Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Синонимдер

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

Сабақтық тақырыбы. Синонимдер
Сабақтың мақсаты: 1) синоним сөздері бір - бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;
2) синоним сөздерді белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан болатынын байқату;
3) синоним сөздердің кейбіреулері кез келген сөздермен тіркесе үйлесе білмейтінін ұғындыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісін талдау жасай отырып бағалау, өздерінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсінің түсіндіру.
Сабақтың барысы. 1. Үй тапсырмасын тексеру: 68 - жаттығудағы жазған жоспарлары сұралады.

2. Жаңа сабақ. Синоним.
Ой қозғау сатысы.
Синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді.(Осы сөйлемді эпиграф ретінде сабақтың басында алып, оқушылардан осы сөйлемді қалай түсінетін және бұл сөйлем бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін сұраймын). Бүгінгі өткелі отырған сабағымызда үйренетін сөздеріміз тілдің байлығын көрсетеді деп ойлаймын. Синоним сөздерді сөйлегенде, әңгіме айтқанда пайдалану керек деп ойлаймын.

3. Мағынаны ажырату.
Плакатқа жазылған синоним сөздерді оқушылар бірнеше топқа бөліп жазады. Олар мына сөздер келбет, кескін, сабырлы, байсалды, дидар, рең, түс, ұстамды, сәлемдесу, амандасу, есендесу, көрісу, сұлу, өңі.

Не?
Ажар
Көрік
Келбет
дидар

Не істеді?
жүздесу
амандасу
сәлемдесу
есендесу
көрісу

Қандай?
сабырлы
байсалды
ұстамды
салмақты
Жалпы оқушыларға сұрақ
Әр топтағы сөздерді бір - бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстырыңдар. Қандай ой түйдіңдер?
Синонимдік сөздер тобы қандай сөз табының құрамынан болады?
Оқушыларға зат есімнен болған синонимдер тобымен сөз тіркесін құрау ұсынады.
Адамның

ажары
дидары
реңі
көркі
өңі

4. Топпен жұмыс.
ертегісі атты әңгіме бойынша жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөлдім.
І топ ертегіні еске түсір. Ханға мінездеме беру. Бір оқушы шығып, мінездемені оқып, өз ойларын ортаға салады.
ІІ топ. Тазшаға мінездеме беру.
ІІІ топ. Хан алдына кірген жас балаға сипаттама беру.

атты шығарма жазайық. Шығарма жазған кезде синоним сөздерді пайдаланыңдар. Шығарма 5 - 6 сөйлемнен тұратын болсын.
4. Кейбір оқушылардың жазған шығармаларын оқимын. Қандай синоним сөздерді пайдаланғанын сұраймын.
Арайлымның шығармасы
Мен үлгілі оқушы болғым келеді. Ол үшін сабақты дұрыстап оқимын. Көптеген қиыншылықтарға шыдаймын. Өзімнің мақсатыма жету үшін қайраттанамын, жігерленемін, еңбектенемін. Сонда алдыма қойған мақсатқа жетемін. Мақсатқа жеткен адам бақытты болады.

6. Сабақты қорытындылау.
Синоним дегеніміз не?
Балалар сендердің шығармаларың көркем, тілдерің бай екенін байқадық. Өйткені сендер шығармада синоним сөздерді пайдаландыңдар. (Эпиграф ретінде алған сөйлеммен қорытындылаймын).
7. Үй тапсырмасы
10 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2- сынып қазақ тілі синонимі дегемініз не?
2- сынып қазақ тілі синонимі дегемініз не?
Бір, екі, үш, Сынып іші тып - тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз.
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 16. Синонимдер 17. Синонимдік қатар 18. Антонимдер. 19. Жаттығулар орындау 20. Табу
Антоним
Антоним
Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді.
Синонимдер
Синонимдер
Ақтөбе облысы6 Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Синонимдер
Синонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Синонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×