Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндегі күрделі сөздер

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Мен бірнеше жылдан бері педагогика ғылымдарының докторы Н. А. Оразахынованың "Сатылай кешенді талдау технологиясы" бойынша сабақ өткізіп жүрмін. Бұл технологияның оқушыларға теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, ғылыми негізде жүйелі меңгертуде пайдасы ұшан - теңіз деп есептеймін. Өз тәжірибемді әріптестеріммен бөліскім келеді.

МӘТІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
(6 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: 5 - сыныпта өтілген материалдарды еске түсіре отырып, күрделі сөздерді сөзжасамдық тұрғыдан сатылай кешенді талдау (СКТ) жолдарын қайталау;
ә) Дамытушылық: СКТ арқылы теориялық материалдарды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) негізінде тәжірибе жүзінде талдай білуге машықтандыру, берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру;
б) Тәрбиелік: әр оқушыны ана тілін және ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге баулу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: саяхат - сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрау - жауап, оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыс, ойын, ашық тест.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, тірек сызбалары.
Жабдықтар: интерактивті тақта, видеопроектор, орамал, сырнай.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, орыс тілі, ағылшын тілі, саз.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
- Біз өнерлі баламыз,
Терең білім аламыз.
Ана тілмен сусындап,
Сөз сырына қанамыз.
Қиындықтан қашпаймыз,
Жақсы істерге бастаймыз.
Ылғи алда боламыз,
Кілең «бестік» аламыз.
Біз білімді боламыз.

ІІ Үй тапсырмасы
1. Синоним, антоним, фразеологизм, мақал - мәтелдер.
2. «Алпамыс батыр» жырынан синоним, антоним, фразеологизм, мақал - мәтелдерді тауып жазып келу.
3. Өз қалауы бойынша үш сөзге фонологиялық талдау, ықшамдау принципімен өрнектеу.

ІІІ Жаңа сабақ
Ой қозғау
- Балалар, біздер 5 - сыныпта туынды сөздердің түрлерімен танысқан болатынбыз. Туынды сөздер қандай жолмен жасалатын еді?
- Жұрнақ жалғану арқылы, бірігу жолымен, қосарлану және тіркесу арқылы жасалады.
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Екі немесе одан да көп түбірлерден бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы құралып, жаңа лексикалық мағына білдіретін сөздерді қандай сөздер деп атаймыз?
- Күрделі сөздер деп атаймыз.
- Дұрыс. Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз «Мәтіндегі күрделі сөздер» деп аталады. Бұл сабақта біздер бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздерге сатылай кешенді талдау жасаймыз.
Тақтаға күннің жады мен сабақтың тақырыбы жазылады.
Интерактивті тақтадан күрделі сөздердің тірек сызбасы көрсетіледі.

Мұғалім: - Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өтіп жатыр. Апталық қалай аталады?
- Пәндік апталық 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тіл мерекесіне орай «Ана тілім – асыл ойдың бұлағы» деп аталған.
- Біздің сабағымыз да осы мерекеге орай ана тілімізге байланысты болмақшы. Интерактивті тақтаға назар аударайық. Не көріп отырмыз?
- Қазақстанның картасын көріп отырмыз.
- Иә, біз осы еліміздің картасында көрсетілген
көрнекті қалаларға саяхатқа жасай отырып, сол қалалардан шыққан танымал тұлға, ақын - жазушыларымыздың тіл туралы қанатты сөздерімен таныс боламыз.
Саяхатқа шықпас бұрын күрделі сөздерге байланысты біліміміз қандай дәрежеде екенін тексеріп алайық. Ол үшін оқулықтағы 50 - жаттығуды орындаймыз. Жаттығуда тапсырмалар 3 бөлімнен тұрады. 3 қатардағы оқушылар 3 бөлімді орындайды.

Оқулықпен жұмыс.
50 - жаттығу. Күрделі сөздердің түрлерін ажырату.
І қатар – 1 - бөлім
Ақбілек – біріккен сөз,
Алып - ұшып - қос сөз,
Жайнамаз – біріккен сөз,
Алаңдай берді – тіркесті сөз.
ІІ қатар – 2 - бөлім
Қазақ кедейлері – тіркесті сөз
ІІІ қатар – 3 - бөлім
Малай бала – тіркесті сөз

Алғашқы аялдайтын қаламыз – Тараз қаласы.
- Жамбыл облысында дүниеге келген қаламгер кім?
- Бауыржан Момышұлы.
- Бауыржан Момышұлы жайында не білеміз?
- Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушы.
- Даңқты генерал - майор Панфилов басқарған атқыштар дивизиясының құрамында болған. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарған.
- Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Н. Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Өз өмірінде көрген - білгендерін арқау еткен бірнеше романдары мен повестері бар.
- Дұрыс айтасыңдар. Бауыржан Момышұлы халқымыздың салт - дәстүрін өте жақсы білген және құрметтеген.
Тақтаға назар аударайық. Тіл туралы батыр атамыз қандай қанатты сөз қалдырды екен?

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдешова Бақытжан Шапиховна
Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі
Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерім Гүлнәр Жолдыбайқызы
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×