Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер. Қос сөздер. /бекіту сабағы/

12 қазан 2014, Жексенбі
Сабақ тақырыбы: Біріккен сөздер. Қос сөздер.
Сабақ мақсаты: Күрделі сөздердің түрлеріне шолу. Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалуы мен ерекшеліктері туралы білімін бекіту. Сөз құрамынан өткенді қайталау.
Күрделі сөздер жөнінде ой дамыту. Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалуы, түрлері жөнінде ой бекіту. Тіл дамыту. Сөз құрамына қарай талдау дағдысын қалыптастыру.
Қазақ тіліне деген құрметін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жинақылыққа, шапшаңдыққа, топтық жұмыс атқаруға баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: бекіту сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекіліктер: тірексызбалар, үлестірме карточкалары.

Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды барлау. Сыныпты сабаққа жұмылдыру.
ІІ үй жұмысын тексеру:
Топтар үйде дайындап келген күрделі сөздер жөніндегі ментальды карталарын қорғайды.
1 - топ. Біріккен сөздер.
2 - топ. Кіріккен сөздер.
3 - топ. Қайталама қос сөздер.
4 - топ. Қосарлама қос сөздер.
Біріккен сөздер. Қос сөздер.

Сыныпты жаңа топтарға бөлу.
1 - топ. Біріккен сөздер. 2 - топ. Қос сөздер. 3 - топ. Қысқарған сөздер. 4 - топ. Тіркесті сөздер.
Топ басшыларын сайлауды ұсыну.
Топтарға бағалау парақшаларын тарату


Сабақтың критерийлерін белгілеу:
Сөз құрамын ажырата білу.
Дара және күрделі сөздердің айырмашылығын білу.
Біріккен сөздердің жасалуын білу, мәтін ішінен анықтай алу.
Қос сөздердің түрлерін және олардың жасалу амалдарын білу. Мәтін ішінен қос сөздердің түрлерін анықтай алу.
Біріккен сөздер мен қос сөздерді қатыстырып, сөйлем, сөз тіркесін құрастыра алу.
Фонетикалық талдау, лексикалық сөздік қорын қолдана алу

«ИӘ» немесе «ЖОҚ» ойыны.

Топ басшылары топ мүшелерінің қазіргі берген жауабының дұрыс - бұрыстығына орай ұпай қосасыздар
А – дыбысы, жуан ба? Иә
«Қас қағым сәтте» деген сөз тұрақты тіркес пе? Иә
Ғ - дыбысы үнді ме? Жоқ.
«Ата - ана» сөзі қос сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Үйшік» сөзінде жалғау бар ма? Жоқ.
«Батыр» және «ер жүрек» сөздері синоним бола ала ма? Иә.
Сөздің бастапқы бөлшегі түбір ме? Иә.
«Өнерпаз» сөзі аралас буынды сөз бе? Иә.
Е - дыбысы жіңішке ме? Иә.
Алпамыс батырдың жары қыз Құртқа ма? Жоқ.
Тілімізде дара сөздер бар ма? Иә.
Сөз тұлғасы түбір және қосымшадан тұра ма? Иә.
Қобыланды батырдың әкесі Тоқтарбай ма? Иә.
«Ат» сөзі омоним бола ала ма? Иә.
«Ел» сөзі бітеу буынды сөз бе? Жоқ.
Ж – дыбысы ұяң ба? Иә.
«Көкжиек» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Биыл» сөзі кіріккен сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Жақсы мен жаман адам қасиеттері» өлеңінде антонимдер кездесе ме? Иә.
«Көсеу» сөзі туынды сөз бола ала ма? Иә.
«Күлтегін» жыры ғашықтық жырлар қатарында ма? Жоқ.
С - дыбысы қатаң ба? Иә.
«Колхоз» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Жоқ.
«Ақжігіт» сөзі табу сөздер қатарына жата ма? Иә.
«Ұры» сөзі эвфемизм сөздер қатарына жата ма? Жоқ.
Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпиялық нормамен белгіленген бе? Иә.
«паз» жұрнағы үндестік заңына бағына ма? Жоқ.

Топтарға тапсырмалар тарату
Топтық жұмыс

Қатесін түзетіп жаз.
Қойу бұлыт аспанды басқан. Жердің түкі көрінбейді. Күз де геліп ғапты - ау. Кеше қана масайрап тұрған жаз жоғ. Күн де күлімдемейді. Күннің аптап ыстықы енді таңдайыңды кептірмейді, өңмеңіңнен өтпейді. Жаз бойы жиыстырып ғойған қалың гиімдеріңді іздей бастайсың. Үйге от жағатын уақыт та жақында емес. Қыс шанаңды сайлаб ғойған боларсың.

Көпнүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
Жаңбырдан соң аспанда кемпір......... пайда болды.
Белімдегі бел........ ді шешуге мұршам жоқ.
Ауылдың сыртында алты........ құрылды.
Пойыздағы жол....... ағай өте сыпайы екен.
Кітап............ дан қайтып келемін.
Артық мөлшерде тамақ жесең, ас............ ның ауырады.
8 - наурыз - халық.............. әйел - қыздар күні.

Қос сөздің сыңарын тауып жаз.
Қап -.......... түннен ояндым.
Бүгін сағат алтыда.... – аналар жиналысы болады.
Көре -.......... көсем боласың,
Сөйлей -........... шешен боласың.
Жаңбыр кезінде найзағай..........- жұрқ етеді.
Гүлдердің әдемілігі....... – бірінен асады.
Амантай кітапқа шұқшия қарап, өзінен -....... бірдеңеге күлгендей болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 068
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы ұғымын таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі арқылы жасалатынын байқату. Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×