Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютердің сыртқы құрылғылары. Монитор. Пернетақта

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары.
Монитор. Пернетақта.

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Компьютердің негізгі, қосымша құрылғыларымен, олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру. Оқушылардың жаңа типті арнаулы компьютерде жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютерге ұқыптылықпен қарауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Баяндау, көрсету, практикум
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Экранда 12 кесте түрінде берілген сұрақ жасырылған. Әр оқушының таңдауына байланысты сұрақтар ашылады. Жауап берген балаларға үй тапсырмасы жетон беру арқылы бағаланады. Компьютердің түрлеріне сипаттама беру.
Ребус шешу. Жасырылған сөз: «Монитор»
«Монитор» сөзі арқылы бүгінгі өтетін сабағымды хабарлаймын.
- Сонымен, балалар, біз өткен сабақтарда ақпарат туралы, компьютердің жалпы құрылысы, ішкі
құрылғылары туралы мәлімет алдық. Енді бүгінгі сабағымызда біз компьютердің сыртқы құрылғыларымен танысамыз. Соның ішінде негізгі құрылғылары болып келетін монитор мен пернетақтаға тоқталамыз.

- Компьютер дегеніміз бір ғана аспап емес, ол бірнеше өзара байланысқан құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың ең маңыздысы, яғни негізгі құрылғылары: монитор, жүйелік блок, пернетақта. Өйткені олар болмаса компьютеріміз жұмыс жасамайды.
Қосымша құрылғыларға мыналар жатады: енгізу құрылғылары: тышқан, джойстик, өлшеу құралдары, сканер, сандық фотокамера, микрофон, т. б.;
Шығару құрылғылары: принтер, графиксалушы, колонкалар, модем, т. б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің жүйелік блоктарына арнайы блоктар, порттар арқылы жалғанады.
Бұл құрылғылардың барлығы сыртқы құрылғылар деп аталады. Өйткені олардың барлығы жүйелік блокқа жалғанып тұрады. Ал жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар ішкі деп аталатынын біз білеміз.

Компьютердің сыртқы құрылғыларының бірі – монитор немесе дисплей. Бұл негізгі құрылғылардың бірі, сонымен қатар шығару құрылғысына жатады.
Дисплей – компьютердің экранына мәтіндік және графикалық ақпаратты шығарады.
Дисплей электронды - сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.

Мониторлар екі белгісі бойынша жіктеледі.
Бейнелеу түсі бойынша
Шығаратын ақпараты
1. Монохромды
(қара, ақ, градияциясы сұр)
Символдық
2. Түрлі - түсті
Графикалық
Монитордағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден немесе сұр нүктелерден тұрады. Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл, көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктеден тұрады. Тік және көлденең орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді.
Пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, яғни монитор да жақсы болады.
1982ж - CGA - 320x200
1984ж – EGA - 640x350
Қазіргі мониторлар VGA - 640x480
SVGA - 800x600, 1248x1024
Қазіргі мониторлардың басты бөлігі – электронды - сәулелік түтікше (ЭСТ) болып табылады.
ЭСТ іші люминоформен қапталған, тік төртбұрышты экраны бар, енсіз шыны цилиндр.
Бұл сәуле барлық пиксель торларының жолдарын рет - ретімен периодты түрде жүгіріп өтеді, осы кезде жарықтанған нүктелерге сәуле түседі де, көрінбейтін нүктелерде үзіледі. Экрандағы нүктелерге әрбір секунд сайын 50 - 60 рет жоғары жиілікпен сәуле өтіп отырады. Мұндай жиілікте адамның көзі жыпылықтағанын байқамайды, оған кескі болып көрінеді.

Соңғы кезде сұйық - кристалды матрица негізінде жасалған жұқа, жалпақ мониторлар көптеп қолданылуда.
Компьютер мониторы электромагнитті және ультрадыбыс сәуле шығарады. Сондықтан экранның алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды.

