Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің шақтарын қайталау

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу. Адами құндылықтарды бойларына сіңірту.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық әдіс, ой толғау
Сабақтың жабдықталуы: Тірек - сызба, кесте, кеспе қағаздар, интерактив. тақта, электронды оқулық
Сабақтың бөлімдері: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Білемін бөлімі 3. Білгім келеді бөлімі 4. Білдім бөлімі

1. Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
2. Білемін бөлімі
2. 1 Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгін біз етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.
Біліміңді байқап көр
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не?
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6. Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
7. Келер шақ деген не?
8. Келер шақтың қандай түрі бар?
9. Келер шақ қалай жасалады?
10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?
3. Білгім келеді
3. 1 Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтық мағыналарын ажырату, шақ түрлеріне талдау жасау, жасалу жолын түсіндіру.
Күз тобы: 139 - жаттығу Қыс тобы: 141 - жаттығу Көктем тобы: 142 - жаттығу Жаз тобы: 143 - жаттығу
3. 2 Қай топ жылдам?
Е көмекші етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап айтыңдар.
3. 3 Шығармашылық жұмыс
Мақал – мәтелдерді көшіріп жазып етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау және сөз құрамына қарай талдау жасау. Әр топ өз мақал – мәтелінің мағынасын ашатындай етіп эссе жазу.
І топқа: Үйдің жылы – суығы, Қыс түскенде білінер.
Адамның алыс - жуығы,
Басыңа іс түскенде білінер
ІІ топқа: Атадан жақсы ұл туса, Есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегі басын есікке сүйрер
ІІІ топқа: Ата - ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Қаралы болғанда білерсің. Жанашырдың қадірін Жалалы болғанда білерсің
ІҮ топқа: Ой түбінде алтын бар, Ойлай берсең табарсың. Жолың ұзақ болғанмен, Жүре берсең барарсың
4. Білдім бөлімі. 4. 1 Сабақты қорытындылау «Етістіктің ерекшеліктері» ой толғау жазып қорғау.
Білімді бағалау: Оқушылардың сабаққа араласып жауап берулеріне қарай бағалап өту
Үйге тапсырма: Әр топ өз топтарының атына байланысты шағын шығарма жазып келу. Шығармадағы үш сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
11 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшеде
Көшеде
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сөз құрамы
Сөз құрамы
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Каирова Гульмира Мейрамбековна
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Етістіктің шақ категориясы
Етістіктің шақ категориясы
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы Білімі: Жоғары Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары Білімділік мақсаты:Етістіктің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×