Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның қорықтары

25 қаңтар 2015, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты: Қорықтар туралы мәлімет беру.
І. Білімділік: балаларды қорықтардың түрлерімен таныстыру. Өтілген сөздерді бекіту, сөз, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.
ІІ. Дамытушылық: өзге ұлт өкіл балаларын қазақ тілін дұрыс сөйлеуге, жазуға, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік: елін, жерін сүйіп, халқына адал қызмет етуге, табиғатты қорғауға, табиғат арқылы әсемдікті тануға, оны қастерлеп, қадірлеу арқылы ғылым - білімді меңгерген көкірегі ояу азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: модульдік оқыту.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: қорықтардың суреттері, белсенді тақта, үлестірмелі картотекалар, көрмелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
Тіл дамыту:
- Қазір қай ай?
- Ақпан айында неше күн бар?
- Бүгін нешесі?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (3 минут)
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Табиғат туралы мақал - мәтелдерді жаттап келу.
(Оқушыларға күнді жаздыртып белсенді тақтадан қорықтар туралы бейне роликті көрсету (5минут) Бейне таспадағы көрсетілген суретті оқушыларға таныстырып отыру)

- Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Қорықтар» деп аталады. Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты: (4 минут)
- Балалар, біз қорықтар тақырыбын өту мақсатында мәтінмен жұмыс істей білуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге, өз беттерінше диалог құрауға, мәтінмен жұмыс арқылы сөйлеу тілімізді дамыта отырып, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге дұрыс жазуға дағдылана отырып, ой - өрісімізді, ойлау қабілеттеріңізді дамытатын боласыздар. Сонымен бірге балалар елімізге, жерімізге, халқымызға адал қызмет етуге, қорықтарымыздан әсемдікті тану арқылы ғылым - білімді меңгерген көкірегі ояу азамат тәрбиелеу мақсатында сабағымызды өткізгелі отырмыз. (Белсенді тақта арқылы әр қорыққа сипаттама беріп кету) Сонымен қатар балалар сіздерге көрсете кететін мына жерде материалдарымыз бар. Мынау өздеріңіз көріп тұрғандай Қызыл кітап. Қане айтайықшы Қызыл кітап деп аталуының себебі неліктен? (Балалар жауап береді) Дұрыс айтасыңдар балалар кеше біз сабағымыздың кіріспе бөлімінде табиғат туралы тоқталған болатынбыз табиғат – халық қазынасы, оның байлығын пайдалана отырып қорғай білуіміз қажет. Соған байланысты 1966ж. біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты - саны сиреп, құрып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, қызыл кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атаған. Оның қызыл және сары парақтары бар, яғни қызыл парағына құрып бара жатқан, ал сары парағына саны азайып бара жатқан аң - құстар, өсімдіктер тіркеледі. Сондықтан да осындай сирек кездесетін аң - құстар мен өсімдіктердің саны азаймау үшін, ол үшін біз бәріміз табиғатты қорғай білуіміз керек.
1. Мәтінмен жұмыс. Белсенді тақтада берілген мәтінді әр балаға тізбектеп оқыту, аударту. Мәтін бойынша жоспар құру және сұрақ дайындау. (6 минут)
А) аудару; Б) жоспар құру; В) сұрақ дайындау

2. Сурет бойынша жұмыс. Тақтадағы «Қазақстанның қорықтары» деген бұрышқа біз менің қолымдағы тоғыз қорықтың қоржынында жатқан сұрақтарға толық жауап беру арқылы біз бүгінгі тақырыбымыздың аясын ашатын боламыз, олай болса мен әр қатарға суреттерді бөліп беремін. Әр қатардағы бала яғни төрттен бірігіп осы сұрақтың жауабын топ бойынша жауап берулеріне болады. (3 минут)

Сұрақтар:
1. Қазақстанда неше қорық бар? Атап беріңдер.
2. Қорықтар қандай мақсатпен ашылды?
3. Ақсу-Жабағылы қай жылы құрылған және қайда орналасқан?
4. Барсакелмес қорығының жер аумағы?
5. Алакөл қорығында қандай құс мекендейді?
6. Наурызым, Алматы қорығы қай жылы құрылды?
7. Барсакелмес қорығында қандай өсімдіктер мен жануарлар бар?
8. Қандай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды?
9. Қорғалжын қорығы қай жерде орналасқан?

3. Диалогпен жұмыс. 2 - тапсырма бойынша қорғалған Қазақстанның қорықтары туралы жұп бойынша диалог құратқызу. (5 минут) 4. Грамматикалық тапсырма. Енді қазір балалар бәріміз белсенді тақтаға көз салайық. Алдарында осы биылғы жылы өткен грамматикалық тақырып бойынша еске түсіру тесті жазылып тұр. Сендерге 2 минут уақыт беріледі.

ЕСКЕ ТҮСІРУ ТЕСТІ (3 МИНУТ)
--- тиянақты ойды білдіреді.
Сөйлем мағынасына қарай --- бөлінеді.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем --- деп аталады.
Құрмалас сөйлем ---,---,--- бөлінеді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі ---.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем ---,
---,---,---,--- бөлінеді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі --- деп аталады.
Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем ---,---,---,---,---,--- болып бөлінеді.
Міне сендермен сөйлемді және оның түрлерін еске түсірдік. Енді біз сендермен деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Яғни теориялық жағын біледі екенбіз, соны практикалық жағынан тексеріп көрейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Оқушыларға Мемлекеттік табиғи қорық қоры ұғымын қалыптастыру, қорықтардың мақсатын түсіндіру, Қазақстанның қорықтары мен таныстыру.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Сан есім. Сағат неше?
Сан есім. Сағат неше?
Сан есімді түсіндіріп, сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету
Қазақстан қорықтары
Қазақстан қорықтары
“Абай атындағы орта” мектебінің география пәні мұғалімі Бисенова Жанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×