Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың "Қысқы жолда" өлеңі

23 наурыз 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік: М. Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметінен мағлұмат беру. «Қысқы жолда» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Сыршыл ақынның бейнесін таныту.
Дамытушылық: шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байыту, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: табиғатты сүюге тәрбиелеу, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру абағы
Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақын жайлы ұлы данышпандар сөздері, кітап көрмесі, газет, интерактивті тақта арқылы көрсетілетін бейне, аудио жазбалар, карта.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Сабақтың айдары:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ? (Н. Хикмет)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Үй тапсырмасы: 1. А. Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі мен С. Торайғыровтың «Шілде» өлеңдеріндегі теориялық ұқсастықтар;
2. Кейіптеу қандай көркемдегіш тәсіл?
Оқушылар төрт топқа бес - бестен топтасып отырады. Әр топ мүшелеріне 5 түсті бейдж беріледі. Үй тапсырмасы бес сұрақпен қорытындыланады. Сұраққа жауап берген оқушы белгілі бір арнайы дайындалған жұлдызшаны алады. Жұлдызшалар саны сабақ соңында айқындалып, тиісті бағаға ие болады.
Алдымен сатылай кешенді талдау жасаған бірсыпыра оқушылардан өлеңнің тәрбиелік мәні жайында жазғандары оқытылады. Сұрақтар жазылған бетшелер таратылып, оған тиісті жауаптары ретімен ауызша айтылады.

1 - топқа сұрақтар:
А)- қызыл түс - Абайдың «Қыс» өлеңіндегі Қондыбай мен Қанай кімдер?
Ә)- жасыл түс - Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде шілде айы қанша күнге созылады?
Б) – ақ түс – Абай өлеңінде «екі көзін бұлттай қасы жауып, басын сіліксе қар жауып мазаны алған» кім?
В) – көк түс - Сұлтанмахмұт өлеңінде «Жауһардай күн» деген тіркесте қандай тәсіл қолданылған?
Г) – күлгін түс –«Қар тепкенге қажымас қайран жылқы» кімнің шығармасынан үзінді?
2 - топқа сұрақтар:
А) – қызыл түс – Абайдың «Қыс» өлеңінде «қыс» қандай бөрік киеді?
Ә) – жасыл түс – Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде тысқа шыққан молданың қолында не бар еді?
Б) – ақ түс – Абай өлеңінде «әуес көріп жүгірген кімдер»?
В) – көк түс – Сұлтанмахмұттың өлеңіндегі «Мақтанып қара түнде нұрын шашқан ай» деген тіркесте қандай тәсіл қолданылған, оның анықтамасы қандай?
Г) – күлгін түс –«Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып» қай өлеңнен үзінді?
3 - топқа сұрақтар:
А) – қызыл түс – Абайдың «Қыс» өлеңінде «бурадай бұрқ - сарқ етіп долданғанда» қандай үй шайқалды?
Ә) – жасыл түс – Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде қамыстар қандай қимыл жасады?
Б) – ақ түс – Абайдың «Қыс» өлеңінде малшылар қандай киім киді?
В) – көк түс – Сұлтанмахмұттың өлеңіндегі «көк майса» тіркесінде қандай тәсіл қолданылған?
Г) – күлгін түс – «қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр» қай өлеңнен үзінді?
4 - топқа сұрақтар:
А) – қызыл түс – Абайдың «Қыс» өлеңіндегі кәрі құданың сипаты қандай?
Ә) – жасыл түс – Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде түні бойы қой күзеткен нелер?
Б) – ақ түс – Абай «Қыс» өлеңі қанша шумақтан тұрады, қандай ұйқасқа құрылған?
В) – көк түс – Сұлтанмахмұттың өлеңіндегі «қара түн», «сұлу күн» деген тіркесте қандай тәсіл қолданылған?
Г) – күлгін түс – «Ән салды таңды мақтап сансыз торғай» қай өлеңнен үзінді?
ІІІ Жаңа білім беру. Ой қозғау. Мұғалім:
- Міне, балалар, С. Торайғыровтың «Шілде» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі бойынша сұрақтарға жақсы жауап бердік. Ендеше тақтаға назар аударып, М. Әуезовтің сөзіне құлақ түрейік. Экранда «Мен қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы Абайдан. Бұдан кейін Мағжанды сүйемін, оның Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан – культурасы зор ақын. Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек». Оқушылар, біз Абай ақын туралы білдік, енді кімге тоқталатын боламыз?
- Мағжан Жұмабаев ақынға.
- Ендеше жаңа сабағымыз қазақтың біртуар дара талантты әдебиетшілерінің бірі Мағжан Жұмабаев туралы өтетін боламыз. Мағжанды кім деп танушы едіңіздер?
- Қазақ әдебиетіндегі «бес арыстың» бірі.
- «Бес арысымыз» кімдер?
- Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы.
- Жарайсыңдар!
1) Экранға назар аудартып, мұғалімнің көмегімен оқушылар бос торларды толтырады.

