Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PAINT графикалық редакторында мозаика салу. Теңіз түбінде

04 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: " PAINT" графикалық редакторында мозаика салу. Теңіз түбінде.

Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың мозаика(әшекей), смальта түсініктерін меңгеруді қамтамасыз ету. Мозаиканың даму тарихын және оны жасауда қолданған материалдар туралы түсініктерінің қалыптасуына себеп болу. Графикалық редактордың мүмкіншілігін қолданып, мозайка жасаудың техникасын түсінуге оқушыларға жағдай жасау.
Дамытушылық:Шығармашылық қиялдарының дамуына себеп болу. Пәнге деген қызығушылығын дамыту. Ой - өрістерін дамыту (салыстыру, қорыту, дәлелдеу)
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетінің, эстетикалық талғамының қалыптасуына жағдай жасау. Сыныптастарының жұмысы мен пікірін сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдық - техникалық база
• Компьютер
• Интерактивті тақта
• Информатика кабинеті
Дидактикамен қамтамасыз ету
• Сурет
• Жұмыс үлгісі
• Мраморлар коллекциясы
Оқыту әдісі
• проблемалық
• түсіндірме - иллюстративті
• жартылай - іздену
Оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру формалары
• фронтальды
• жекелеме
Сөздік жұмыс: мозаика, смальта
Сабақтың түрі: құрастырма, кіріктірілген

Сабақтың барысы:
• Амандасу
• Сабаққа дайындықтарын тексеру
• Сабақтың тақырыбы мен күнді жазу
Актуалды оқушылардың білімі
а) Мозаика сөзінен не түсінеміз?
Мозаика - әр түрлі шыны, тастардан бір - біріне жабысып жасалынған көркем бейне.
б) Бейнелеу өнері жағынан "Мозаика" түсінігін ашу
• бейнелеу өнерінің төрт түрін еске түсіру ( живопись, графика, архитектура, скульптура, сәндік - қолданбалы өнер)
• Тақтадағы суреттер бейнелеу өнерінің қай түріне жататының ажырату.
• Мозаика бейнелеу өнерінің қай түріне жататынын ажырату. Неге?
Біздің қаланың қай жерлерінде мозайкалық суреттерді көруге болады?
• Оқушылардан мозаикалық суреттердің өлшемі туралы, олардың тұрған жері туралы өз ойларын қорытуды сұрау.)
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Мозаика - әр түрлі ұсақ тастар мен шынылардан құралатын монументальдық кескіндеменің ерекше бір түрі.
(дәптерге жазу)
в) Даму тарихы.
Мозаика бірнеше мың жыл бұрын пайда болды. Ертедегі мозаикалар әр түрлі саздардан, тастардан жасалған. Гректер мен римдіктер мозайканы еденнің интерьеріне қолданған. Сонымен қатар храмдардың қабырғаларын, төбелері әр түрлі мозаикалық суреттермен безендірілген. Сол себептен әр түрлі жылтырақ емес жасанды шыны смальта жасалынды. ХVI ғасырда мрамор қазбаларына бай Италияда мозаиканың жаңа бір түрі пайда болды. Оны флорентикалық деп атады. Италияндық шеберлер мрамордың бір бөлігі әр түрлі рең беретінің байқады. Ресейде смальталық мозаиканы М. В. Ломоносов жандандырды. Оның мозайкалық бояуына 112 түс және 1000 рең кірді. Оқушыларының көмегімен жасалынған оның ең үлкен мозаикалық суреті " Полтавская битва".
Материалды бекіту:
Дәптерге мозаика жасауға қолданылатын негізгі материалдарды жазу
Тақтадағы сөздерді тексеру. (саз, тас, мрамор, смальта)
Смальта дегеніміз не? (Анықтама беру)
Смальталық мозаиканы Ресейде кім жандандырды?

Практикалық жұмыс
• Практикалық жұмыстың тақырыбын жариялау "Теңіз түбінде"
• Жұмысты орындау ретімен таныстыру. (Слайд көрсету)
Жиек салу тіктөрбұрыш
Балықтың бейнесі (біреуін салып қалғандарын көшіру)

Актуальды білім
1"PAINT" графикалық редакторындағы қандай құрал саймандарды қолданамыз?
Қарындаш
қисық сызық
элипс
өшіргіш
масштаб
бөлектеу

Қандай графикалық редактордың негізгі командаларын қолданамыз?
"Правка"-"копировать"
"правка"-"вставить"
"Рисунок"-"отразить"-"повернуть"
Түсті таңдау
құю
түсті таңдау
Мәзір жолы
Материалды бекіту
Өз беттерімен дәптерге мозаикалық сурет салудың ретін жазу
1 Қоршау
2 Балықты бейнелеу
3) Теңіз түбінде
4) Бөліктерге бөлу
5) Түстерді таңдау
(Сурет көрсету)
Қатесін түзету
Басқа оқушылардың жұмыстары туралы пікірлері. Мозаика салуда кездесетін қиындықтар.
Сұрақтар
Оқушылардың өз бетімен жұмысы
Инструктаж
Көзге жаттығу
Қорытынды
• Оқушылардың жұмыстарына есеп беру
• Жаңадан не білді?
• Неге жұмысты компьютерде, сосын материалмен орындау қолайлы?
• Жұмысты көру
• Баға қою
• Келесі сабақтың тақырыбын жариялау
7 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×