Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Word мәтіндік редакторында жалпылау сабағы

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында жалпылау сабағы
Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана білу
2. Microsoft Word - тан алған білімдерін практикада қолдана білу білігін дамыту.
3. Компьютерлік сауаттылық пен мәдениеттілікке, өз бетінше еңбек әрекетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиа проекторы, карточкалар
Программалық қамсыздандыру: Microsoft Word
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
1. оқушылармен сәлемдесу
2. оқушылардың зейінін сабаққа аудару
3. сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)
1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
1. Microsoft Word қандай редактор?
2. Бұл программаның қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
3. Мәтін деген не?
4. Мәтінге қандай әрекеттер жасауға болады?
5. Пішімдеу деген не?
6. Кесте деген не?

2. Компьютерде орындалатын 2 тапсырма (ол тапсырма компьютерге алдын ала енгізіліп қойылады) Бұл тапсырмалар біріншіден, оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын танытса, екіншіден, тақырып бойынша пішімдеу элементтерін қалай қолданғанын, компьютерлік сауаттылығын анықтайды.
(10 мин)

Тапсырма 1.
Көп нүктенің орнына мақал - мәтелдердің ұйқасын керекті сөздердің арасынан дәл тауып, қиып алу құралымен орналастыр.
1 - нұсқа
1. Білімнің... – бейнет,... – зейнет.
2.... айтпа,... айт.
3. Жердің сәні -..., ердің сәні -....
4.... – алтын қазына
Керекті сөздер: оқығаныңды, егін, білім, басы, кітап, соңы, тоқығаныңды.
Жауаптары:
1. Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
3. Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
4. Кітап – алтын қазына
2 - нұсқа
1.... білім жоқ,... күнің жоқ
2. көп... білмейді, көп... біледі.
3. тіліңмен..., біліммен....
4.... – білім бұлағы,... - өнер шырағы.
Керекті сөздер:, оқусыз, жүгірме, оқыған, білімсіз, оқу, білім, тоқыған, жүгір.
Жауаптары:
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
4. Оқу – білім бұлағы, білім - өнер шырағы

Тапсырма 2.
Жұмбақты шешіп, Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндігін, автофигураларды пайдаланып, шыққан жауабының суретін сал.
1 - нұсқа
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі
(Парта)
2 - нұсқа
Ағаштардың көркемі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау - өлкені,
Кәусар ауа жұтады.
(Шырша)

Екі тапсырманың бағасы бағалау парағына енгізіледі.

Ал енді оқушылар сендер білесіңдер компьютерді пайдаланушылар мен программисттердің ең негізгі әлсіз мүшесі - көру мүшесі болып табылады. Сондықтан қазір көзге арналған бірнеше жаттығуларды жасайық.
1. көздің қарау бағытын өзгерту: сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау;
2. басты кезекпен екі жаққа бұру;
3. саусақтарды жұдырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту;

3. Ал енді оқушылар осы Microsoft Word редакторындағы кесте дегеніміз не? Қатар деген не? Бағана деген не? Ал ондай болса, оқушылар қазір біз деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасаймыз. (оқушылар өз шамалары келетін тапсырмаларды алып орындайды.) (11 мин)
1 - деңгей

1 суреттегі кестені салып, сол кестені біріктіру және кейбір ұяшықтарын алып тастау арқылы 2 суретті алу керек. Өлшемдерін оқушылар өздері айтып, қалай тұрғызғандарын түсіндіреді.
2 - деңгей

1. 10х4 өлшемді кесте құрыңыз
2. Кестеге екі бағана қосыңыз
3. Кестеге 8 бен 9 - шы қатарлардың арасына қатар қосыңыз
4. Кестедегі бірінші қатарды біріктіріңіз
5. Оған «Сынып жайлы мағлұмат» - деген сөйлемді енгізіңіз
6. 2 - ші қатарға – «номер, аты - жөні, туған жылы, мекен - жайы, телефон, ұнайтын пәні» деген сөздерді енгізіңіз
7. Ең соңғы қатарды біріктіріп, сынып жетекшілісінің аты - жөнін теріңіз.
3 - деңгей.

Келесі сөзжұмбақты тұрғызып, шешімін табыңыз.
1. Ішінде сақтай алатын компьютердің ең негізгі құрылғысы
2. Дыбыс шығару құрылғысы
3. Компьютер экраны басқаша қалай аталады?
4. Негізгі бас меню...
5. Компьютерлердің бір - бірімен жалғайтын байланыс /орысша/
6. Пуск негізгі бас...
7. Кілемше үстінде еркін жылжитын қосымша құрылғы.
8. Баспаға шығару құрылғысы
9. Енгізу құрылғысы

5. Сергіту ойыны. Қай сөз артық? (2 мин)
4. Сабақты бекіту (5 мин)
Оқушылардан 2 нұсқада, 10 сұрақтан тұратын шағын тест жұмысы алынады.

