Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анимация, мультимедиа

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа.

Мақсаты: 1. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу.
2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ
Microsoft Power Point программасында әртүрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац, түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диагрммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету - Анимация қосу(Показ слайда - Настройка анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу(Показ слайда) сұқбат терезесі ашылады(3. 1 - сурет). Бұл сұқбат терезеде слайдтың әрбір элементіне уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгету немесе басқа эффект беру әрекеттерін орындай аламыз. Сұқбат терезенің Уақыт(Время) ішкі бетіне көшеміз де, Анимациясы жоқ объектілер(Объекты без анимации) тобындағы қажетті элементті белгілеп, Қосу(Включть) батырмасын шертеміз. Слайдтың барлық элементтеріне анимация қосу үшін, лоардың әрқайсысынCTRL пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке - жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз.

Осы әрекет орындалған кейін, анимация қосу әрекеті таңдалған элементтердің тізіміАнимациялар тізімі(Порядок анимации) өрісінде көрінеді. Бұл өрістің оң жағындағы батырма слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту мүмкіндігін береді. Ретін өзгертуге қажетті элементті тышқанды шерту арқылы белгілеп аламыз да, жоғарғы жағындағы батырманы шертетін болсақ, слайдты көрсету кезінде алдымен екінші элемент одан кейін бірінші элемент пайда болады. Бұл өрістің оң жағында сдайдтың үлгісі орналасқан, Көру(Просмотр) батырмасын шерту арқылы эффектілерді қадағалап отыра аламыз. Уақыт(Время) астарлы бетінде элементтердің пайда болу уақытын көрсету мүмкіндігі бар. Анимациялар реті(Порядок анимации) өрісінде қажетті элементті таңдап алып, тышқанның шертуімен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болуы керектігін белгілей аламыз.

Microsoft Power Point программасында дайндалған презентацияны
көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Бірқатар дыбыстар(мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау т. с. с.) Анимациялар эффектілер(Эффекты анимации) саймандар тақтасынан іске қосылады. Бұдан басқа коолекцияда көптеген музыкалар мен бейнеклиптер бар. Осы коллекцияны қолдану үшін, Енгізу - Кино және дыбыстар(Вставка - Кино и звуки) меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз.

Ішкі командалары: Коллекцядағы кино(Кино из коллекции), Файлға
сақталған кино(Кино из файла), Коллекцядағы дыбыс(Звук из коллекции), Файлға сақталған дыбыс(Звук из файла), Компакт дискідегі жазба(Запись из компакт диска), Дыбыс жазу(Записать звук). Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне(Видео) немесе Дыбыс(Звук) ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу(Вставить) батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.

Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне - клипті көрсету режимінде белгілі бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады. Үнсіз келісім бойынша, слайдты көрсету режимінде енгізілген киноны немесе дыбысты тыңдау үшін, оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Ал, тыңдау тәсілін өзгерту үшін слайд режимінде музыкалық клиптің немесе дыбыстың шарт белгісін ерекшелеп алған соң, Анимация қосу(Настройка анимации ) командасын орындаймыз. Осы кезде, Анимация қосу(Настройка анимации ) сұқбат терезесінің Таңдау параметрлері(Параметры воспроизведения) ішкі беті ашылады(3. 4 - сурет).

Қажетті өрістерді белгілеп, Параметрбатырмасын шертеміз. Қосымша параметрлер (Дополнительные параметры) сұқбат терезесі ашылады(3. 5 - сурет). Бұл сұқбат терезеде музыканы үздіксіз ойнату, аяқталған соң басынан бсатап қою мүмкіндігі бар. Үздіксіз тыңдау(Непрерывное воспроизведение), Аяқталған соң басынан бастап қою(После окончания установить на начало) тиісті өрістің қанат белгісін көрсетіп қоямыз.

Дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында объект түрінде енгізіледі. Дыбыс немесе бейнеклиптерді әмбебап ойнауыштың(универсальный проигрыватель) объектісі ретінде тыңдау үшін Енгізу - ОбъектВставка - Объект) командасын орындаймыз да, Мультимедиа клипі(Клип мультимедиа) қатарында тышқанды шертеміз(3. 6 - сурет). Бұл кезде дыбысты немесе бейнеклипті тыңдау Windows жүйесімен бірге орнатылған әмбебап ойнауыш көмегімен жүзеге асады. Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және компакт - дискілер мен бейнедискілер сияқты құрылғылардан тыңдау мүмкіндігін береді.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту сұрақтары
1. Анимациялық эффектілер деген не?
2. Анимациялық эффектілерді қосу әрекетін қалай орындауға болады?
3. Мәтін элементтеріне(әріп, сөз, сөйлем, абзац) анимациялық эффектілер қосуға бола ма?
4. Графикалық объектілер мен диаграмма элементтеріне эффектілер қалай қосылады?

ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін ашу.
35 170
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуын, мәтін енгізу слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындатып үйрету. Презентацияны безендіру тәсілдерін үйрену. Оқушылардың PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істе дағдысын қалыптастыру,
Желілік этикет
Желілік этикет
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Презентация және Power Point
Презентация және Power Point
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
Сабақтың мақсаты: А) PowerPoint презентациясында жаңа құжат құру, оның негізгі элементтерін түсіндіру, презентацияға мәтін, сурет кірістіру, оларға анимация жасау кезеңдерін үйрету.
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×