Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздың бағасы

15 мам 2014, Бейсенбі
Өмірде талай ақын, жазушы, батыр өткен. Бірақ солардың барлығы ұстаздан тәлім алған. Ұстаз оқушыға білім беріп, үйретіп жол нұсқаушы. Адам баласының бірінші үйі өз үйі, ал екінші үйі мектеп. Сол сияқты балаға бірінші ата - анасы тәрбие берсе, екінші ұстаз тәрбиелейді. Оңы мен солын көрсетеді, бағыт - бағдар береді. Бірақ сол ұстаздың қадір - қасиетін шын мәнінде біліп жүрміз бе?

Осы орайда Боэцидің мына бір сөзін келтіре кетсек:“Шәкірт болып жарытпаған адам, ұстаз болып та жарытпайды”. Мен бұған толықтай қосыламын. Себебі өзі мықты білім алмаған адам, ол ешкімді де үйрете алмайды. Мен қоғамда орын алып жүрген бірнеше мәселені айта кетсем:
Бірінші мәселе:Көпшілік ұстаз нашар түсіндіргендіктен балалар нашар білім алады деп ойлайды. Ал мен былай ойлаймын:бала өзі ізденсе, сыныптан тыс оқыса, ал сыныпта оны қайталаса, ол бәрін түсінеді. Ол үшін мұғалімді кіналауға болмайды.

Екінші мәселе:мұғаліммен қарым - қатынас. Оқушылар - мұз сияқты: қысып ұстаса сынып қалады, аялап ұстаса еріп кетеді. Қайтпек керек? Мұғалім барлық оқушымен тығыз байланыста болуы қажет. Қателігін жаймен айтып, жақсылығын айтып қуантып отыруы қажет. “Үйрету үшін ұрсудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ” деп Ларошфуконың айтқан сөзі осыған саяды.

Үшінші мәселе:Мұғалімді көп кісілер тек жақсы оқитындарды ғана жақсы көреді деп ойлайды. Тағы да қате пікір. Себебі мұғалімге оқушылардың бәрі бірдей. Тек оқушыларға еңбектену жетіспейді.
Төртінші мәселе:Баға қою кезіндегі келіспеушілік. Бұны қалай түсінеміз?Кей оқушылар үштік немесе екілік алса мұғалімге ренжіп жатады.
Бесінші мәселе:Жоғарыдағы айтылған әңгімеге перпендикуляр бір мәселе бар. Ол - сабақта мұқият болмаушылық, шулау. Өзіңіз ойлаңызшы мұғалім түнімен дәптер тексеріп шаршап отырса, мына жақтан соншама бала шулап отырса не болады? Осынау шулау мен мұқият болмаушылық кесірінен түсініспеушілік орын алады. Бұл жерде мұғалім еңбегі еленбейді. Қарап отырсақ түйіткілді мәселелер өте көп.

Осы мәселелерге қарап тұрсақ мұғалімді сыйламаушылық байқалады. Олай болса, көпке топырақ шашудан аулақпын кейбір адамдар ұстаз деген ұлағатты ұғымның мән - мағнасын жете түсініп, ұға алмай жүр. Соның кесірінен қоғамда жаңсақ пікірлер қалыптасып жатыр. Бірақ бұл пікірлердің барлығы құдықтың ішінде жатып дүние деген осы ғана екен деп ойлайтын бақа сияқты, өз көзімен көрмей, өз құлағымен естімей жатып асығыс шешім шығару болып табылады. Бұндай пікірлерді тудырмау үшін, біріншіден асығыс шешім қабылдамау керек, екіншіден мұғалімнің еңбегін ескере білген жөн.

Мен мұнымен не айтқым келеді? Мен мұғалімнің қоғамға тигізетін әсерін, маңыздылығын айтқым келді. Ұзын сөздің қысқасы мұғалім - барлық адам баласының үйретушісі. Болашақты жақсылық атаулының барлығы білім арқылы келер болса, онда білім үйретуші - ұстаз. Оның еңбегін ұмыту мүмкін емес. Себебі адамға білім деген қасиетті нәрсені ұқтырушы, білдіруші - ұстаз. Сондықтан ұстазды ұмытпау һәм ұлықтау біздің қасиетті парызымыз деп білемін.
8 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстаз  – елдің жүрегі
Ұстаз – елдің жүрегі
Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Қай маман да тапса өмірден тұрағын, Бәрінің де Ұстазы - Сіз, Мұғалім!
Қай маман да тапса өмірден тұрағын, Бәрінің де Ұстазы - Сіз, Мұғалім!
Мұғалімдер - ұстаз атты аңсар ән, Жандар солар білім үшін жар салған, Жандар солар қыркүйегінде көш түзеп, Төл мейрамын қуанышпен қарсы алған! Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×