Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің досым 5 сынып

24 ақпан 2014, Дүйсенбі
Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің досым. V модуль.
Сабақ мақсаты: 1) Модуль бойынша алған білімдерін бақылау; 2) Қисынды ойлау дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем, дағдыларын дамыту; 3) Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, топтық жарыс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық: шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздерімен бір - біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жаттап келу. «Орамал тастау» ұлттық ойыны арқылы бір оқушы мақалдың басын бастап, екіншісі жалғастырады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері айтылады.
Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлініп өз білімдерін сынап көреді. Алдымен, топтардың атын белгілейік. Ол үшін екі топтан бір оқушыдан шығып, үстелдегі қағаздарды алады. Онда топтардың атаулары жазылған. «Достық», «Сәттілік»
Топтардың атауы анықталған соң топ басшылары сайланады.
1. «Мақал – сөздің көркі» «Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жарысы. Кеспе қағаздарда жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Адам досымен....
Жолдасы көптің -....
Татулық -....
Досы жоқ адам -....

2. «Сөздер тізбегі» Сөздің соңғы дыбысына байланысты жаңа сөз айту. Мысалы: сабақ, қасқыр, т.б. «Достық» тобына «Адам», «Сәттілік» тобына «Дос» сөзі берілді. Әрі қарай оқушылар өздері жалғастырып әкетеді. Ең көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді, әр сөзге бір ұпайдан беріледі.

3. «Аудармашы» жарысы.. Орысша жазылған сөздері бар кеспелер беріледі. Әр топ ойыншысы бір - бір сөзден аударып келесі оқушыға береді. Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңеді. Дұрыс аударылған әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі. (Модуль бойынша өткен сөздікті тексеру)
«Достық»
1. Моя подруга
2. Добрый
3. Рост
4. Младший
5. Рост
6. Хобби
7. Красивый

«Сәттілік»
1. Мой друг
2. Волосы
3. Характер
4. Глаз
5. Заболтивый
6. Высокий
7. Советоваться

4. «Кімнің күні жарқырайды?» Топ басшылары сайысы. Әр топтың басшылары шығып, өзінің досына сипаттама береді. Әр дұрыс құрылған сөйлем бойынша тақтада күн және оның шуақтары жасалады. Әрбір күншуаққа 1 ұпай беріледі. Кімнің күншуағы және ұпай саны көп болса, сол жеңеді.
Сергіту. «Қаражорға» биінің элементтері бойынша жаттығу жасалады.
5. Грамматикадан алған білімдерін тексеру. Көптік жалғау. Тақтаға көптік жалғау түрлерін дұрыс және тез жазу.

IV. Бекіту: «Фоторобот жасау» жағдаяттық ойыны арқылы досын суреттеуге байланысты меңгерген сөздік қорды тексеру.
Шарты: Екі топтан екі оқушы шығып, полиция бөліміне келеді. Оқушылардың бірі өздерінің жоғалған досы немесе туыстарын іздестіру туралы өтініштерін айтады, ал екіншісі сол суреттеме бойынша фоторобот жасайды.
«Достық» Мен сіңлімді іздеймін. Ол 4 - сыныпта оқиды. Оның бойы қысқа, шашы ұзын. Көзі қара. Киімі: ақ жейде, қара юбка, аяғында қара туфлиі бар.
«Сәттілік» Мен досымды іздеп жүрмін. Ол 11 жаста, 5 - сыныпта оқиды. Оның бойы ұзын, шашы қысқа. Киімдері: үстінде көк күртеше, қара джинсі шалбар, аяғында ақ кроссовкиі бар.
VI. Қорыту
VII. Үйге тапсырма:
VIII. Бағалау
11 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып
2019 - 2020 оқу жылына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар. Қазақ тілі 1 сынып.
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы алған білімдерін тереңдету.
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты сандардан алынған түбірлер мен оның қасиеттері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, есептеу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Туған жерім
Туған жерім
Павлодар қаласы, № 26 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абылхаирова Ғалима Темірболатқызы
Рационал теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Рационал теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №53 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Утенова Гулнар
«Менің достарым» тақырыбына тест жұмысы
«Менің достарым» тақырыбына тест жұмысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×