Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2- сынып қазақ тілі синонимі дегемініз не?

23 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Басы
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру.
Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау.
- Мына сөздерге мағынасы ұқсайтын сөздер айтыңдаршы!
Әдемі -..., батыр -..., шалғай -..., зәулім -..
Ереже: Тілімізде мағынасы бір - біріне жақын, дыбысталуы басқа сөздер кездеседі: әдемі – сұлу, зәулім - биік. Мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайды.
(ҰЖ) 12 – жаттығу. Өлеңді қатесіз көшіріп жаз. Қарамен берілген сөздердің астын сыз.
Бір бала бар – инабатты, ибалы,
Кішіпейіл, достарына сыйлы әрі.
Бір бала бар – ықыласты, ынталы,
Мінезінде жоқ жағымсыз бұлтаңы*.
Дескриптор:
1. Өлеңді мәнерлеп оқиды;
2. Өлеңді қатесіз көшіріп жазады;
3. Қарамен жазылған сөздердің астын сызады;
4. Қарамен жазылған сөздердің мағынасы бір - біріне жуық екенін дәлелдейді;
5. Синоним сөзінің мағынасын түсінеді;
ҚБ «От шашу»
(ӨЖ) 13 - жаттығу. Тақырыбы бойынша өлеңнің мазмұнын болжа.
Рақат қой салқын су
Мәңгі емес мұз, қары
Су пайдалы адамға,
Тау қойнында туған мен.
Шынығамын күнде мен
Суық қой деп ызғары,
Тоңбайды аяз - боранда
Қорықпаймын судан мен.
Салқын суға үйренген.
Дескриптор:
1. Өлеңді мәнерлеп мағынасын түсініп, оқиды;
2. Тақырыбы бойынша өлеңнің мазмұнын болжайды;
3. Тақырыбы бойынша айтқан ойларын өлеңнің мазмұнымен салыстырады;
ҚБ «Бас бармақ»
Сергіту сәті
(ЖЖ) 14 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөздердің синонимін тап.
‶ ‶ ″
Дескриптор:
1. Берілген иллюстрация бойынша ребустың жауабын айтады;
2. Шешуіндегі сөздің синонимін табады;
3. Тағы басқа синоним сөздеріне мысалдар келтіреді;
4. Бір - біріне түсіндіреді, толықтырады;
ҚБ «Фигуралар»
(ҰЖ) 16 - жаттығу. Өлеңді оқып, ондағы қимылдарды жаса.
Гимнастика
Бір! Екі! Үш! – деп Спорт салты –
Қолды серме. Ерінбейміз.
Дем тарт ішке, Жеті! Сегіз! –
Кеуде кер де... Шынығамыз.
Төрт! Бес! Алты! – Жетілеміз,
Керілеміз. Тынығамыз!
Дескриптор:
1. Өлеңді оқып, ондағы қимылдарды көрсетеді;
2. Өзінің ертеңгілікке жасайтын жаттығулары туралы әңгімелейді;
3. Бір - бірін тыңдайды, бағалайды;
ҚБ «Смайлик»
Үй тапсырмасы: 15 - жаттығу. Ереже жаттау
Рефлексия: «Бағдаршам»
4 649
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2- сынып қазақ тілі жұрнақ және жалғау
2- сынып қазақ тілі жұрнақ және жалғау
Біздер шымыр, жүйрік те, Допты торға тоғыттық. Еп қана емес, бірлік те, Керек екен – соны ұқтық.
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Мағынасы жуық сөздер
Мағынасы жуық сөздер
Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, керекті жерде сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой - өрістерін кеңейту.; Мағынасы жуық сөздерді мәтін арасынан таба білуге үйрете отырып, сөздік қорларын молайту мақсатында
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру. Мағынасы жағынан әр түрлі сөздер туралы түсінік беру
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×