Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің шақтарын қайталау

17 сәуір 2012, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары

Білімділік мақсаты:Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру,ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Салыстыру, Сәйкестендіру, Тест, Топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте, сурет, техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Ән, Бейнелеу өнері

Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын пысықтау

Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз.Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп,білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.

Біліміңді байқап көр
1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2.Шақтың қандай түрлері бар?
3.Осы шақ дегеніміз не?
4.Нақ осы шақ қалай жасалады?
5.Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6.Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
7.Келер шақ деген не?
8.Келер шақтың қандай түрі бар?
9.Келер шақ қалай жасалады?
10.Өткен шақтың қандай түрлері бар?
Тақтамен жұмыс

Мәтінді оқу. Мәтінге ат қою «Партизан достарым» Шақтарды тауып түріне қарай ажырату
Бардым - жедел өткен шақ: кетеді - ауыспалы өткен шақ:
Бердім - жедел өткен шақ; қалыппын - ауыспалы өткен шақ:
Тыңдайсың - ауыспалы осы шақ: елестейді - ауыспалы осы шақ
Кім жылдам?

Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу
Алып келді
Келе жатыр
Оқытты
Күледі
Жылайды
Тыңдайсың
Кітаппен жұмыс

159-жаттығу. Мәтінді оқып мазмұндау
Шығармашылық тапсырма

Берілген сурет бойынша өлең немесе әңгіме құрау
.........................................................................ойнайды
.........................................................................тоймайды
...........................................................................................
........................................................................... алмады

Болмасаң да ұқсап бақ
Кез келген затты немесе жан-жануарды, табиғат құбылыстарын қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеу керек. Бейнеленген іс-әрекет қай шақта тұрғанын айт

Мақал-мәтел
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
1. Ақыл көпке жеткізер
.......................................

2. Анаға қарап қыз төсер
........................................

3. Үй артына жар ............

Семантикалық кесте
Етістік

Осы шақ
Келер шақ
Өткен шақ
Асан мен Үсен ескі жұртта қалды---------------------------------+
Асан мен Үсен далада ойнады-------------------------------------+
Балалар сабақ оқып отыр------------+
Асан далада қалғанына жылады
Оқушылар кеше сабаққа келмеді
Арай қалаға бармақшы
Олар ертең қалаға кетеді
Үсен Асанды жұбатып отыр
Бәрінде ұмытып қалыппын
Алыстан сағым елестейді

Тест
Бағалау

Үйге тапсырма
«Кім болам?» «Мектептес достар» шығарма жазу
10 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Етістіктің шақ категориясы
Етістіктің шақ категориясы
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×