Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Word мәтіндік процессоры. Құжатпен жұмыс

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ДК де ұқыпты, таза, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: MS Word мәтіндік редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді, барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: ДК, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, т. б.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Топқа бөлу. Топ аттары: І топ – Информатика, ІІ топ – Компьютер.
Тапсырма: Топ аттарын қорғау.
Жарайды, оқушылар сіздердің айтып өткендеріңіздей Информатика ғылымының салаларымен таныстық. Кез келген пәндер сияқты информатика ғылымының әр түрлі пәндер жиынтығынан тұратынын білдік. Олай болса үй тапсырмасын қайталап жіберейік.

ІІІ. БІЛУ. Үй тапсырмасын тексеру:
І топқа: Құжатты сканерлеу.
ІІ топқа: Құжаттарды мәтіндік процессорға редакциялау.
Жақсы, өткен сабақта құжатты сканерлеп үйренген болатынбыз. Сканерлеу командаларын көрсете білдіңіздер, жарайсыңдар.
Енді осы информатика пәнін оқуда мектеп бағдарламасында біз компьютермен жұмыс жасауды үйреніп келеміз. 7 - сыныптан білетін электронды есептеуіш машиналарының бес буыннан тұратын қарқынды дамуының арқасында біз міне осындай, жаңа өздерің айтып өткендей ДК түрлерінің мүмкіндіктеріне ие болып отырмыз. Алғашқы үлкен бірнеше жүздеген шаршы метр жерді алатын алып құрылғылардың орнына «тасымал компьютерлер», яғни ноутбуктерге қолымыз жетіп отыр, ол жеңіл, ықшам, жұқа экранды, алып жүруге ыңғайлы ДК.
Бүгінгі үйренеріміз, яғни тақырыбымыз «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс». Топтарға жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер үлестіремін, оқып таныса отырып, өз ойларыңызды постерге түсіріп, араңыздан бір оқушы шығып қорғайды.

ТҮСІНУ.
Информатика тобына:
MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған MS Office құрамына кіретін бағдарлама. MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
- құжаттарды құру және теру,
- қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды пішімдеу,
- кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану,
- емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау,
- іскер хаттарды, келісім - шарттарды, есеп беру формаларын дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды қолдану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
- математикалық формулаларды енгізу күрделі,
- растрлық графикаларға арналмаған.

MS Word мәтіндік процессорын бірнеше әдіспен іске қосуға болады.
1. Іске қосу (Пуск) – Программалар – MS Office - MS Word командаларын орындау арқылы.
2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен.
3. MS Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
1. Файл – Шығу командаларын орындау.
2. Alt + F4 батырмалар комбинацияларын басу.
3. MS Word программасының тақырып жолындағы жабу батырмасымен.
MS Word терезесін жабу кезінде қүжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат терезе шығады. Осы сұхбат терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз. Ия, Жоқ, Болдырмау батырмаларының қажеттісін басамыз.

Компьютер тобына:
Жаңа құжат құру. MS Word терезесін ашқанда бос бет пайда болады. Сонымен қатар алдын ала сақталынған құжатпен жұмыс істеп отырып, жаңа құжат құру үшін Файл - Құру (Создать) командасын таңдаймыз.
Ашылған терезеден алдымен қосымша бетті, содан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.
Құжатты сақтау. Құжатты сақтау үшін Файл – Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдау немесе құрал саймандар қатарындағы Сақтау батырмасын шерту қажет. Құжатымызға ат беріп, Сақтау (Сохранить) батырмасын басамыз.

Мәтін енгізу. Құжатқа мәтін енгізу, немесе суретті, кестелерді және т. б. объектілерді енгізу үшін оларды орналастыратын жолға меңзерді орналастыру керек. Терілген мәтін жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді. Қатені жөндеу үшін келесі пернелерді қолдануға болады:
Baskspace - меңзердің сол жағындағы символды жояды.
Delete - меңзердің оң жағындағыны символы жояды.
Жұмыс барысында қате жіберілсе Болдырмау және Қайталау батырмаларын қолдануға болады.

Информатика тобына:
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеуге мыналар жатады:
- әр түрлі қаріптерді пайдалану,
- құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін анықтау,
- мәтінді бағандарға бөлу, т. б.
- батырмаларын қолданып қаріп түрін және өлшемін, жартылай қалың, курсивпен жазу, асты сызылған етіп пішімдеуге болады. Сол сияқты мәтінді туралау батырмаларымен сол жақ, орта, оң жақ және еніне туралауға болады.

Компьютер тобына:
Құжат беттерін нөмерлеу. Құжатты қағазға баспас бұрын, егер де ол бірнеше беттен тұратын болса, онда оны Кірістіру (Вставка) мәзіріндегі Беттің нөмерлері (Номера страниц) командасын қолданамыз.
Бағдарлау (Ориентация) өрісінде Кітаптық (Книжный) және Альбомдық (Альбомный) түрлерін таңдауға болады.
Колонтитулдарды орналастыру. Ол құжаттың әрбір бетінің жоғарғы немесе төменгі жағына басылатын мәтін немесе сурет. Ол үшін: Түр (Вид) мәзіріндегі Колонтитулдар командасын таңдау керек.

ҚОЛДАНУ. ДК мен жұмыс. MS Word редакторын іске қосып мәтін теру, пішімдеулер жүргізу. Үлестірмелі карточкаларамен деңгейлік тапсырмалар беріледі.

ТАЛДАУ. Тақырыпқа байланысты сұрақ.
Сонымен оқушылар біздер MS Word мәтіндік редакторымен таныстық, онымен жұмыс жасауды үйрендік. Мына сұраққа жауап беріңіздерші:
MS Word мәтіндік редакторы не үшін қажет, қандай қасиеттерімен маңызды?

ЖИНАҚТАУ. Екі топ орындарына орналасады. Сабақта не үйренді, нені білгендері туралы 5 минуттық Эссе жазу.

Сергіту сәті.
БАҒАЛАУ. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы (рефлексия) өз ойларын айтады. Бағалау парағындағы ұпай сандарын қосып, әр оқушының жинаған ұпайларының қорытындысын шығарады. Содан соң мұғалім бағалайды.

Үйге тапсырма: СТИЛЬДЕР, СТИЛЬДЕРДІ ӨЗГЕРТУ, ЖАҢА СТИЛЬ ҚҰРУ тақырыбына дайындалып келу.
10 109
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу
Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдыллаева Зауре Жанабаевна
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×