Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеуден өткенді қайталау «Тапқыр достар» ойыны

09 қыркүйек 2012, Жексенбі
ШҚО Жарма ауданы, Қалбатау ауылы,
«Маяковский атындағы орта мектеп» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қалмақбаева Гүлназ Ернатқызы

Қазақ тілі 6 сынып
Бағыты: филология

Тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау
«Тапқыр достар» ойыны
Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерінпысықтау. Үстеу түрлерін ажырата білуге, танымдық қабілетін арттыру, ойын арқылы білімдерін пысықтап бекіту.
2. Дамытушылық. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, іздене білім алуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Түрі: Ойын сабақ, дәстүрден тыс сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, логикалық және деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Слайд, қосымша материалдар, интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
Түрлері Ереже Мысалдары
1. Мезгіл үстеу Қимылдың мезгілін білдіреді Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке, қазір, күндіз, қыстай, ала жаздай, әлгінде, баяғыда, бұрын, таңертең, түнде, бүрсігүні
2. Сын - қимыл үстеу Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді Әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, осылай, әрең-әрең, емін-еркін, лезде
3. Мекен үстеу Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді Ілгері, кейін, мұнда, сонда, ірң, бері, жоғарғы төмен, алға, артта, арттан.
4. Мөлшер үстеу Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді Онша, сонша, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, бірталай, мұншама
5. Күшейткіш үстеу Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді Әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, тіпті, мүлдем, дәл, нағыз, керемет,орасан, ерен, әрең, аса, өте
6. Мақсат үстеу Қимылдың болу мақсатын білдіреді Әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана
7. Себеп-салдар үстеу Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді Босқа, бекерге, жоққа, құр, босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан

ІІІ. «Тапқыр достар» ойынының өту мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру
І топ «Тұлпар»
ІІ топ «Сұңқар»
ІІІ топ «Жұлдыз»
1. Әр топ өздерін таныстырады
І тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Мақсаты: Әр оқушы әріптер тандап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздермен жауап береді.
І топ «Тұлпар» Е Б Ә

1. Сен бүгін нешеде тұрдың?
2. Сен қандай үйірмеге барасың?
3. Күрделі үстеуге мысал айт
4. Жайлауға қашан барасың?
5. Сен нені армандайсың?
6. Жазғы демалыста қалай демалдың?
7. Сенің мінезің қандай?
8. Еріншектің несі бітпейді?
9. Бүгін нешесі?
10. Сабақ нешеде басталады?
ІІ топ «Сұңқар» Қ А Т

1. Сен қандай кітапты сүйіп оқисың?
2. Күрделі үстеуге мысал айт
3. Сен кеше нешеде тұрдың?
4. Кітапханаға қашан барасың?
5. Сен нені армандайсың?
6. Қысқы демалыста қалай демалдың?
7. Сен қазір қандай көңіл-күйдесің?
8.Қандай адамның бір ісі артық?
9. Ертең нешесі?

10. Сабақ нешеде аяқталады?
ІІІ топ «Жұлдыз» М О К
1. Сен кеше қайда бардың?
2. Күрделі үстеуге мысал келтір
3. Сен кеше нешеде ұйықтадың?
4. Қалаға қашан барасың?
5. Сенің арманың қандай?
6. Жазғы демалыста қайда барасың?
7. Сенің сүйікті пәнің

8. Ұстаз өз жемісін қашан көреді?
9. Алды күні нешесі болды?
10. Ертең қайда барасың?
ІІ тур. «Ойлан, тап»
Мақсаты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу
І топ «Тұлпар»
1. Шай қайнатым уақыт (аз ғана уақыт)
2. Сүт пісірім уақыт (5-10 минуттық уақыт)
3. Ақ пен қызыл арасында (алыс)
4. Қан сонарда (алғашқы қар жауған күн)
5. Аяқ астынан (ойламаған жерден)
ІІ топ «Сұңқар»

1. Қас пен көздің арасы (өте жақын)
2. Қас қараю (кеш бату)
3. Төбеге жай түскендей (ойламаған жерден)
4. Кірпік қаққанша (көз ілмеу)
5. Ісі далаға кету (пайдасы болмау)
ІІІ топ «Жұлдыз»
1. Қас қағым сәт (тез арада)
2. Түс ауа (түстен кейін)
3. Түн ауа (түн ортасы өткенде)
4. Тал түс (күндіз, дәл түс кезі)
5. Түстен кейін (күннің 2 жартысы)
ІІІ тур. «Сен білесің бе?»

Мақсаты: Ұяшық артында жасырылған сұрақтарға жауап беру
10 – Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
20 – Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (7)
30 – Өздік етістің жұрнақтарын ата ( -ын, -ін, -н)
40 – Белгісіздік есімдіктерді атап бер (кейбіреу, қайсібір, әлдеқайда, әркім)
50 – Зат есім, сын есім, сан есім орнына қолданылатын сөз табы (Есімдік)

60 – Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі (Есімше)
70 – Үстеудің қай түрі Қалай? Не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап береді? (Мақсат)
80 – Ілгері, кейін, мұнда, жоғары, төмен қай үстеудің түріне жатады? (Мекен)
90 – Қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі (Тұйық етістік)

ІV тур. «Кім тапқыр»
Мақсаты:Берілген сөздерді көрермендерге жасырып тапқызу
І топ «Сұңқар» Алма, достар, құстар, оқушы, кітап, ақша
ІІ топ «Тұлпар» Қыздар, ана, жапырақ, бидай, дала, ойыншық
ІІІ топ «Жұлдыз» Мектеп, ұстаз, гүл, қалам, айна, дәптер
ІV. Қорытынды
18 130
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге жетелеу. Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Үстеу туралы қайталау
Үстеу туралы қайталау
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Үстеуден өткенді қайталау
Үстеуден өткенді қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×