1. Ақынның өмір сүрген кезеңі – ХХ ғасырдың басы немесе 1893 - 1938
2. Туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы
3. Әкесі Бекен болыс болған, Мағжанды 4 жасынан оқытқан.
4. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды.
5. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерді.
6. Ол ақын болды, өлең шығарды, «Қазақ тілі», «Толқын», «Түркістан» т. б. өлеңдері, поэмалары бар.
Барлығы картадан көрсетіледі.
2) Балалардың қолына ребус таратамын. 4 топқа бірдей, қай топ бірінші болады. Сол топ шешуін айтады. Шешуі: «Қысқы жолда». Өтілетін өлеңнің солай аталатындығын айта кету керек. Мұғалім жатқа оқып береді. Ң топтан бір - бір оқушыдан мәнерлеп оқытуға тырысамын.
Өлең мәтіні:
Қараңғы түн, сар дала, ------------------------ Аңдай ұлып бір мезгіл,
Көрінбейді айнала. ----------------------------- Екі санын шапақтап,
Боран соғып тұр борап, ----------------------- Біресе сақ - сақ күледі...
Жолды басқан құр сорап. --------------------- Боранын тәңір ашпады,
Астымдағы жануар ----------------------------- Жол білінбей бастады,
Құлағын қайшыландырып, ------------------- Көрінген бір жарық жоқ,
Зорға бот - борт желеді, ----------------------- Босаңсиды Қаракөк...
Ызғарлы жел долданып, ----------------------- Сар далада адасып,
Екі иінінен дем алып, --------------------------- Суық кебін жамылып
Ішін тартып осқырып, -------------------------- Қаларын кім біледі?..
Кейде қатты ысқырып,
3) Сұрақ - жауап арқылы өлең мағынасы ашылады.
1. Жанрлық тұрғыда бұл қандай шығарма? (лирика – табиғат лирикасы)
2. Лирикалық қаһарман кім? (ақынның өзі, яғни ақын қыста жолда келе жатқан жолаушы)
3. Астына мінген аты қалай аталады? (Қаракөк)
4. Табиғатты ақын қалай суреттеген? (қысқы боран, желді күн, өте суық)
5. Кімнің қандай шығармасына ұқсатар едіңіздер?

Венн диаграммасы бойынша толтырады.

4) Сөздік жұмысы:
1. Сар дала – кең, шетсіз дала
2. Сорап – жалғыз ачқ сүрлеу
3. Желеді – жай жүреді
4. Долдану – ашулану
5. Екі иіні –
6. Кебін – қайтыс болған адамға кигізетін киім немесе ақ мата

5) 1. Топтық жұмыс:
1. Өлеңнен эпитет, теңеу, кейіптелерді тап, өлең жолдарымен дәлелде
Әдеби - теориялық ұғымдар ---------------------------- Өлең жолдарымен дәлелдеу
Эпитет
Теңеу
Кейіптеу

2. Мағжан ақын өлеңіндегі жолаушының орнында өзің болсаң қайтер едің? Табиғатты суреттеп мәтін құрастыр.
3. Дайын ұйқасқа өлең құрастыр:
1 - топқа: Көз аштырмай барады,
Боран соғып....
Ойнағанға не жетсін,
Мініп алып шанаға.
2 - топқа: Ызғарлы жел күшейді,
Ашуын бізден....
Кенет... да тоқтады,
Қыс жеңіліп қалғандай.
3 - топқа: Біз келеміз қар басып,
Сықыр - сықыр етеді.
Күн жылынса, әттең - ай,
Ол да.......
4 - топқа: Шана,..., конькимен
Қыста ғана....
Қуаласып, жарысып,
Қызыққа біз тоймаймыз
6) Жеке жұмыс:
4 оқушыға сатылай кешенді талдау жасату.

ІҮ Сабақты бекіту:
Қолдарына таблицасы бар ақ қағаздар таратылады:
Нені білетін едім? Бүгін нені білдім? Нені білгім келеді?

Ү Үйге тапсырма:
1. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау;
2. 4 оқушыға шығарма жазу: «Қысқы көрініс» (эпитет, теңеу, кейіптеулерді қатыстыру керек.).
ҮІ Бағалау. Оқушылар өздерінің қолындағы жұлдызшаларды санайды, экранда бағалау үшін кесте:
1. Бүркіттің суреті – «бес» деген баға – жұлдызшалар саны – 7 - ден жоғары
2. Жылқының суреті – «төрт» деген баға – жұлдызшалар саны – 5 - 7
3. Қойдың суреті – «үш» деген баға – жұлдызшалар саны – 1 - 4
4. Тасбақаның суреті – «екі» деген баға – жұлдызшалар саны - жоқ.
ҮІІ Рефлексия
Сабақтың ұнаған - ұнамағандығы жөнінде пікірлерін қалдыру үшін бетшелер таратылады:
Өзіне ұнаған суретті қоршайды.
12 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілесова Набат Сержанқызы
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қысқы жолда" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бенйеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан. Тоқсан би ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×