Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар немен қоректенеді?

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Абенова Жанарай Сагыйбатовна

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар немен қоректенеді?
Сабақтың мақсаты:
1. Жануарлардың немен қоректенетіні туралы білім беру.
2. Жануарлар түрлері, олардың тіршілігі туралы білімдерін дамыту.
3. Жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекілігі: Жануарлар суреті, сызбалар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қоршаған орта әлемі, Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық мақтайық.

II. Үйге тапсырма.
Жануарлар қыста қалай жылынады?
1. Жануарлар не үшін қысқы ұйқыға кетеді?
2. Жануарлар тіршілік ету үшін не керек?
3. Неліктен жануарлардың жұқа жүні түсіп, орнына қалың түк шығады?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауаптарын айтасыңдар.
- Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес бірақ малды орады.
- Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
- Өзі қу, жүрген жері айғай шу.

III. Жаңа сабақ.
Ендеше бүгін біздер жануарлар әлемімен танысамыз. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы
Жануарлар немен қоректенеді.
Балалар табиғатта көптеген қолайсыз жерлер бар. Адам аяғы баспаған, шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар бар. Мысалы кесіртке шөлді жерлерде көптеп тіршілік етеді. Кесіртке мен тышқандар өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді. Ал ақбөкен, бұлдырық сияқты жануарлар, күнделікті су ішпесе болмайды. Алғаш көктем шыққанда шөптер нілді келеді. Бұл кезде ақбөкендер су іздей қоймайды.
Балаларға оқулықтағы мәліметтерді оқып беріп, оқушыларға түсіндіру.
* Ендеше әр топтан бір оқушы бүгінгі өтіп жатқан жаңа сабағымызды оқиды.
* Тақтаға жануарлар суреті ілінеді және жануарлардың атын жеке - жеке атап, немен қоректенетінін айтайық.

Топтық жұмыс.
1 - топ
(Бунақденелілер)
Жануарлар туралы
Не білеміз? (әңгіме жазу)
2 - топ
(жорғалаушылар)
Жаз мезгіліндегі жануарлар
тіршілігі. (сурет салу)
3 - топ
(Қосмекенділер)
Жануарлар туралы
өлең, тақпақтар айту.
Сергіту сәті. Қане балалар бір серігіп алайық.
Балалар "Кім жылдам" ойынын ойнайық. Мен үй жануарларын айтсам, сендер қол шапалақтайсыңдар.(түйе, сиыр, ешкі, қой, жылқы, ит, мысық)
Ал жабайы жануарларды айтсам, аяқтарымызды тыпырлатамыз.(аю, қасқыр, түлкі, қоңыз, қоян, тиын, бұғы, кеміруші)
- Балалар қасқыр өз азығын қалай табады?
- Адам өмірін үй жануарысыз елестету мүмкін бе?
Балалар мен сендермен "Көзім көреген" ойынын ойнайық. Тақтада әріптер берілген сол әріптер тізбегінің ішінен жануар атын табамыз. Қолымыздағы фломастермен астын сызамыз.
Балалар сұраққа жауап берейік
- Артқа қарай жүре алмайтын жануар?
- Төрт тізесі бар жалғыз аң?
- Ешқашан ұйықтамайтын жәндік?
- Тамақ ішпей 3 - жылға дейін ұйықтайтын не?

Қорытынды.
- Қандай жануарлар ұзақ уақыт тіршілік ете алады?
- Жәндік қоректі жануарларды ата?
Бағалау. Балалардың білімдеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Өздеріңе ұнайтын жануар суретін салып келу.
17 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру
Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?
Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Жануарлар қалай қоректенеді?
Жануарлар қалай қоректенеді?
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×