Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ю дыбысы

09 қаңтар 2015, Жұма
Сауат ашу
Тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы. Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты. 1 Оқушыларды ю дыбысымен таныстыру, оның жазылуы оқылуы туралы түсіндіру. Ю дыбысының басқа дыбыстан ерекшелігі туралы түсінік беру. И мен У дыбысының қосарлануы
Арқылы жасалатынын түсіндіру.
2. Сөзден сөйлем құрауға, сөйлемнен мәтін құрай білуге үйрету. Ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенді сыйлау, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сауатты, таза жазуға үйрету.
Әдісі. Түсіндіру, ой - қозғау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі. Интерактив тақтасы, суреттер, ту, оюлар.

а. Ю дыбысы қандай дыбыс?
ә. «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
б. Ю әрпі қандай дыбыстың орнына жазылады?
в. «Жақсы көрем» өлеңін кім жатқа айтады?
5. Бағалау. Мадақтау.
6. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар сөздерді оқу.
«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.

Сабақтың тақырыбы. Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты. 1 Оқушыларды ю дыбысымен таныстыру, оның
Жазылуы оқылуы туралы түсіндіру. Ю дыбысының басқа дыбыстан ерекшелігі туралы түсінік беру. И мен У дыбысының қосарлануы
Арқылы жасалатынын түсіндіру.
2. Сөзден сөйлем құрауға, сөйлемнен мәтін құрай білуге үйрету. Ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенді сыйлау, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сауатты, таза жазуға үйрету.
Әдісі. Түсіндіру, ой - қозғау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі. Интерактив тақтасы, суреттер, ту, оюлар.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қара достым, жан - жаққа
Дайынсыңба сабаққа?
Орнында ма, қараңдар.
Кітап, дәптер, қаламдар.
2. Ой қозғау.
- Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- «Я» дыбысымен.
- «Я» дыбысы қандай дыбыс?
- Қосарланған дауысты дыбыс.
- Ал, қане «я»дыбысы бар сөздерді кім айтады?
Ойын «Сәбіз жинау»
«Қияр» «қоян» және «ұя» сөзіне сөйлем құрау.
Оқулықтан үйге берілген тапсырманы сұрау.
Құрамында «я» әрпі бар сөздерді тақтаға жаздыру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Ойын «Қандай әріп жасырынған»
Ұ т, си, о»у, ша»н, са», қо»н.

3. Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты бастау.
Қыс бойына жатады.
Тәтті ұйқыға батады. (Аю.
Аюдың суретін тақтаға іліп қою.
Аю - жыртқыш аң. Денесі ірі. Аюлар тіршілік ететін ортаға бейімделеді.
Ақ аю, қоңыр аю болып бөлінеді.
Аюлар қыста ұйқыға кетеді. Көктем шыға қысқы ұйқыларынан оянады.
Аю жыртқыш сүтқоректі. Ю дыбысы дауысты дыбыс. Орыс тілінен енген.
Екі дыбыстан құралған. Қазақ тілінде ю дыбысынан басталатын сөз жоқ. Ю дыбысы көбіне сөздердің соңында келеді.
Аю, ою, тою, қою, үлкею, есею, шаю, жию.
Орыс тілінде сөздің басында, ортасында, соңында келе береді.
Юрий Гагарин ең бірінші ғарышкер.
Оқулықпен жұмыс. Суретпен жұмыс.
- Суреттегі не?
- Аю.
- Аюдың 400 түрі бар. Оюды неден көреміз?
- Сандықтан, бешпенттен, тақиядан, көрпешелерден.
- Балалар, осы рәміздің қайсысында ою бар.
- Туымызда.
- Сырмақ - киізге ою жапсыру.
Берілген сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.
Аю қою құю сүю есею азаю
Ою қию түю күю үлкею көбею

«Жақсы көрем» өлеңін оқып беру.
Сурет бойынша түсінік беріп кету.
Оқушыларға шынжырлап оқыту. 3 - 4 балаға мәтінді оқыту.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Әдемі жазу да өнер. Ю ю
Аспанға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көдік
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдік

4. Қорытынды.
а. Кеспе әріптерден ішінде ю әрпі бар 3сөз құрау.
ә. Ю әрпі бар сөздерді қатыстырып тақтаға 2 сөйлем жазғызу.
б. Сөзжұмбақ «Ю» - ды шешу.
1. Орман жануары Аю
2. Әуеде дәу қыранды үрдім де,
Аузын байлап бүрдім де
Төмен қарай сүйредім. Парашют.
3. Қатық қандай болады? Қою.
4. Апам сырмақты қалай сырған? Оюлап.
Жарайсыңдар!
12 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×