Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім гранты 2023-2024 жыл толық тізім

08 тамыз 2023, Сейсенбі
Категориясы: Жаңалықтар
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, ҚР Жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Атап өтсек, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдары бойынша Атырау облысына – 1500, Маңғыстау облысына – 1500, Ұлытау облысына – 300, Жетісу облысына – 300, Абай облысына – 500, Шымкент қаласына – 400, Түркістан облысына – 500 грант берілді.

Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс «Стоматология» БББТ бойынша болды. Бұл мамандық бойынша 22 талапкер бір орынға таласты. Ары қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (14 адам), Құқық (11 адам), «Музыка мұғалімдерін даярлау», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» және «Психология» (10 адамнан) болды.

 Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 20 мыңға жуық талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Сондай-ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Білім гранттар тізімі 2023 жыл, жүктеп алу

Білім гранттар тізімі 2023 жыл, жүктеп алу екінші сілтеме​​​
1 143
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы
2023 - 2024 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу - тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат
2022-2023 оқу жылының білім гранттарының толық тізімі жарияланды
2022-2023 оқу жылының білім гранттарының толық тізімі жарияланды
Ата-аналар мен жас талапкерлер асыға күтіп отырған жаңалық - бүгін 2022-2023 жылғы білім гранттарының тізімі жария болды. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі анықталды. Біздің сайттан жүктеп алуға болады. Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі белгілі болды! Кіріңіздер, көшіріп алып өз фамилияңызды қарасаңыз болады. Барлық түлектерге тек сәттілік тілейміз! 2015-2016 оқу жылына 32 168 грант бөлінді. Гранттың 500-і жоғары оқу
2014-2015 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі
2014-2015 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі
Міне, көптеген оқушылардың, олардың ата-аналары күткен күн де келіп жетті. 2014-2015 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі шығып отыр. Бұл тізімнен өз аты жөніңізді таппасаңыз, еш уайымдамай ертең шығатын "Егемен Қазақстан", "Казахстанская
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері Құрметті талапкер! Сіздерге 2011 жылғы білім гранттарының нәтижелерін ұсынып отырмыз. Тізім толық емес. Сондықтан тізімнен өз аты-жөніңізді таппасаңыздар, абыржымаңыздар. Толық тізім газет бетіне шығады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×