Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пернетақта

23 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып

Тақырыбы: Пернетақта.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: а) Топтық
Пайдаланылатын жаңа технология: Венн диаграммасы, АКТ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пернетақтаның атқаратын қызметімен толықтай таныстыру
А) Білімділік: Оқушыларға пернетақтаның әр бір батырмаларының міндетін түсіндіру
Б) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген ой - өрісін жоғары деңгейде дамыту
В) Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу
б) оқушыларды түгендеу;
в) Психологиялық дайындық /сынып болып қайталау/
Болашақтың ұрпағымыз білімді
Информатикадан алған ілімді
Өмірде пайдаланамыз тиімді.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Кейіннен қосылған 3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Пернелер бірнеші топқа бөлінеді:
1. Сиволдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізіг бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
2. Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,…., F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
3. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстіне бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған;
4. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзерді экранда қозғалуын басқаруға болады.
пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің режимиін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі.
немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.
Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір – бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.
<— немесе пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге пайдаланылады.
- пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса бас үлкен әріптер енгізіледі, ал тағы бір рет бассаң кіші әріптер енгізіледі.
пернесі. Бұл перне меңзерді оң жағында тұрған символды өшіреді. Сонымен қоса кейбір амалдарды орындау үшін Ctrl және Alt пернелерін пайдалануға болады, онда қазақ тілінен орыс тіліне ауыстырсаң осы екі пернені басып тұрып ауыстыруға болады.
Home - курсорды жолдың басына жылжыту
PgUp – курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру
PgDn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру.
Insert - мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді. Ctrl+Alt+Delete компьютерді өшіріп қайта қосу әрекетін орындайды.
Esc – кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Tab - мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.

Тапсырмалар:
Ақпараттық диктант
1..............- курсорды жолдың басына жылжыту
2. Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. пернесі пайдаланылады.
3............... енгізу пернесі.
4............... пернесі алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
5............... кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
6...............- курсорды жолдың басына жылжыту
Ребус шешіп көрейік
Информатика сөзі шығу керек.

Венн диаграммасы

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың пернетақтаның атқаратын қызметтері туралы түсініктерін пысықтау
Үйге тапсырма: Пернетақтаның суретін салу
Бағалау
8 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пернетақта
Пернетақта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмурзиева Ботакөз Сембай қызы
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Информатика мұхитына саяхат
Информатика мұхитына саяхат
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Пернетақта. Пернелер тобы
Пернетақта. Пернелер тобы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×