Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: А) Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу, бөлімдерінің мазмұнын игерту;
Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту;
Б) Кендебай бейнесін ашу арқылы оқушыларды, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу;
Оқу нәтижелері; Кейіпкер бейнесін толық ашады, сыни ойлауы қалыптасады, ертегінің негізгі ойы мен идеясын анықтайды, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, миға шабуыл, Жигсо әдісі, топтастыру;
Сыныптағы өзара әрекеттестік; топтық, жұптық, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс;
Бағалау, оқыту үшін бағалау: Формативті бағалау (қол шапалақтау, стикерлер, жұлдызшалар, жетондар, дескрипторлар арқылы бағалау ) Қалыптастырушы бағалаулар;
Сілтеме; АКТ, слайд, аудио кітап, тест тапсырмалары, оқулық,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы;

І. Ұйымдастыру (мотивациялық) кезең
Сыныптың ахуалымен танысу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Психологиялық тренинг «Біз біргеміз»
Топқа бөліну, бағалау парақшаларын тарату;

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Миға шабуыл» әдісі
«Минут, уақыт, сағат» берілген үш сөздің мағынасын ашу, осы сөздер арқылы үй тапсырмасын қорытындылау;

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Мағынаны тану
«Жигсо» әдісі (Топтық тасырмалар)
Төрт топқа төрт тақырып беріледі.
«Ер қанаты - ат», «Қойшы баланың мұңы», «Алтын құйрықты құлын» «Ертегінің мұраты»
Тақырып ішінен көп мағынаға ие болатын сөзді тауып, мазмұнымен қатар түсінік беріп кетеді.

ІV. Кейіпкер келбеті (теориялық жұмыс)
Көркем шығармадағы айтылатын ой идея деп аталады.
Көркем шығармадағы адамдардың бейнесін кейіпкер дейміз

V. Жаңа сабақты бекіту
Топтастыру стратегиясы
Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар?
(Оқушылар Кендебайдың бойындағы қасиеттерін айта отырып, ертегідегі сол тұстарын айтып кетеді)

VІ. Сергіту сәті: (Көңілді әуеннің ырғағына қимыл - қозғалыс жасайды)
Деңгейлік тапсырмалар
1 – топ. Кендебайға ұқсағың келе ме? Қай қасиеті көбірек ұнайды?
2 – топ. Кендебайдың ерлік істерге баруына не себеп болды?
3 – топ. Қазіргі өмірдің Кендебайлары туралы ойың.
4 – топ. Мақал - мәтелдер арқылы толықтыр.

Тест тапсырмалары
1. Кендебайдың әкесінің аты кім?
А. Байбөрі Ә. Ерназар Б. Қазанғап В. Саржан
2.”Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар”, бұл қай кейіпкердің сөзі
А. Шалқұйрық
Ә. Керқұла атты Кендебай
Б. Ханның баласы
В. Тазша бала
3. Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?
А. Мергенбай
Ә. Тасқара
Б. Кендебай
В. Шойынқұлақ
4. Ой, оңбаған – ау қарасың ғой малды. “ Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың?” - кімнің сөзі
А) Күнке
Ә) Менді сұлу
Б) Кенжекей
В) Ханның кызы
Сабақ бойынша кері байланыс (рефлексия)
Бүгінгі сабақ не туралы, кім жайында болды?
Не білдік?
Нені үйрендік?
Не білгің келеді?
Мен үшін не жаңалық?

Бағалау
Үйге тапсырма: “Керқұла атттың өсіп – жетілуі” тақырыбын негізге ала отырып, ертегі әңгіме жазып келу
18 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттердің нақтылап ашу;
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Ертегінің композициясы мен тілдік құрылымы. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Ертегінің мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идеяны түсіндіру. Оқушылардың ой қорыту. пікір айту, өз беттерімен ертегіні талдау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалина Әсия Кабиденқызы
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» Мақсаты: Білімділік: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×