Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана қаласы. Сөйлем мүшелерін қайталау

10 мам 2014, Сенбі
I. Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы. Сөйлем мүшелерін қайталау.
II. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының астанасы Астана туралы жан - жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен таныстыру.
2. Дамытушылық: Қазақ тілін үйренуде оқушыларға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын сүюге, елді құрметтеуге баулу.
III. Сабақтың көрнекілігі: Алматы, Астана қалаларының суреттері, сызбалар, интерактивті тақта.
IY. Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау, топтық, шығармашылық жұмыс.
Y. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. 1. Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
1. 2. Тіл дамыту сұрақтары: - Сенің Отаның қай ел?
- Сен қайда тудың, қайда тұрасың?
- Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?
- ҚР қандай рәміздері бар?
1. 3. Үй тапсырмасын сұрау. Қорыту. Алматы қаласы - әңгімелеу.
1. 4. Алматы қаласы бойынша көрініс көрсету (интерактивті тақта).
1. 5. Үй тапсырмасы туралы сұрақтарға жауап беру.
- Алматы қандай қала?
- Алматының іргетасы қай жылы қаланған?
- Алматы бұрын қалай аталған?
- Алматы қай жылдан ҚР астанасы болды?
- Алматының қанша халқы бар?
- Алматы ненің орталығы?
- Жақсы, балалар, енді осы Алматы қаласынан басқа Қазақстанның астанасы болған қай қалаларды білесіңдер? Тақтаға қарап, енді мына сандарды сөйлетіп көрейікші.

1920 1925 1929 1991 1997 1998
А--------С-----Т----- А-----Н-------А

• Орынбор – тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды.
• 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.
• 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Еліміз егемендік алды.
• 1997 жылы 20 қазанда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев « Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды.
• 1998 жылы мамырдың 6 - сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды.
Жаңа сабақ: Астана қаласы.(сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту).
Сабақтың эпиграфы: - Балалар, енді тақтаға қарайықшы, бүгінгі сабағымды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр.(өзім оқимын)
«Астана...
... Есілдегі астана осындай – біртума сәулеттік ландшафты, бірегей мүсіндемелік рәміздері бар, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, бір - біріне деген өзара құрмет сезімі, ұлттық қасиет және өз астанасы мен өз елі үшін мақтаныш сезімге тән көп ұлтты, әрі көп конфессиялы халқы бар көркем де бейбіт қала».
Мәтінмен жұмыс: 2. 1. Мәтінді әуелі өзім оқып шығамын.
Сөздермен жұмыс: 2. 2. сөздерді оқу, оқушыларға оқыту, сөз тіркесін, сөйлемдер құрату.
дүние жүзі – весь мир
жарлық – указ
келешек – будущее
аумағы – площадь
шешім – решение
кеңістік – пространство
әлеуметтік - мәдени мәселелер – социально - культурные проблемы
2. 3. Мәтінді оқушыларға кезектесіп оқыту, аударту.
2. 4. Сұрақтарға жауап беру:
- Астана ненің астанасы?
- Ол қандай қала?
- Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
- Н. Ә. Назарбаев қандай жарлыққа қол қойды?
- Астананің халқы қанша?
- Бүгінгі Астананың аумағы қанша?
- Астанаға қандай атақ берілді?
2. 5. Мәтін бойынша тірек кесте құру, әңгімелету.

Астана
2. 6. Синоним сөздермен жұмыс: (синоним сөздердің қатарын құру, сөз тіркестері мен сөйлемдер құру)
көрікті – көркем, әдемі, сұлу, әсем
астана – Елорда
елбасы – көшбасы, ордабасы
келешек – болашақ
мол – көп
ең – өте
жаңа – қазір
дүние жүзі – бүкіл әлем
қала – шаһар, кент
Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелерін қайталау.
Деңгейлік тапсырмалар:
Сөйлем мүшелеріне талда
1. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды.
2. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орналасқан.
3. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның ХХI ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.
4. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Сөз құрамына талда.
Жарлығымен, Елбасының, астанасы, салтанатты ашылу рәсімі, Есіл өзені, қала халқы, бақытты болашақ, Астана тұрғындарын, мәдени орталығы, көп қабатты үйлер.
Сөз тіркесін құр.(сызба арқылы)
жағасында қол қойды
жарлыққа атақ
көрікті орналасқан
жоғары кеңістік
Юнесконың қаланың бірі
Еуразиялық өткізіледі
басқосулар шешімі

Сабақты бекіту: Венн диаграммасы
Алматы Астана
Бағалау:
Үйге тапсырма: «Астана қаласы» туралы жарнама жазып келу.
5 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №17 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенова Жайлыгүл Келмағанбетқызы
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×