Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөзмерген (Тіл сайысы)

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сөзмерген (Тіл сайысы)
Сайыстың мақсаты: а) Оқушыларды мемлекеттік тілімізді сүюге, тіл мәртебесін биік ұстауға, ұлтымыздың салт – дәстүрінің, тілінің ерекшелігін сезініп құрметтей білуге үйрету.
ә) Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында көркем тілмен еркін сөйлеуге баулу.
б) Шапшаңдыққа, ұтқыр жауап беруге, сенімділікке, батылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс, білімді тексеру
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта
Жүру барысы:
Сайыстың шарты: Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
І кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Берілген сөздерден тұрақты тіркес құрастырып, мағынасын ашу. Тапсырма саны - 9. Бірінші белгі берген ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауап - 10 ұпаймен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса, екінші ойыншы жауап беруге болады.
1. Қарға
Қарлығаш
Құр
қаз жорғалау
2. Сүт
Су
Айран
көже жүрек
3. Бет
Жақ
Көз
бас қақпау
4. Ауыз
Бас
Аяқ
қол қату
5. Жылқы
Ат
Тай
бие таңба басу
6. Аяқ
Қол
Бас
кеуде ашық
7. Шайтан
Құйын
Періште
жын құлағына шалынсын
8. Ағаш
Қағаз
Мата
тас бауыр
9. Жылы
Салқын
Суық
ыстық шырай

ІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» бөлімінде берілген сөздерден мақал - мәтел құрастыру. Тапсырма саны – 7. Әр дұрыс жауап ойыншыға 10 ұпай әкеледі.
1. Ел
Жер
Отан
халық от
2. Көп
Аз
Мол
үлкен көл
3. Қасқыр
Қоян
Түлкі
аю қамыс
4. Жақсы
Керемет
Күшті
ғажап үйрен
5. Апа
Қарындас
Ата
аға жаға
6. Боран
Аяз
Қар
қырау құмырсқа
7. Дос
Жолдас
Құрбы
сырлас алмайды

ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр» бұл бөлімде көнерген сөздерге байланысты 3 тапсырма беріледі. Ойыншы көнерген сөздің қандай затқа қатысты екенін табуы керек.
1. Тон
Көйлек
Шалбар
етік қаптама
2. Тырма
Айыр
Қамшы
шоқпар шыбыртқы
3. Егіншілік
Мал шаруашылығы
Балықшылық
Қолөнер сірге
Сірге – төлдерді суалту үшін ағаштан жасап басына кигізіп қоятын зат.
Жеңімпаз ойыншыны ортаға шақырып, сөзмергеннің қорына алып келген көне сөзімен танысу. Марапаттау.

Қорытынды. Ақын көзі жұмылмас
Жырдың көзі жұмылмай.
Елдің туы жығылмас.
Тілдің туы жығылмай, - деп Қадыр Мырза - Әли ақынымыз айтқандай Еліміздің еңсесі биік, тіліміздің тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.
7 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Әрі оқу, әрі ойын» сайысы
«Әрі оқу, әрі ойын» сайысы
Павлодар қаласы, №26 ЖОМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Сөз мерген сайысы
Сөз мерген сайысы
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумалиева Дарига Исенгельдовна
Сөзмерген сайысы
Сөзмерген сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тоғасбаева Қаламқас Қалибекқызы
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×