Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі суретші

24 қазан 2012, Сәрсенбі
Қостанай облысы, Қостанай қаласы
№ 1орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы

Сабақтың тақырыбы: Күзгі суретші
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Күз тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру, өткен сабақты қайталау, күз туралы әңгімелеу, сөйлеуге дағдыландыру;
2) Дамытушылық: Оқушыларды дұрыс сөйлем құруға, жинақтауға қабілеттерін дамыту;
3) Тәрбиелік: Табиғатты бағалай білуге, қорғауға, еңбекке тәрбиелеу
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, оқу, аудару, іздендіру, әңгімелеу, ойын, жұмбақ, мақал айту
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Венн диаграммасы, кластер, суреттер;

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат.
2. Ой қозғау:
- Балалар, бір жылда неше жыл мезгілдері бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір мезгілде неше ай бар?

3. Үй жұмысын тексеру: «Ауа - райы» тақырыбына диалог құру
4. Қызығушылықты ояту.
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,
Білмеймін, тойғаны, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Бұл өлеңнің авторы кім? Ақын қай жыл мезгілін суреттеген? Ақын ағаш пен қурайды не нәрсеге салыстырып бейнелеп тұр? Сол жерін тауып оқышы.
Осы жұмыстың мақсаты: Оқушының көңілін сабаққа аударып, тілдік ортаға тез енуіне жағдай туғызу.

5. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту:
- Оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күзгі суретші».
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Білуіміз керек: Күз тақырыбы бойынша әңгіме
құрастыру, сұхбаттасу;
қазақша сауатты жазу,
сұрақтарды дұрыс қою;
Меңгеруіміз керек: мазмұндау, өз ойларын жеткізе білу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлем мүшелерін ажырата білу

Ең алдымен жаңа сөздермен танысайық.
тәжікелесу - поспорить үйеңкі - клён
қайың – берёза қарағай - сосна
жөке - липа шырша – ель
ырғай - бузина черная ине - иголка
1) тізбектеп оқып шығамыз
2) тән дыбыстырды дұрыс айтып, хормен айтамыз.
3) Сөз тіркесін құрастырайық (дәптерге жазу)
4) сөйлем құрастыру
Осы жұмыстың мақсаты: Аталған тақырыптағы жаңа сөздерді жинақтау, жүйелеу.

6) Кітаппен жұмыс. 42беттегі 1 - тапсырма
«Күзгі суретші»
1) Мәтінді ең алдымен тізбектеп оқып шығамыз.
2) мәтінді аудару.

3)»Даналық ағашы» ойыны
Ойынның шарты:
1) Мәтінді жылдам және мұқият оқып шығамыз.
2) әрқайсысы мәтін бойынша сұрақтар құрап, қағазға жазып мына сандықшаға саламыз.
3) мәтінді тағы бір рет оқып шығу керек.
4) Әр оқушы сандықшадағы жазылған сұрақтарға жауап беру қажет.

7) Енді жаңа тақырыпты бекіту, және өткен сабақты қайталау мақсатында «Алтын күз» атты оқыта - үйрету ойынын өткіземіз. («Күз» тақырыбынан алған білімдерін практикалық ойын арқылы бекіту).
Әр жапырақ астында күз тақырыбына арналған тапсырмалар беріліп тұр, сендердің мақсаттарың барлық тапсырманы орындау.
1) Тапсырма:
Венн диаграммасын толтыру
КҮЗ ҚЫС

2) тапсырма:
Күз туралы жұмбақтарды шешу:
1. Жапырақсыз сыйдиып
Жабырқаулы бар ағаш
Көк шапанын жамылып
Құлпырады қай ағаш? (шырша)
2. Алтын сары тоны бар
Қойында дәні бар
Не екенін тауып ал.(бидай)
3. Ағайынды бәрі
Шықса көк,
Түссе сары (жапырақ)

3) Тапсырма:
Мақалды аяқта:
♦ Жаңбыр жауса,.......
♦ Күз.......... көрікті
Қыс............. көрікті
♦ Күздің бір күні қыстың...........................
♦ Көктемде түскен бір дән
Күзді күні............................

4) тапсырма: Көп нүктенің орнына сөздерді жазып, сөйлемдегі бастауышпен баяндауышты тап:
1. Қазір...... мезгілі. 2. Күзде жаңбыр......... жауады. 3.......... жел соғады. 4. Аспанды.......... қаптайды. 5...................... – да жылы киіне бастайды. 6................... сарғайып жерге түсіп жатыр.
5) тапсырма:
Сұрақтарға жауап беру:
 ”Ерте күз” деп қай айды атаймыз? Неге?
 ”Алтын күз” деп қай айды атаймыз? Неге?
 “Қоңыр күз” деп қай айды атаймыз? Неге?
6) тапсырма:
Сурет бойынша әңгіме құру.

8) Ал, балалар біз бүгін сабақта жаңа сөздермен таныстық, өткен сабақты қортындыладық, Сабақты бекіту мақсатында мына сызба бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Күз мезгілінде қанша ай бар?
2) Қандай мерекелер бар?
3) Ауа - райында қандай өзгерістер болады?
4) Бау - бақшада қандай жемістер, көкөністер піседі?
5) Ағаштардың жапырақтары қандай түске боялады?
6) Қандай ағаштарды білесіңдер?
7) Күзде адамдар қалай киінеді?
8) Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

9) Үйге тапсырма:
1. “Алтын күз”модулі бойынша өткенді қайталап, нәтиже сабаққа дайындалу
2. 44 - бет, II - деңгейді орындау (жазбаша)

10) Бағалау
11) Қоштасу:- Сау болыңдар!
9 229
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Ә. Табылды. Күздің кереметі
Ә. Табылды. Күздің кереметі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдрахметова Забида Кусмановна
Сын есім
Сын есім
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Күздің кереметі. Ә. Табылдиев
Күздің кереметі. Ә. Табылдиев
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылы, Қорғантұз орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Абденова Гүлдана Дүйсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×