Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қостанай облысы, Рудный қаласы
№ 13 бала-бақша: қазақ тілі мұғалімі
Ахтямова Жанат Уалиевна

Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Мақсаты:
1. Балаларға қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы жайында түсінік беру.
2. Қазақ халқының киімдері және ыдыс аяқтары туралы білімдерін толықтырып қорытындылау.
3. Диалогтағы сөздерді және ыдыс аяқ ұлттық киімдер айтылуын үйретіп сөздік қорын дамыту.
4. Қазақ халқының дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: киіз үй, көрпешелер, дастархан, ыдыс-аяқтар, ұлттық тағамдар

Сабақ барысы:
(Төрде әдемі ұлттық киім киген ата, әже бірнеше балалармен отырады)

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, Балалар! Мен сендермен бір ойын ойнауға келдім ол
ойынның аты «Қонақ күту», Бірақ қонақты біз қазақ халқының дәстүрі
бойынша күтеміз. Қараңдаршы біздің қонақтарымыз қалай киініп алған
Балалар мына киімдерді қараңдаршы және оларды қазақша атайық.
Қалпақ, тақия, кимешек, сәукеле, көйлек, қамзол, шалбар.

Жүргізуші: Біз қонақ күтеміз.
Қазақтарда қонақты екі түрге бөлуге болады: «арнайы қонақ» әдейі шақырылған қонақты айтады.
«Құдайы қонақ» шақырылмаған қонақты айтады.
Бірақ қандай қонақ болмасын қазақ халқы құшақ жайып, қабақ түймей, көңілмен қарсы алады...
Бүгін бізге құдайы қонақтар келеді.
(Ата-әже немерелерін ертіп келеді)
Балалар қараңдаршы олар атамен, әжемен, құрдастарымен қалай амандасады екен.
Ер кісілермен (атамен) –Ассалаумағалейкум!
Әйел кісілермен( әжемен) – Сәлеметсіз бе?
Балалармен, құрдастармен – Сәлем!

Жүргізуші: Міне олар амандасып болды енді үй иесі үйге шақырады. Үйдің ең төріне атаны отырғызады. Қасына әже отырады олардың жанына немерелері отырады.
Үй иесі: Төрге шығыңыз ата! Төрге шығыңыз Әже!
Төрге шық, Оля! Төрге шық, Дима! (төр орынды көрсетеді)
Барлығы отырып болған соң әңгіме басталады.
- Денсаулығың қалай?

- Қал қалай?
-
- Денсаулығым жақсы?
-
Үй иесі: Ал қонақтар алыс жолдан келдіңіздер енді дастархан дайындық.
Дастархан төселмес алдында үй иесінің немересі қолына леген, шәйнек, иығына сүлгі алып қонақтардың қолына су құяды. Алдымен суды қонақ атаға құяды. Келесі, қонақ әжеге құяды.
Әрі қарай үй иелеріне құяды, үлкен кісілерден кейін немерелерге құяды. Қол сүртіп болған соң балаға ризалықтарын білдіріп рахмет айтады.
Ата: Рахмет балам! Өркенің өссін!
Әже: Рахмет балам! Үлкен жігіт бол!
Жүргізуші: Енді әжемен немере қызы дастархан төсейді, алдымен дастарханға нан қойылады және әр түрлі тәтті тағамдар қойылады.
Дастархан басында алдын ала үйретілген диалог сөздерін қолданады.
«Маған шәй керек»,«Маған бауырсақ беріңізші»,
«Маған шәй құйыңызшы», «Рахмет». Үй иесінің ыдыстарына назар аударыңдаршы осы ыдыстарды атайықшы әдемі кесе, әдемі шәйнек,

Жүргізуші: Шәй ішіп болған соң дастарханнан түрлі тағамдарды, ыдыстарды жинап, дастарханды қалдырады.
Қонақтың үлкені ата дастарханға «бата» оқиды.
«Бата»- бұл дастарханға ризалық яғни дастарханда молшылық болсын деген ұғымда.
Ата: Асың – асыңа береке берсін басыңа!-
Денсаулықтарың мол болсын.
Денсаулықтарың қуанышқа жайыла берсін!
Аспандарың ашық болсын!
Аллаһу акпар (алақандарын жаяды)
Осы айтылған тілек орындалсын деп балалар да алақандарымен беттерін жүргізеді.
Дастархан жиналғаннан кейін қонақтардың есіне осы күн есте сақталу үшін ән айтып, ойындар ойнайды.
Ән «Қуаныш»,
Ән: «Дастархан»
Ұлттық ойын «теңге алу», «сақина салу»
Жүргізуші: Ал енді балалар қонақтардың қоштасатын кезі келді.
Қане бәріміз «Сау болыңдар!» «Тағы келіңдер» деп шығарып салайық.

Жүргізуші: Балалар біз бүгін қазақ халқының дәстүрі бойынша «қонақ күту» дәстүрімен таныстық.
Сендерге ұнады ма ?
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды «Сау болыңдар!»
35 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт - дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным - түсініктерін кеңейту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Оқушының ақыл - ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ - жауап беруге машықтандыру; Ұлттық салт - дәстүрге, оның ішінде ұлттық киімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кірме сөздер. Көнерген сөздер
Кірме сөздер. Көнерген сөздер
Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мағлұмат бере отырып, қазақ халқының қонақ күту салты мен әдеп - ғұрыптарын студенттерге терең меңгерту, сөз саптау, сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру. Студенттер бойында ой еркіндігін қалыптастыру. Бағыт -
Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – қуаныш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
«Ұлттық киімдер» қорытынды сабақ
«Ұлттық киімдер» қорытынды сабақ
Павлодар облысы, Железин ауданы, Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Женисгуль Жанабаевна
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×