Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөзмерген сайысы

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Сыныбы: 7 - 10 сыныптар
Тақырыбы: «Сөзмерген» сайысы
Мақсаты:
1. Жас ұрпақты ана тілінің қадір - қасиетін ұғына білуіне жол ашу;
2. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;
3. Отан ды туған тілін, дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: слайд
Барысы:
Ұйымдастыру.
Кеш жарық қадірменді тіл жанашырлары! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Сөзмерген» сайысына қош келіпсіздер!
- Тілім менің!
Осы тілде шежірем, жырым менің,
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі -
Тағдырыммен тамырлас, мұңым менің.
Тілім менің!
Жауға айбарым, ұраным, туым менің.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз
І. Мықты болсаң тауып көр.
Тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын ашу.
Сөз

Қарасу
Жарасу
Санасу
Тарасу
(сөз сөзі жарасты)

Ашпау

Ауыз
Көз
Мұрын
Құлақ
(ауыз ашпады)

Мұздау

Бүйрек
Жүрек
Бауыр
Өкпе
(жүрегі мұздады)

Аспан

Санасқан
Жарасқан
Таласқан
Қарасқан
(аспанмен таласқан)

Көз

Суық
Жылы
Ыстық
Салқын
(көзге ыстық)

Қанат

Тағу
Бағу
Қағу
Табу
(қанат қақты)

Ұзын

Қол
Аяқ
Жіп
Таяқ
(қолы ұзын)

Қақпақ

Толу
Тою
Болу
Қою
(қақпақ болу)

Құрақ

Ұшу
Қону
Жану
Салу
(құрақ ұшу)

ІІ Жүйрік болсаң озып көр. Сөздерді тіркестіріп мақал – мәтел құрау
Тер

Бидай
Дән
Астық
Арпа
(Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар)

Ысқырық

Ешкі
Лақ
Қой
Жылқы
(Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады)

Қорқақ

Көз
Ауыз
Сөз
Тіл
(Көз қорқақ, қол батыр)

Апа
Ата
Аға жаға Ағасы бардың жағасы бар
Қарындас Інісі бардың тынысы бар

Жарақ
Қару
Құрал
Сауыт
тіл - (Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой)

Жау
Адал
Қас
Арам
дос - (Адал дос алтыннан да қымбат).
Баулу
Үйрету
Баптау
Тәрбиелеу
Ана - (Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті)

ІІІ. Тапқыр болсаң шешіп көр. Жұмбақ шешу
1. Кесеуім басы ақ күміс (тырнақ)
2. Бұлбұлдың екі құлақ бір басы бар,
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын әртүрлі жорғасы бар. (домбыра)
3. Қаудыр - қаудыр жарғағым, қартайғанша тозбайды. (құлақ)
4. Ақылы бар, басы жоқ,
Ауызы бар, денесі жоқ.
Қолы бар, аяғы жоқ (қақпан)

ІҮ. Ойлы болсаң озып көр. Көнерген сөздердің мағынасын ашу.
Тағам
Құрал
Кәсіп
қағұт - (Тарыдан жасалынатын тағам түрі)

Тігін құралы
Шаңырақ бөлігі
Арба бөлігі
күпшек - (Арба дөңгелегіндегі кішкене тесіктері бар ортан бөлігі)
Тағам
Ұста құралы
Еңбек құралы
тесе - (Кетпеннің кішкене түрі)
Сөз мергеннің жүлдесін анықтау
Қорытындылау
6 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
«Сөзмерген» сайыс сабақ
«Сөзмерген» сайыс сабақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Сөз мерген сайысы
Сөз мерген сайысы
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумалиева Дарига Исенгельдовна
Сөзмерген (Тіл  сайысы)
Сөзмерген (Тіл сайысы)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал
Сөзмерген танымдық ойыны
Сөзмерген танымдық ойыны
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай аулы, Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×