Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыры да көп, сыны да көп сын есім

27 наурыз 2014, Бейсенбі
1 - сабақ. Сыры да көп, сыны да көп сын есім
2 – сабақ. Туынды сын есімдердің жасалу жолдары
3 – сабақ. Сын есімдердің тіркес жасаудағы қабілеті
4 – сабақ. Теориялық білімді тәжірибеде іске асыру


1 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сыры да көп, сыны да көп сын есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға сын есімдер туралы жан – жақты түсінік беру, сын есімдер туралы ұғымдарын кеңейту, білім негіздерін тереңдету.
2. Дамытушылық мақсаты: Сын есімдерді ажырата білуге үйрену, сөйлеу, жазу барысында кеңінен қолдана білуге машықтану, сауаттылықты арттыру, ойлау, пайымдау қабілеттерін шыңдау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Алғырлыққа, ұшқырлыққа, талаптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ілім - білімге баулу.
Сабақтың түрі: Блок сабақ.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Кластерлер, сызбалар, схемалар, иллюстрациялар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың өтілу барысының жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Жаттығулар орындату.
4. Өтілген материалды бекіту.
5. Өздік жұмыстарын жүргізу.
6. Үйге тапасырма беру.

Жаңа сабақтың жоспары
1. Сөз және оның мағыналары жөнінде әңгімелеу.
2. Сын есімдер туралы әңгіме өрбіту.
3. Сын есімнің анықтамасымен таныстыра отырып,
оқушыларға сын есімдер туралы толық түсінік беру.
4. Сын есімнің сындық белгілері туралы кең мағлұмат беру.
5. Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы алған білімдерін бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Сөз және оның мағыналары.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның сөздік қорында сан мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер лексика – грамматикалық мағыналарына, атқаратын қызметтеріне қарай тоғыз сөз табына бөлінеді. Сол тоғыз сөз табының бірі - сын есімдер.
Кез келген заттың я құбылыстың өзге заттан я құбылыстан өзіндік айырмашылығы болады. Ол айырмашылық әр заттың, я құбылыстың сыртқы құрылымынан, түр - түсіне, ішкі - сыртқы сын сипатынан айқын көрінеді
Мысалы, бір зат үлкен де, екінші бір зат шағын, бірінің түр - түсі ақ та, екіншісінікі қара болуы мүмкін. Болмаса бір зат әдемі болып көрінеді де, екіншісі көзге қораш болып көрінеді. Айталық, биік тау, аласа тау десек, екі таудың бір - бірінен биіктігі жағынан айырмашылығы көрініп тұрса, таза бұлақ, лай су десек, екі судың бір - бірінен сапасы жағынан айырмашылығы анық байқалады.
Сонымен, сын есімдер заттың я құбылыстың осындай ерекше белгілерін ай - қындап көрсетіп тұратын сөз табы. Осыдан оның анықтамасы шығады.
Сын есімдер заттың, құбылыстың сын - сипатын, түр - түсін, сапасын, иісін, дәмі, көлемін, мөлшерін, аумағын т. б. қасиеттерін білдіреді.
Сондықтан да заттың түр - түсін, иісін, дәмін, көлемін, мөлшерін, аумағын, сын - сипатын, сапасын білдіретін сөз табы сын есімдер деп аталады.
Мысалы: Күні де қапырық, түні де қапырық тамыздың түндері жадымда жатталып қалыпты.
Осындағы « қапырық» сөзі тамыз айының сын - сипатының қандай екендігінен хабар беріп тұр. Яғни тамыздың күні де, түні де ыстық болатынын білдіреді.
Сынын білдіріп тұрғандықтан « қапырық» сөзі сын есім болып табылады.
Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Кәрі қыран биік таудың басынан төмен қарай құлдилай жөнелді.
Мұндағы « кәрі», « биік» сөздері қандай? деген сұрақтарға жауап беріп, «қыран», «тау» сөздерінің (заттардың) сын - сипатын білдіріп тұр.
Сын есімдердің айқындайтын белгілері

Сын есім – түрін, түсін, көлемін, аумағын, сын сипатын, салмағын, исін, дәмін, реңін
Мысалдар: Алма – тәтті, сарғыш, қызыл, көп, шірік, емдік

Бір семіз қой сойылып, есік алдындағы жерошақта ет асылып жатыр.(С. М.)
Қартқожаға да бүгін қараңғы елдің ішінде «оқу» деген жарық сәуле жылт ет - кендей болды (Ж. А.). Өркешті, семіз түйелер, қарағай мүйізді ту өгіздер, қамыс
құлақ, жүйрік сәйгүліктер әкелінген. (А. Б.)

Анықтамалар

1. Дара сын есімдер. Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды түбірден) тұра -
тын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады. Мысалы: ақ, көк, бойшаң т. б.

2. Күрделі сын есімдер. Екі сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған
сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады. Мысалы: үлкенді - кішілі, кеңпейіл.

3. Негізгі сын есімдер. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімдер негізгі сын есімдер деп аталады. Мысалы: биік, жақсы, таза т. б.

4. Туынды сын есімдер. Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есім -
дер туынды сын есімдер деп аталады. Мысалы: өнерлі, қонақжай, әуесқой т. б.

5. Сапалық сын есімдер. Заттың сындық белгілерін тікелей анықтайтын сын
есімдер сапалық сын есімдер деп аталады. Мысалы: Көкшіл, биіктеу, ұзын т. б.

6. Қатыстық сын есімдер. Заттың сындық белгілерін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп ата - лады. Мысалы: өнерлі, ұйқышы, білгіш, көреген, ақсақ, түнгі т. б.

Мысалдар:
1. Жауынды жаз өтіп, ыстық шілде жеткен еді. (Ғ. М.)

2. Дәурен – ақшыл реңді, қыр мұрынды, денелі бала. Қоңырқай қой көзді, қысыңқы жанары күлімсіреп тұр. Үстіне сұрғылт түсті көйлек киген. (А. Б.)

3. Қараймын қазір еске солар түсіп,
Қоңыр күз, қуаң дала неткен ыстық. (Ғ. О.)

4. Айбалталы, найзалы топтың басы Ызғұтты болатын. (М. Ә.)

5. Қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес, жасаулы, кілемді, алашалы екен. Биік төсектің бас жағында жер төсек бар екен. (Ж. А.)

6. Оның дүрдік ерін аузынан тағы бір үрейлі, суық сөзді еститінімді сезген - дей, дегбірім қашып мен тұрмын. (Ш. О.)

7. Бітер істің басына, жақсы келер қасына. (Мақал)

8. Бұл күндері жасы қырық бестерге келіп қалған Сабыр еңсегей бойлы, ірі денелі, иір қара жігіт болатын. (Қ. Ж.)
9. Күләйдың әкесі еті тірі, пысық болғандықтан, тоқал тамдарын көтеріп, шатырлап, еңселі биік сарайдай қылды. (Қ. Р.)

10. Кішкентай, ақ сарылау келген Әбдірахман қазір күлуге, талпынуға жарап қапты. Өзінің еті де, түрі де ақшыл келген. Бет бітімі дөңгелек емес, сопақтау және жұқалаң. (М. Ә.)

11. Қалың қоңыр сақалды, мол денелі Құнанбай ол ызасын ұмытпаған бола - тын. (М. Ә.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 371
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Тамара Жетписбаевна
Зат есімнің жасалуы
Зат есімнің жасалуы
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×