Тест жұмысы
І - нұсқа
1. Microsoft Word дегеніміз не?
А) Windows – тың басқаруымен автономды ДК - де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі;
Б) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және қағазға басып шығаруға арналған Windows – тың қосымша мүмкіндіктері;
В) Windows – тың презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған программасы.

2. Word – ты қалай іске қосамыз?
А) Пуск - Microsoft Word;
Б) Программы – Стандартные - Microsoft Word;
В) Пуск – Программы - Microsoft Word.

3. Word - тағы саймандар тақтасы – бұл...
А)... басқа программалардағы секілді командалардың жиынтығы;
Б)... Word орындай алатын іс әрекеттердің тізімі;
В)... атқаратын қызметтеріне қарай топтастырылған батырмалар мен тізімдер жиыны.

4. Курсордың оң жағындағы символды қандай перне өшіреді?
А) Backspace;
Б) Delete;
В) Esc.

5. Қазақша (орысша) регистрден ағылшын регистріне былай көшуге болады:
А) Alt+Shift;
Б) Ctrl+Shift;
В) екі Shift пернелерін қатар басу жолымен.
6. Кесте дегеніміз не?
А) Қатар мен бағанада реттелген ақпарат
Ә) Қатарлар тізімі
Б) Бағаналар тізімі

7. Кесте құру үшін
А) Формат – Шекара және аймақтардың ішін бояу
Ә) Кесте құру - Кесте
Б) Кесте – Кесте қосу

8. Ұяшықтарды біріктіру
А) Ұяшықтарды ерекшелейміз және Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
Ә) Өңдеу – Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
Б) Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау

9. Ұяшықтарды бөлу
А) Ұяшықтарды бөлу командасын
Ә) Кесте – Жол қосу
Б) Курсорды ұяшық ішіне орналастырып, Кесте – Ұяшықтарды бөлу командасын орындаймыз.

10. Кестеге қатар қосу
А) Кесте – қатар қосу
Ә) Қою - сурет
Б) Кесте – Бағана қосу

ІІ - нұсқа
1. Белгілі бір фрагментті қалай ерекшелейміз?
А) тышқанның батырмасын екі рет шерту арқылы;
Б) Shift Enter;
В) тышқанның сол жақ батырмасын басып түрып, қозғалту арқылы.

2. Қай пернені басқанда курсор оң жаққа қарай 8 орынға жылжиды?
А) Tab;
Б) Enter;
В) Alt.

3. Мәтін жиегін қоршау, бетті қоршау, бояу әрекеттері қандай команданың көмегімен орындалады?
А) Формат – Шекаралар және бояу (Формат - Границы и заливки) командасының көмегімен;
Б) Сурет салу (Рисование) саймандар тақтасындағы Құю (Заливка) батырмасының көмегімен;
В) Формат – Фон командасының көмегімен.

4. Құжат беттерін нөмірлеу әрекеті қалай орындалады?
А) Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) командасые орындағанда пайда болған саймандар тақтасының көмегімен;
Б) Сыналап енгізу – Бет нөмірлері (Вставка – Номера страниц) командасын орындау арқылы;
В) Түр – Бет нөмірлері (Вид – Номера страниц) командасын орындау арқылы.

5. Мәтіннің форматтау әрекеттерін қолдануға болатын элементтерін атаңыз:
А) сөйлем, абзац, құжат;
Б) кесте, графикалық объектілер, мәтін;
В) әріп, сөз, сөйлем, абзац, құжат.

6. Мәтінді форматтау іс - әрекеттері қандай командалардың көмегімен орындалады?
А) Формат командасының төменгі сатылы командалары арқылы;
Б) Саймандар тақтасы батырмалары, жанама меню командалары арқылы;
В) Формат командасының төменгі сатылы командалары, Саймандар тақтасы батырмалары, жанама меню командалары арқылы.

7. Word мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналмаған?
А) Үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты сақтау үшін;
Б) Құжаттарды көбейту үшін;
В) Экономикалық есептеулерді орындау үшін.

8. Құжатты құруда қаріптің қандай өлшемі қолданылады?
А) маңызды емес;
Б) 12;
В) 14.

9. Кестенің негізгі элементі
А) кесте;
Ә) ұяшық;
Б) бағана.

10. Қандай батырманы басу арқылы қатар қосуға болады?
А) Enter
Ә) Shift
Б) Tab
6. Сабақты қорыту (1 мин)
7. Оқушыларды бағалау (2 мин)
8. Үй тапсырмасы: §7. 8. 90 - бет (2 мин)
12 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру
MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №23 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Есенова Диана Бахтияровна
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×