Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы өмірі және әңгімесін қорытындылау, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білім дағдыларын бағалау;
Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылық жұмыстар арқылы таным - түсініктерін дамыту;
Танымдық: Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын арттыру, оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.
Көрнекілік: тірек сызбалар.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы, жобалау технологиясы. (Қ. Бітібаева) түртіп алу технологиясы.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу; ә) кезекші есебі; б) мақсат;
ІІ. Психологиялық дайындық
Сабақтың ұраны: «Еңбек етсең ерінбей, бес аласың күлімдей»
IV. 1. Басты кейіпкерге хат.
2. Аңшылық тақырыбына шығарма. Шығармашылық саты
ІІІ. 1. Концептуалдық кесте
2. Семантикалық карта
3. Түсініктеме күнделігі Эвристикалық саты
ІІ. 1. Кейіпкерлерді топтастыру
2. Әңгіменің композициялық құрылымы Алгоритмдік саты
І. 1. Сәбит өмірі, шығармашылығы
2. Ш. Айтматовтың сөзі
3. Саятшы Ораз әңгімесі туралы сұрақтар Оқушы деңгейі
І. Оқушы деңгейі
1. Сәбит Мұқанов кім?
2. Қай жылы дүниеге келген?
3. Туған жері қай жер?
4. Жазушының тағдыры қандай болған?
5. Шыңғыс Айтматов не деген?
6. Қандай романдары бар?
7. «Саятшы Ораз» әңгімесінің тақырыбы?
8. Әңгімеден өз бойымызға қандай жақсы қасиеттер аламыз?

ІІ. Алгоритмдік саты
1. Кейіпкерлерді топтастыру
Ораз

аңшы
саятшы (саят құруды кәсіп етуші, саят тор құс ұстайтын)
халық қамқоры, ойыншы, қалжыңшыл, әзілқой, жайдары мінезді

Мұқа

Кедей, жалшылықта жүрген, сырқат адам, қайырымды, мейірімді
Сүлеймен

орта дәулетті
сараң (тар пейілді, іші тар, дым бермейтін адам )
қайырымсыз, қатыгез
2. Әңгіменің композициялық құрылымы
1. Оқиғаның басталуы:
Мұқанның сырқаттанып, еңбекке жарамай, ұзатқан қызы Зәуренің аулына көшіп келуі.
2. Оқиғаның дамуы:
Мұқан отбасының саятшы Оразбен танысуы. Мұқан үйінің күйеу баласының қасынан емес, Ораз үйінің қасынан салынуы.
3. Оқиғаның байланысы:
Екі отбасының достасып, араласуы.
4. Оқиғаның шиеленісуі:
Ораздың мергеншілдігі, аң аулауы. (тұрымтай - қаршығаға ұқсас жыртқыш құс)
5. Оқиғаның шарықтау шегі:
Ораздың Мұқанға айтқан сөзі.
6. Оқиғаның шешімі:
Ораздың аурулы Мұқанның көңіліне аулап, әңгіме соғуы, бар әңгімесінің аңшылық туралы болуы.
7. Қорытынды: «Бірлік бар жерде, тірлік болады»
«Ынтымақ түбі – бірлік»
«Ағайын тату болса ас көп»
«Ынтымақ істі бітірер»

ІІІ. Сергіту сәті. Мәтіндегі Ораз аулайтын аң - құстарды атаймын. Егер де құс болса, қолымызды көкке көтереміз, ұшамыз. Аң болса, жерге отырып тұрамыз. Күзең, тұрымтай, қоян, түлкі, бозторғай, бүркіт, қасқыр, тышқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан - жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Оқушыларға С. Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру;
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін аша алулары тиіс. Саятшының аңшылығы, адамгершілігі, мейірімділігі мәтіннен тауып оқуы тиіс
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Cәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×