Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың дастарқаны

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны
Сабақтың типі: жаңа
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының қонақты қарсы алу, күту, шығарып салумен байланысты дәстүрлермен, қонақасы шығу тарихымен таныстыру,
тақырыппен байланысты сөздерді орынды пайдалануға дағдыландыру, оқушыларды қонақжайлы болуға тәрбиелеу
әдісі: мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс
көрнекілігі: «Сыбаға - қадірлі, сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті»
«Қонақасы - қонаққа арнап әзірленген тағам, ас» деген сөздері бар плакаттар,
ӘН «Қазақы дастарқаным» Тыйым сөздер жазылған плакаттар
Барысы:
І. Амандасу
ІІ. Тіл дамыту
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тыңдалым. Қонақжай қазақ халқы дастарқанына ерекше мән берген. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған.
2. Топқа бөлу. Әр оқушының бір затын алып, араластырып, үш топқа бөлу.
3. «Қош келдіңіз! Төрге шығыңыз! Жоғарылатыңыз!» деген сөздермен мұғалім әр топ оқушыларын үстел басына отырғызады.
Есте сақтаңдар!
Дастарқан басында отырған адамдарды санамайды.
Дастарқанға адамдар жасына қарай отырады.
4. Топтық жұмыс. Әр топтың тапсырмалары конвертте.

1 - кезең. Мәтінмен жұмыс.
Алаша ханның үш ұлы болыпты. Хан оларды енші беруге шақырыпты. Ол өзінің байлығын төртке бөліпті. Үш бөлігін үш баласына беріпті. Төртінші бөлігін тағы үшке бөліп, оны балаларына қосыпты. Сонан кейін алдында отырған үш ұлына мынандай өсиет қалдырыпты:
« Балаларым, ата салты бойынша мен сендерге енші беріп отырмын. Естеріңде болсын, сендердің ұрпақтарың сапарға шыққанда жолға азық - түлік алып жүрмесін. Әрбір қазақ баласы кез келген үйден ақысыз қонақасы ішетін болсын. Олар жолда сусап, қарны ашып жүрмесін. Мен сендерге берген төртінші еншім сол. Сол еншімді менің келер ұрпақтарым ғасырдан - ғасырға жеткізіп, менің осы өсиетімді сақтасын!» деп батасын беріпті.
(«Қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары» кітабынан)

2 – кезең Тапсырмалар орындауы
1 - топтың тапсырмасы:
Мәтінді мазмұндау.
2 - топтың тапсырмасы:
Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыру.
3 - топтың тапсырмасы:
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру.
Тексеру. Топ жетекшісі сөйлейді, топ мүшелері толықтырады.

3 - кезең. Топтық тапсырмалар.
1 топтың тапсырмасы: Қонаққа шақыру жазу
2 - топтың тапсырмасы: Қонақтарға тілек сөздерін жазу
3 - топтың тапсырмасы: Қонаққа арналған бата сөздерін жазу

4 - кезең:
Жағдаят: Әке - шешең үйде болмағанда қонақ келді. Сенің іс - әрекетің.

ІҮ. Оқылым. Оқулықпен жұмыс. 91 - бет Ас туралы тыйым сөздер.
Тапсырма. Осы 10 тыйым сөздердің қайсысын өмірде қолданасың? Қысқаша әңгімелеп беру

Ү. Рефлексия. Парақша толтыру.
• Толық түсіндім------------
• Жартылай түсіндім-----------
• Түсінбедім---------------------

ҮІ. Үй жұмысы. Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын жазу,
Тапсырма. Басқа ұлттардың тағамдары туралы материал жинау
4 082
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – қуаныш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Қазақтың дастарқаны. Есімше
Қазақтың дастарқаны. Есімше
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курмангожина Айнур Сериковна
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Балаларға қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы жайында түсінік беру. Қазақ халқының киімдері және ыдыс аяқтары туралы білімдерін толықтырып қорытындылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×