Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың дастарқаны. Есімше

26 қараша 2013, Сейсенбі
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой - қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есімшелердің түрлерін меңгеріп, шақтарын ажырата білу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа тақырып.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
ет тағамдары; сүт тағамдары; нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар: қуырдақ, қазы, шұжық, жая. Нан тағамдары: бауырсақ, жалпақ нан, таба нан, самса, бәліш.
Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе.
(тақтада суреттер көрсетіледі)
● Сүт тағамдары
● Нан тағамдары
● Ет тағамдары

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
Қазақтың дастарқаны
Қазақ халқы «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаған. Қонақжай, бауырмал халық дастарқанына ерекше мән берген. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған. Сыйлы қонаққа ет асқан.
Қазақ дастарқанының сәні мен мәні – құрт пен май, бауырсақ, ірімшік пен жент, қымыз бен шұбат. Қазақтың дастарқаны кімді де таңғалдыратыны анық.
Қазақтың дастарқаны олардың кеңпейілдігін, жомарттығын, қонақжайлығын көрсетеді.
Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын айтады. Сұрақтар құрастырады.

IV. Берілген етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар. Бару, жүру, көру, ойнау, пісіру, арнау, ішу, үрлеу, тұздау.
Ауыспалы шақ есімше ---- Өткен шақ есімше ------ Мақсатты келер шақ есімше
Бар...
Жүр...
Көр
Ойна...
Пісір...
Арна...
Іш....
Үрле...
Тұзда...

V. Мақалдарды оқып, есімшелерді табыңдар.
Білгеннен білмегенің көп.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Отанға опасыздық еткенің - өз түбіне жеткенің.
Білген адам білер, білмеген адам күлер.
Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Диқан еккенін жейді, жылқы тепкенін жейді.
VI Берілген синонимдік қатардағы артық сөзді айтыңдар.
1. Ас, тамақ, ас - су, жер - су, тағам, дәм;
2. Дәмдес, дастарқандас, табақтас, аралас, дәм - тұздас.
3. Дайындау, бітіру, әзірлеу, даярлау, қамдау.
4. Құмар, қызығу, құштар, әуес, іңкәр, ынтық..

VII. Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жазыңдар
Сын есімдер: Жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, жас, қою, майлы, қатты, дәмді, қатқан.
Зат есімдер: ет, нан, тамақ, қамыр, сорпа, шай, қазы, шұжық, шелпек.

VIII. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу. Есімшелерді анықтау.
К.. ңілін ақтарып сап,
Ашы.. ған мақтаға.. қсап.
Даланы... маржаны ма,
Шашылған ақ бау... рсақ.
Ей, менің ас.. ар тауым -
Қазақы дастар.. аным!
Өзі.. сін ырыс, қуат.. м,
Ба.. ытым, бастауларым!

ІХ. Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы: 98 бет. Дастарқан батасын жаттап келу.
Х. Бағалау.
5 510
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары
«КММ №26 орта мектеп» Тогузова Динара Даулетканкызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×