Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі жазушының тіл шеберлігі, әңгіменің көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу
Дамытушылық: Ойларын нақты дәл жеткізе білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, ата-мекеніне сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, проблемалық сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: әдеби - көркем шығармалар жинағы, кеспе қағаздар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, жалпы дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қ. Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады». Әңгіменің мазмұнын меңгеріп келу.
А) І слайд. Жазушы туралы не білетіндіктерін айқындау мақсатында «Жазушы туралы мәліметті» толықтыру.

Туған жылы (1936)
Туған жері (Шығыс Түркістан Қытай Халық Республикасы)
Бітірген оқу орны (Қазақ Мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультеті)
Шығармалары («Соңғы көш», «Тағдыр», «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы)
Қ. Жұмаділов туралы зерттеу еңбек жазған жазушы (Әкім Тарази)

Ә) ІІ слайд. Әңгіме мазмұнын ашу, тақырыбы, идеясын ұғыну сұрақтары:
1. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?
2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?
3. Қарттың жол азығы қандай?
4. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?
5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан қалай құтылды?
6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?
7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не?
8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?
9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады?
10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?
11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген?
12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
12. Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады?» деп аталады?
13. Қарттың қырық жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың қандай?

III слайд. Әңгіме құрылысына талдау жасау:
Басталуы – Жалғыз жортқан жолаушы, жолда көрген қиыншылықтар
Байланысы – Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере Төлеутай
Оқиғаның дамуы – Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет
Шарықтау шегі – Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр
Шешімі – Тұмардағы бір уыс қиыршық тастың туған жер топырағына түсуі
Идеясы – Отан оттан да ыстық.

ІҮ слайд. Үй тапсырмасын қорыту: (Байтас қарт, жазушы, қаздар арасындағы байланысты айқындай отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу)

Қаздар
Байтас қарт Жазушы
Ү. Мәтінді талдау. Балалар, жазушы Әкім Тарази Қабдеш аға туралы «Қабдеш тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан - тәнімен нәзік сезінетін жазушы» деген болатын.
Сондықтан әңгімедегі ерекше орын алып, сезімге әсер ететін табиғат көрінісі жазушы тілімен:
а) Ү слайд. Тау, өзен, таңның атқан көрінісі қалай суреттелгеніне назар аудар. Сөйлемдер құрылымын байқа және кестені толтыр:
Көріністер -----------------------әңгімеден мысалдар
1. Тау көрінісі
2. Өзен көрінісі
3. Таңның көрінісі

ә) ҮІ слаид. Төмендегі сөздерге өз сөзіңмен түсінік бер:
Титығы құру –
Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны –
Көзі шырадай жану –
Қан қақсау –
Бармағын шайнау –
Тілі аузына сыймау –
Жігері құм болу –
Ет жүрегі езілу –
Қайырымы тию –
Тырнағын жібіту –
Жыртылып айрылады –
Өзегі тала қоймаған –

б) ҮІІІ слайд. Бейнелі сөз тіркестерін ізде және нені бейнелейтінін жаз:

Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?
1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.
2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Жаз өтіп, күз келгені
3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.
4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.
5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.
6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.
7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.
8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.
9. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды.

ҮІ. Қорыту: ІХ слайд. Тағдыр талайымен жер шарының түкпір - түкпірінде, атап айтқанда, 55 елінде біздің қандастарымыздың жүргендігін «Көші - қон демографиясы» зерттеген екен.
Қандастар
АҚШ - та 14 000
Украинада 15 000
Түркияда 25 000
Тәжікстанда 10 000
Иранда 12 000
Өзбекстанда 1550 000
Моңғолияда 100 000
Ресейде740 000
Қырғызстанда 45 000
Қытайда 1 500 000

Балалар, «Өз елің – алтын бесігің» демекші, қанша жыл өтсе де елі мен жеріне деген сағынышын жүрек түкпіріне сақтап, қайтсе де елге оралуды аңсаған қандастарымыз елге оралуда. Мұртаза Бұлытай, Шұғыла Сапарғалиқызы, Майра Мұхаметқызы сынды азаматтарымыз қазіргі таңда бойындағы бар күш - жігерлерін туған елді көркейтуге жұмсауда.
Ендеше, балалар, туған жерге сүйіспеншілігімізді білдіру мақсатында сабағымызды Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытайық.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.«Кіндік қаным тамған елім» – ой толғау жазып келу.
2. Жазушы туралы іздену.
3. Жазушының «Соңғы көш» романын оқу.
58 028
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы
Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі
Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі
«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оңалбаева Тұрғанай
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×