Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың әнші - сазгер ақындар. Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әнші - сазгер ақындар. Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, серілерге тән ортақ қасиетті танып - білу, Сегіз серінің өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өмірі мен шығармашылығын таныстыру. 2. Дамытушылық: Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. 3. Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: ізденіс – шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: Қ. О. Бітібаева және СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
2. Жаңа сабақ. Әнші - сазгер ақындарға тоқталу.
Мұғалім: Серілерге тән ортақ қасиеттер қандай еді?

Сері

Өнерлі, әнші, ақын, сазгер, сұлулықты сүйеді, әсемдікті сүйеді, талғамды, күйкі тірлікпен айналыспайды, ел сүйіктісі

1. Қызығушылығын ояту. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей. Сөзжұмбақ. Өткен тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар.
ІІ деңгей. Шығармашылық жұмыс. Өлеңдерін оқып, ой толғау
ІІІ деңгей. Ән тыңдау,”Тест - интервью” жүргізу
ІҮ деңгей. Зерттеу, салыстыру

1 - деңгей «Сөзжұмбақ» Қайталауға арналған сұрақтар.
1. Ш. Уәлиханов Абылай ханның кімі? (Шөбересі)
2. Қашаған Күржіманұлының тарихи жыр дастаны? (Атамекен)
3. Дулат Бабатайұлының табиғат туралы жазған өлеңі. (Аягөз)
4. Абайдың ақын інісі кім? (Шәкәрім)
5. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған бір өлеңі? (Жаз)
6. Жамбылдың ұстазы кім? (Сүйінбай)
7. Абайдың поэмасы (Ескендір)
8. Жамбылдың ғашық қызы, құрбысы кім? (Бұрым)
9. Шәкәрім қай тілді жақсы меңгерген? (Түрік)

2. Мағынасын тану. Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов өмірі мен шығармашылығы.
Оқушылар мен сіздерге үйден оқып келіңдер деп едім, кәне, кім айтам дейді? Оқушылардан сұрау. Мұғалім: Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамедқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан.
Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы. Көп вариантты «Қобыланды», «Алпамыс», «Едіге» жырларының бір - бір нұсқасын өзі шығарған.

Сегіз сері мұсылманша да, орысша да оқыған. Омбыдағы Сібір әскери училищесін бітірген. Отарлаушы колчактарына басшы немесе тілмаш болудан бас тартқан. Сол үшін «Бұзақы, мойнына кісі қанын жүктеген» деген жала айыппен патша шенеуліктері оны түрмеге қамап, жер аудармақ болған. Оны сезген ақын Еділ - Жайық бойын бетке алады. Себебі атасы Шақшақтың анасы атақты Сырым Датұлының туған апасы екен. Осы жаққа келіп, Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысып, қозғалыстың жалынды жыршысына айналады. Төрт жыл паналайды, еліне қайта оралады.
Кейін Махамбетті әдейі өлтіргенін естіп, өз елінен арнайы келіп, Баймағамбет сұлтанның көзін жоюға қатысқандардың бел ортасында болады. Еліне барған соң Сегіз Ырысбике есімді қызға үйленіп жанұя құрайды. Мұсайын, Мұстафа атты ұлдары болады. Олар да әкесі сияқты әнші, ақын болып өседі. 1854жылы, 36 жасында Сегіз сері ауырып, өз жерінде қайтыс болады. Бейіті Досқұл жерінде. Сегі серіні «ән атасы» деп ардақтайтын уақыт жетті, биыл ақынның туғанына 195 жыл толды. Сегіз серінің шәкірттері Біржан сал, Жаяу Мұса, Нұржан Наушабаев, Кемпірбай, Құлтума, осы шәкірттері өзіне арнап жоқтау өлеңдерін шығарыпты.
Сегіз сері ( Мұхамедқанапия ) Баһрамұлы Шақшақов 1818 - 1854

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сал - серілер керуені
Сал - серілер керуені
Серілер туралы алған білімдерін қорыту, шығармаларын танып білу, тарихи тұлғалардың шығармаларынан рухани ләззат алып, халық композиторларының өміріне құрметпен қарауға баулу.
Сегіз сері (күнделікті сабақ жоспарлар)
Сегіз сері (күнделікті сабақ жоспарлар)
Өз кезінде ерекше мұрасымен қалған, қазақ әдебиетіне ақындығымен, айтыскерлігімен, жыршылығымен, білімділігімен атағы жеткен әйгілі Сегіз (шын аты Мұхамет - Қанапия Баһрамұлы Шақшақов) сері екендігі белгілі
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі: Сейітова Зергүл Қалиқызы
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып және музыка пәні мұғалімі Қайыңбаева Гүлжан Сақажанқызы
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×