Пернетақта (клавиатура)- компьютерге әріптік – сандық ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Қазіргі пернетақталарда 101 немесе 105 перне болады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- символдық пернелер: алфавиттік - цифрлық және таңбалық пернелер;
- функционалдық немесе жетек пернелер (F1 - F12);
- арнайы операцияларды орындайтын пернелер: Enter, Esc, Tab. Ctrl, Alt;
- меңзерді басқару және редакциялау пернелері: Page Up, Page Down, Home, Insert, Delete;
- Cандық пернелер.
Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне. Бос орын - ең ұзын перне, символдарды бір бірінен ажырату үшін қолданылады.
немесе Backspace пернесі курсордың сол жағында тұрған символдарды өшіреді.
Shift пернесі – бұл бір мезгілге үлкен әріппен жазуға арналған перне.
Caps lock – бұл пернені бір басса, ары қарай үлкен әріппен жазылады.
Delete – курсордың оң жағындағы тұрған символдарды өшіреді.
Кейбір арнаулы пернелер қосымша қызметтер атқарады. Мысалы, Shift, Alt – пернетақтадан тілді ауыстырады.
Num Lock пернесі қосылып тұрғанда сандарды жазу мүмкіндігі болады. Ал егер сөніп тұрса, онда олар бағыттаушы батырмаға айналады.
Esc - бағдарламаны аяқтау, Операцияны болдырмау, кері қайту сияқты амалдарды орындайды;
Page Up, - бір бетке жоғары Page Down – бір бетке төмен,
F1 – анықтаманы шақыру.
Home – курсорды сөйлемнің басына апарады
End – курсорды сөйлемнің соңына апарады.
Tab - курсорлы бір позициядан екіншісіне ауыстырады.

Енді оқушылар осы алған білімімізді пысықтау үшін тапсырмалар орындаймыз:
СИН бағдарламасының компьютердің құрылысы тарауында берілген 1 тапсырманы орындаймыз:
Берілетін уақыт: 3 мин.
1 - тапсырма.
Болған оқушылар бағалау парағына компьютерден және қағазға берілген жетондар арқылы өз бағаларын қойып отырады. Тапсырманы бағалау жылдам және сауатты жаза білуіне қойылады.

- Ал енді екінші тапсырмаларың пернетақтамен жұмыс. Стандартты бағдарламадан WordPad
бағдарламасын ашып, берілген мәтінді теріп, оның түсін өзгертеміз, әдемілейміз. Берілетін уақыт – 5 мин.
Тапсырманы орындап болған оқушыларды бағалаймын. Жетонға байланысты бағалау парағын толтырамыз.

- 3 тапсырмаларың дәптермен жұмыс. Пернетақтаның жұмыс жасау мүмкіндіктерін жазып
отырамыз. Берілетін уақыт – 5мин.
Тапсырманы орындап болған соң әр балаға сұрақты қойып, жауаптарын тыңдау. Жетон тарату.

Бекіту: Компьютерге жазылған тест жұмысын орындату.
Қорытындылау:
Сонымен оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстық. Оның ішінде негізгі құрылғылары монитор мен пернетақтаның негізгі қызметтері мен мүмкіндіктерін ұғындық. Пернетақтамен жұмыс жасап, қолымызды жаттықтырдық.
Монитор қандай құрылғы екен?
Пернетақта бізге не үшін керек екен?
Олар болмаса компьютеріміз жұмыс жасай ма?

Үйге тапсырма: 2. 2 тақырыпты оқып шығу, қосымша мәліметтер жинау. Компьютердің зияны мен пайдасы жайлы шағын эссе жазып келу.
Бағалау: бағалау парағы арқылы бағалау және қосымша сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларды мадақтау.
63 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады. Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А.К
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Информатикадан тест сұрақтары (1 - тоқсан)
Информатикадан тест сұрақтары (1 - тоқсан)
Медиева Нургул Кашагановна Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы6 Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Презентация жасау
Презентация жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Қаман Күлмараш Болатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×