Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың көне ұлттық аспабы – шаңқобыз

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: Қазақтың көне ұлттық аспабы – шаңқобыз
Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының көне ұлттық аспабы - шаңқобыз туралы толық мағлұмат алу және оның ерекшелігін білу
Зерттеу міндеті: - шаңқобыз туралы ақпарат көздерін жинақтау;
- ақпарат көздеріне сүйене отырып, қазақтың көне аспабы – шаңқобыздың ерекшелігіне мән беру;
- шаңқобыз туралы аңызды толық баяндау;
Зерттеудің болжамдары:
Көне ұлттық аспап - шаңқобыз неге ұмыт қалды?
- Өйткені, бұл аспап қолданыста аз болған ба?
- Мүмкін, бұл аспапта ойнай алатын адам саны аз ба?
Өзектілігі:
Өткен ғасырдағы көне дәуірде пайда болған ұлттық аспаптың қазіргі ұрпақ арасында ұмыт болуы.
Зерттеу әдістері:
- пікір жинақтау
- салыстыру
- сауалнама
- талдау
- қорытындылау
- ой түю

Кіріспе Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Бұл аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрттарда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Қазақ халқында аспаптардың түрлері өте көп. Соның ішінде шаңқобыз ұрып ойнайтын аспаптар түріне жатады.

Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі.
Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән - күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады
Ағаштан жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аспаптардың атасы - қобыз
Аспаптардың атасы - қобыз
Қобыз аспабын таныстыру. Ықылас Дүкенұлы «Жезкиік» шығармасын тыңдату.
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы
Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы
Мақсаты: Қурай аспабының жасалуын, орындау әдісін біледі. Күтілетін нәтиже: Қурай аспабының шығу тарихымен түрлерін және орындалуын айта алады.
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Күй (реферат)
Күй (реферат)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×