр – информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.
5 948
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі Джолдасова Багила Новчабаевна
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Информатик 2013 (сайыс)
Информатик 2013 (сайыс)
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылы, Тасбұлақ орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі: Кожагулов Ерлан Жұматайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×