Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жусан иісі

22 тамыз 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі
Білімділік мақсаты: Сайын Мұратбеков өмірімен таныстыру. Өз жинаған білімдерін іске асыруларына жол көрсету, яғни сипаттау, әңгімелеу, мінездеме беруді жүзеге асыру.
Тәрбиелік: Жанашырлыққа, аяушылыққа үйрету, қиындыққа төзе білуге баулу.
Дамытушылық: Автордың ойын жалғастыра отырып, қиялдарын, ойларын дамыту, сөздік қорын байыту.
Не болу керек: Автордың негізгі ойын тауып, өз ойларымен жалғастыру, жоспарлау
Жаңа сабаққа дайындық: Топтарға бөлу
1. «Әңгімелеу» тобы
2. «Оқу тобы»
3. «Ой қорыту» тобы
Мұғалім: Осы сабаққа қатысып отырған кісілер өз балалық шақтарыңыздың бір көрінісін еске түсіріп, айтып берсеңіздер. Менің ойымша сіздердің іштеріңізде ешкім балалық шағында қиындық көрмеген сияқты. Осы оқиғаларды еске түсіре отырып, бүгінгі әңгімені «Оқу тобы» мәнерлеп оқып шықса.
Мәтінмен жұмыс:
1. Мәнерлеп оқу
2. Жаңа жолды бөліп оқу
3. Мұғалім: - Балалар осы әңгіме сендерге қандай сезім тудырды? Аянышты. Олай болса мәтіндегі өзіңе аянышты жерлерін белгілеп отырамыз.
Теріп оқу:
1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқы
2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы
3. Аянның қора ішіндегі кейпін суреттеген жерін тауып оқы
4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқы
5. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы
Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөліктің мазмұнын айту
«Ой қорыту» тобы - Жоспар құру:
1. Соғыс зардабы
2. Аянға келген қаралы қағаз
3. Аянның қорадағы кейпі
4. Аянның балалар үйіне кетуі
5. Аянды еске алу
6. Жусан иісі
«Әңгімелеу» тобы толығымен мазмұндайды
Өздік жұмысы:
1. Әңгімеде қай кездегі оқиға суреттелген?
2. Аянның достарымен қоштасар кездегі көңіл - күйі қандай болды?
3. Әңгімеге өзің қандай ат қоясың?
4. Осы әңгіме біз оқыған қандай әңгімеге ұқсайды? Атын жаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Мұратбеков Жусан иісі
С. Мұратбеков Жусан иісі
әдеби шығармадағы кейіпкерлердің мінез - құлқын сипаттай отырып, жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Шығарманың мазмұнын талдай отырып, идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; кейіпкерлерге талдау жасау
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлары
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермағанбет Дана Балғазықызы
Жусан иісі
Жусан иісі
ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебі Закариянова Зайнигуль Кизатовна
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×