Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық спорт түрлері

21 ақпан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт түрлері

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ұлттық ойындарға байланысты ұғымдарын тереңдетіп, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру;
Сөз тіркестерін, сөйлем, шағын мәтіндер құрастыруға машықтандыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
Қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын ояту, салт - дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ұлттық ойындар туралы слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа дайындық
1. Бүгін нешесі?
2. аптаның қай күні?
3. Бүгін ауа - райы қандай?
4. Айналада қандай өзгерістер бар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар слайдтағы жасырын тұрған шағын мәтіндердің тақырыптарын ашып, әңгімелейді.
1. Менің сүйікті спортшым
2. Салауатты өмір салты
3. Футбол
4. Менің спортшы досым
ІІІ. Жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыру. (Интерактивті тақтамен жұмыс)

1. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңдар:
Мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу ______________________________
Мимен ойлану, қарсыласына мат қою ______________________________
Суда жүзу, мәреге жүзіп жету ______________________________
Доп тебу, қақпаға гол соғу ______________________________
Допты қолмен ойнау, торға доп салу _______________________________
Жүгіру, мәреге жүгіріп жету _______________________________
Былғары қолғаппен ұру, қарсыласын нокаут ету _______________________
Допты қолмен секіріп ұру, допты тордан асыру _______________________
Шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету _______________________

Керекті сөздер: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, бокс, шахмат, суда жүзу, марафон, шаңғы спорты

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту: «Ұлттық спорт түрлері»
А) Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді:
1. Адамдар спортпен неліктен шұғылданады?
2. Спорттың қандай түрлеріне арнайы дайындық керек?
3. Қазіргі жастарға спорттың қандай түрі ұнайды?
4. Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері қандай?
5. Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орынға ие болған отандық спортшыларды білесің бе?
6. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері жайлы не білесің?
Б) Слайдтағы қазақтың ұлттық ойындары бойынша әңгімелесу.
Аударыспақ, қыз қуу, тоғызқұмалақ, көкпар, теңге алу

В) Мәтінмен жұмыс
1. Сөздік жұмысы. Сөздерді оқып, аудару. Жаңа сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
қайрат - сила, мощь
Иемдену - присвоить
Мәре - финиш
Жиналған қауым - собравшиеся люди

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудару
Көкпар
Көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, күшін көрсетуіне мүмкіндік бар. Ойынды кез келген жастағы адамдар ойнай алады, сондықтан көкпардың бұл түрі жаппай тарту деп аталады. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады. Сайысты жиналған қауым тамашалайды.
Дода тартуда тәртіп сақталмайды. Үлкен жікке бөлінген топтар тұтас сайысады. Бұрын мұндай тартуға көбіне аталас ауылдар, руларымен түскен. Осындай жағдайда көкпар кімнің қолына түссе, сонда қалады.
Айналма көкпар - серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастау, мәре көкпар екі шеттен мәре жер белгілеп, серкені әр жақ өз мәресіне апаруға таласады.

3. Мына сөздерді септе: көкпар, мәре, сайыс
Ү. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру.
1. Мәтін бойынша диалог құрастыру (жұптық жұмыс)
2. Берілген тірек сызба бойынша көкпардың түрлеріне сипаттама беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 574
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойындар
Ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
Спорт және ойындар
Спорт және ойындар
Cпортты сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайта Ұлыбританиядағы спорт ойындар туралы сөйлеуге үйрету.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Н. Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×