Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану

25 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны басқару емес, оның даму үдерісін басқару қажет. Оны педагогикалық іс әрекет арқылы көрінеді. Оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдістерді - интерактивті әдіс деп атайды.

Интерактивті әдісті таңдау себебі көбіне ол оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. Мұнан ары қарай "интерактивті оқыту" терминінің мазмұны түсіндіріледі, біз бұл оқыту түрін не үшін, қайда қолдануымыз керек, сонымен бірге оны сабақ барысында сенімді түрде және үнемі қолдану керек. Атап айту керек, ұсынылып отырған әдістер кез келген сабаққа, кез келген деңгейге қатысы бар.

Интерактивті үдеріс дегеніміз - оқу үдерісіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір - біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Интерактивті әдіс оған қатысушылардың қарым - қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен, өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауыстырумен және түрлендіруімен, процессуалдылықпен (қатысушылар жағдайының өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі рефлекциясымен сипатталады.

Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы - оқушы, оқушы - мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара әрекеттер көбіне, ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне және де мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады.

Мұндағы ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсіну. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өз бетімен жауап табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты болып отыр және педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез - құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез - құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.

Интерактивті үдерісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:
- ойлау қызметін ұйымдастыру;
- мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
- таңдау еркі;
- рефлекцияны ұйымдастыру.

Интерактивті әдіс өзара әрекет түрін және кең көлемдегі тапсырмаларды қамтиды. Бірақ та қандай әдістемелік тәсілдер болмасын, негізгі білім көздері оқушының өз өміріндегі тәжірибесі болып табылады. Оқыту барысында оқушылармен өзара әрекеттер болады:
- мұғаліммен ( яғни оқушы мұғалімнің сұрақтарына жауап бергенде);
- Шақырылған адамдармен (немесе сынып басқа мекемеде және адамдардан бірге);
- басқа оқушылармен (жұптық жұмыс);
- шағын топта (3 - 5 оқушы);
- үлкен топта (рөлдік ойындар/дебат, сыныптағы талдау және т. б.);
- оқушылар тобы және тұрғындар (оқушылар әлеуметтік сұрау жүргізеді);
- кейбір техниканың түрлері (мысалы, компьютермен).
Интерактивті оқыту әдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері:

Бірінші ереже. Жұмысқа барлық оқушылар қатыстырылуы керек, осы мақсатта пікірталас әрекетіне барлық қатысушыларды тартатын технологияны таңдау маңызды.
Екінші ереже. Қатысушыларды психологиялық дайындау қажет. Мұндай жұмыс түріне барлық қатысушылар бірдей дайын болмауы мүмкін. Осыған байланысты қатысушыларды үнемі мақтап, өзін көрсетуге мүмкіндік беріп отыру керек.
Үшінші ереже. Интерактивті оқытуда қатысушылар саны көп болмау керек, 25 адамнан артпауы керек. Тек осы жағдайда ғана, аз топпен жемісті, дұрыс жұмыс жасауға болады.
Төртінші ереже. Жұмыс жасауға арналған жердің дайындығы. Оқушылар топ - топпен және жалпы түгелдей сыйуы үшін жайлылық қажет.
Бесінші ереже. Жұмыс уақытын нақты белгілеу. Бұған жұмыс басында келісіп, оны бұзбау керек. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы екендігін есте сақтау керек.
Алтыншы ереже. Топтарға бөлу кезінде түсіністікпен қарау керек. Бас кезінде өз еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз ету. Содан кейін кездейсоқ таңдауды пайдалануға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Коучинг
Коучинг
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмұратова Дүрия
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту
Кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Пән: Информатика (Есептеу техникасы мамандығының арнаулы пән оқытушысы) Ермагамбетова Акгуль Абылжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×