Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар мінезі

26 мам 2014, Дүйсенбі
5 сыныпта өткізілген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінезі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың алдынғы алған білімдерін қайта жаңырту, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау.
2. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау салыстыра білу, қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәнерін жетілдіру, іздемпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, табиғатты, жан - жануарларды аялауға баулу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, ойландыру.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, фишкалар, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Жануарлар әлемі» саз әуенімен оқушылар сыныпқа енеді.
а) - Сәлеметсіңдер ме, балалар?
б) Балалар, бүгін сендер ерекше сабаққа келдіңдер, яғни алдарыңда өздеріңе таныс емес ұстаз ол мен – Гүлсима Қадылқызы. Бүгінгі қызықты сабақты сендермен бірігіп өткіземіз. Ең алдымен мен сендермен бір тренинг ойнағым келіп тұр. Ол тренинг «Мінездеме беру» деп аталады. Яғни қазір өздеріңді таныстыра отырып, әркім өз есімін айтады және жанындағы құрбысын таныстырып, оның мінезін айтады. (Мысалы, менің атым Оля, қасымда отырған Дима. Ол қамқоршы бала. Ұқыпты, мейрімді, т. т. с.)
Тамаша, мінеки біз бір - бірімізбен кішкене таныс болып қалдық.
в) Балалар, бүгін сендер топпен жұмыс жасайсыңдар, бағалау парағын беремін
өздеріңнің аттарыңды, қасына кім неше фишка жинады жазып қойыңдар және қай топ көп фишка жинайды сол топ жеңімпаз атанады.

ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
Менің мына бір сұрағыма жауап беріңдерші, қандай жануарларды білесіңдер? Сондай - ақ жануарлар қалай топталады? (Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді).
Слайд №1
Қоян, сарышұнақ, аю -... аңдар. Олар өз тамақтарын өздері тауып жейді, жабайы өседі. Балаларын да өздері асырайды. Сондықтан оларды...... дейміз. Үй... қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа. Үй хайуанаттарына...,... жатады. Үй жануарларын күтеді,....

ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабаққа көшу.
- Балалар сендер сыныпқа енген кезде қандай әуен естідіңдер?
- Дұрыс, өздеріңе таныс «Жануарлар әлемі» сазын естідіңдер.
- Сонымен қатар сендер өз мінездеріңді айтып өттіңдер. Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, жануарлардың мінезі туралы өтеміз.
- Бұл тақырыпты біз не үшін өтеміз? Мақсатымыз не?
- Біз мінезге байланысты сөздерді үйренеміз, оларды қолдана білуге үйренеміз.
- Өте жақсы.
- Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып, сабақтың тақырыбын жазыңдар.

Слайд №2 (Интерактивті тақтадан жануарлардың суреттерін көрсете отырып, оларды оқушылар қазақ тілінде атайды)
Енді оқушылар мінезге байланысты, жаңа сөздермен танысамыз. Бірнеше рет қайталату
Слайд №3
Ержүрек - храбрый
айбарлы, айбатты - грозный
Ақылды - умный
төзімді – выносливый, терпеливый
Озбыр – насильник, хапуга
момын, жуас - смирный
Айлакер, қу – хитрый
қырағы – зоркий, бдительный
Сақ – осторожный, бдительный
қорқақ – трусливый

Слайд №4
Есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Храбрый, умный, грозный, терпеливый, хапуга, смирный, хитрый, зоркий, осторожный, трусливый.

Слайд №5
Жануарлардың мінезі қандай? Ойлан, тап.
(Жоғарыда өткен сөздерді әр жануарлардың мінезіне байланысты орналастыру, екі топты жарыстыру)
Арыстан озбыр
Қоян ақылды
Түйе айлакер
Жолбарыс сақ
Ит айбарлы
Қой ержүрек
Түлкі төзімді
Қасқыр момын
Сұңқар қорқақ
Үкі қырағы

- Балалар, біз кішкене шаршап қалған сияқтымыз. Мен сендерге сергуге «Қай жануар қалай дауыстайды?» атты сазды ойынды ұсынамын, тыңдайық.
Слайд №6
Қай жануар қалай дауыстайды?
(бес жолын І - топ, қалғанын ІІ - топ айтады, қай топ жақсы айтады жарыстыру)
Мұғалім: Оқушылар:
Әтеш шақырады. Ку - ка - ре - ку
Есек бақырады. Ыааа - ыааа - ыааа
Бақа бақылдайды. Буақ - буақ - буақ
Шыбын ызыңдайды. Ыззз - ыззз - ыззз
Торғай шырылдайды. Чырк - чырк - чырк

Күзен шақылдайды. Шақ - шақ - шақ
Қой маңырайды. Мәә - мәә - мәә
Жылқы кісінейді. Иоо - иоо - иоо
Сиыр мөңірейді. Мөөө - мөөө - мөө
Түйе боздайды. Бөөе - бөөе - бөөе

Өте жақсы, көп рахмет.
Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Слайд №7
Ертегі тыңдайық!
Қасқыр мен қоян жолдас болыпты. Екеуі бір - біріне тиіспеуге және тапқан – тамақтарын бөліп жеуге келісіпті. Осылайша көп уақыт өтеді.
Қыс түседі. Олар үңгірлерінен ұзап шыға алмайтын болады. Көлденеңнен табыс жоқ. Екеуі жинаған азықтарын жеуге кіріседі. Қасқыр ол озбырлығын істейді, өзі тамақтың ең жақсысын жейді. Қоянды ескеріп аямайтын болды. Қоян ақыры қасқырдан әрең қашып құтылды.
- Бұл ертегі нелер туралы?
- Дұрыс, қасқыр мен қоян туралы.
- Ертегінің мазмұнын қай топ айтады? (келесі топ аяқтайды)
- Ертегіге ат қойыңдар? (І, ІІ - топтан сұрау: «Қасқыр мен қоян», «Озбыр қасқыр»)
- Тағы қандай жануарлар туралы ертегі білесіңдер?
(«Түлкі мен ешкі», «Қу түлкі», т. б. айтады)
- Өте жақсы балалар.
Екі топқа жазбаша тапсырма беру.
І - топқа: қасқыр, ІІ топқа: қоян туралы не білеміз. Сұрақтарға жауап беру.
Слайд №8
Қасқыр, қоян туралы не білесіңдер? Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қандай аң?
2. Түсі қандай болады?
3. Қайда мекендейді?
4. Оның жауы не?
Әр топ жазғандарын оқиды.
- Балалар, жануарларға байланысты жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақ шешу сайысы (екі топ бір - бірлеріне жұмбақ қояды, шешеді)

ІҮ. Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма: «Маған ұнайтын жануарлар» шағын әңгіме жазыңдар.
Бағалау парағын жиып аламын. Бүгінгі сабақта белсене қатысқан оқушыларға бағаларын қоямын. Осы сабақтан біз пайдалы не алдық және нені білдік?
- Балалар, сендер қайда тұрасыңдар? (Үйде, пәтерде)
Слайд №9
Балық қайда өмір сүреді?
Құстар қайда өмір сүреді?
Жануарлар қайда өмір сүреді?
Ендеше, балалар, келесі сабақта өздеріңнің мұғалімдеріңмен жануарлардың
тұратын жері туралы өтесіңдер. Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет!
Сау болыңдар!
11 958
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар немен қоректенеді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Абенова Жанарай Сагыйбатовна
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Қарағанды қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі: Утегенова Айнур Бакеновна, Ағылшын тілі мұғалімі: Клавдия Петровна
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының «Дарын» мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайсенова Гүлмира Едіресқызы
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×