Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Мақсаты:
Білімділік: “Әнші” әігңмесіндегі Әмірқан бейнесін жан - жақты танып, зерттеу арқылы білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: Музыка өнеріне, әнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Өнерді қадірлей білуге, өткен тарихты, ұлы тұлғаларды мәңгі естен шығармауға тәрбиелеу.
Әдісі: СТО
Типі: Пысықтау сабақ
Көрнекілігі: слайд, бейне таспа, плакат, домбыра, және т. б.

Психологиялық көңіл - күй:
- Биыл біз Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға қанша жыл болды?
23жыл
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
- 1991ж16желтоқсан
- Тәуелсіз ел болған соң, көшті жетелейтін ел басы болу керек емес пе? Ол кім?
- Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Өздерің білесіңдер біз жылда елбасы күнін атап, алдын ала іс - шаралар жүргізіп жатамыз. Ол қай күн деп ойлайсыңдар?
1 желтоқсан Елбасы күні.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Тәуелсіз ел, елбасы болғаннан кейін, қазақ халқының ұмытылмас тарихы болу керек емес пе? Ендеше, барлығымыз орнымыздан тұрып, Сол тарихтың бірін Солтүстік - шығыс аймағынан, яғни Павлодар және Семей жерінің аңызға айналған тумаларын зерттеу мақсатында ұзақ сапарға шықсақ қалай қарайсыңдар? Бұл ойымды құптайсыңдар ма?
олай болса, бүгінгі сапарымыз сәтті болсын
(Айтқан сөздерімді оқушылар қимылмен бейнелейді), слайд арқылы суреттері тақтадан көрсетіліп тұрады.
- Балалар, сендер көз алдарыңа тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.
Енді таулы, тасты аймақта келе жатырмыз.
Өзенде жүзіп келеміз.
Енді қолдарыңа дүрбілеріңді алып қараңдар.
Не көрдік?
-(Балалар): Қазақ елін. Павлодар облысы, Баянауыл аймағын. Жүсіпбек Аймауытовты. (слайдтар)
Дұрыс айтасыңдар, біз өткен сабақтарда Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы және "Әнші"әңгімесін өткен болатынбыз.
Өздерің білетіндей, Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан - жақты талант иесі. Жүсіпбек - ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.
Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б. Майлин: "Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін"- деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы - заман шындығын бейнелеу. (слайд суреттер) Соның бір айғағы - осы "Әнші" әңгімесі.
"Әнші" әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді. Ал, бүгінгі сабағымызда осы әңгіме бойынша талдау жұмыстарын жасаймыз.
Үй жұмысын сұрау: Үй тапсырмасын сұрамас бұрын, сыныпты үш топқа бөліп алсақ, ол үшін сіздер өздеріңізге ұнаған кәмпит түсін таңдап алыңыздар.
"Әнші" әңгімесін оқу.
Қосымша: Жетішатыр қаласының тарихы, Ж. Аймауытов туралы, Әміре Қашаубаев туралы ізденіс жұмыстарын қорғау.

Үй жұмысын тексеру: - Балалар, біз әңгімені үш бөлім бойынша әңгімелейміз. Олар:
1 - топ: Әншімен алғаш танысу: қамтылатын тақырыптар:
a) Жетішатыр бейнесі
b) Қымызхана
c) Әмірқан келді
d) Жетішатыр қаласының тарихы
2 - топ: Наурыздағы ойын - сауық: қамтылатын тақырыптар:
a) Жастар бірігіп ойын дайындады.
b) Ортаға Әмірқан келді.
c) Қайта шақырып, қайта ән салды.
d) Ж. сіпбек Аймауытов туралы
3 - топ: Әмірқанның үйінде: қамтылатын тақырыптар:
a) Үйіне қонақ шақырды.
b) Үйінің көрінісі, қонақжайлылығы.
c) Ақтамақ оқиғасы.
d) Өмірін өнері құтқарды.
e) Әміре Қашаубаев туралы ізденіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан - жақты талдау;
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмолдаева Райхан Дастанқызы
Әміре - ән көгінің айнасы
Әміре - ән көгінің айнасы
Семей қаласы, “Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева Жаңагүл Райымханқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Жүсіпбек Аймауытов  «Әнші»
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мойылды ауылы, Горячкин негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Армангүл Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×