Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үтірдің сөйлем ішінде қойылуы

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Қазақ тілі 9 - сынып

Сабақ тақырыбы: Үтірдің сөйлем ішінде қойылуына жаттығу сабағы
Жалпы мақсат: Оқушылар үтірдің сөйлем ішінде қойылуына жаттығады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оңашаланған айқындауыш және оқшау сөздерді: қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағайларды - сөйлем ішінен тауып, тыныс белгілерін қойып, олардың себептерін түсіндіріп және өздері қолданып үйренеді. Сауатты жазуға жаттығады.
Сілтеме: Қалыптан тыс сабақ
Оқу нәтижесі: Үтірді сөйлем ішінде сауатты қолданып білетін болады. Кез келген мәтінде кездескен үтірдің не себепті қойылғанын түсініп отыруға тиіс
Сабақта қолданылатын материалдар: АКТ арқылы берілетін тапсырмалар;
Бағалау бетшелері;
Столдардың белгілері;
Стикерлер.
Оқыту әдістері.
7 модульдің кіріктірілуі: СТО әдістері: «Миға шабуыл»
РАФТ
Деңгейлік жұмыстар
Жаңа амал - тәсілдер
Топтық жұмыс
Ауызша, жазбаша жұмыстар
Бағалау
АКТ
Кері байланыс
Дерек көздері: 9 - сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы. Алматы, «Мектеп» 2013. Р. Әмір, М. Атабаева

Сабақ жүрісі: І. Қызығушылықты ояту - 2 минут.
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу: жұмысты деңгейлі тапсырмаларға негіздеу үшін топтарға алдын - ала өзім бөліп қоямын да, столдарына тізімдерін тастаймын.
- Қандай тақырып өтіп жатырмыз? ( Сөйлем ішіндегі тыныс белгілері.
- Үтір қандай тыныс белгіге жатады? (Ерекшелеуші)
- Неге олай бөлінеді? (Сөйлем ішіндегі тыныс белгі болғандықтан.)
- Сөйлем ішінде қандай жағдайларда үтір қойылады? (Бірыңғай мүше, оңашалаңған айқындауыш, оқшау сөздерге және құрмалас сөйлемдерге байланысты.)
- Қайсысы ерекшелеуші қызмет атқармайды? (Құрмалас сөйлем. Ол - сөйлемнің ара жігін ажыратушы).

ІІ. Мағынаны ашу – 22 минут.
Интерактив тақта арқылы 3 түрлі тапсырма беріледі, жұмысты орындай алу мүмкіндіктеріне қарай әр топ өздері таңдап алады.

І жұмыс – 7 минут. Мұнда орындалатын 3 жұмыстың 1 - сі – І деңгейге (талантты балаларға), 2 - сі – ІІ деңгейге (ізденуге бағытталған, орташа деңгейлі балаларға ), 3 - сі – ІІІ деңгейге (төмен оқитын оқушыларға) лайықталып ұсынылған
1. 172 - жаттығу. Бірыңғай мүшелі 3 сөйлемді көшіріп,.
сөйлем мүшесіне талдау.
2. 183 - жаттығу. (?) Қаратпа, қыстырма, бірыңғай мүшелі сөйлемдерді теріп жазу, түсіндіру(5 сөйлем жазу)
2. 183 - жаттығу. (Б). Мәтінді іштей оқу. Негізгі ой түйінді тауып, пікір алысу, диалог құру. Жазған жұмыстарына оқшау сөздер мен оңашаланған айқындауыштарды қатыстыру.
Жұмыс нәтижесі тексеріледі – 4 минут.

ІІ жұмыс – 7 минут. Мұнда да орындалатын 3 жұмыстың 1 - сі – І деңгейге (талантты балаларға), 2 - сі – ІІ деңгейге (ізденуге бағытталған, орташа деңгейлі балаларға ), 3 - сі – ІІІ деңгейге (төмен оқитын оқушыларға) лайықталып ұсынылған

1. 186 - жаттығу. « ХХІ ғасыр жеткіншегі қандай болуы керек?» деген тақырыпта пікірлесіп, мақала жазу. Берілген қыстырма сөздерді пайдалану.
2. 184 - жаттығу. Көшіріп жазу. Тыныс белгілерін түсіндіру. Қаратпа сөздер мен қыстырма сөздердің өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын дәлелдеу. Берілген 3 сөзге морфологиялық талдау.
3. 187 - жаттығу. Одағайларды тауып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу. Түсіндіру.
Жұмыс нәтижесін тексеру - 4 минут

ІІІ. Ой толғаныс – 16 минут.
ІІІ жұмыс. РАФТ – жалпы сыныптық жұмыс.
Түсіндіруге - 1 минут.
Жазуға – 10 минут.
Рөл – Бірыңғай мүше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай, оңашаланған айқындауыштың біреуінің рөлін таңдаңыз, яғни соның атынан сөйлеңіз
Аудитория – Оқушыларға, сынып оқушыларына немесе жеке бір оқушыға арнаңыз.
Форма – хат немесе өтініш, алғыс хат (өкпе - наз немесе ризашылық түрінде)
Тақырып – сауаттылық туралы.
Нәтижесін тексеру: Әр топ оқушыларынан өз ұсыныстарымен оқу. – 5 минут.

ІУ. Бағалау. Бағалау бетшелерінде ұсынылған критерийлер бойынша қатысушы мұғалімдер бағалайды. Таныстыруға – 2 минут

У. Рефлекция - 2 минут.
Слайд түрінде берілген сұрақтар бойынша:
1. Сабақта саған қандай жұмыс ұнады (ұнамады)?
2. Қай тыныс белгінің қойылуын шала білемін деп ойлайсың?
3. Келесі сабақта қандай жұмыс жүргенін қалайсың?

Үйге тапсырма: 189 - жаттығу. 2 түрлі жұмысты өз қалаулары бойынша орындайды - түсіндіру – 1 минут.
Рефлекцивтік есеп: Сабаққа 12 мұғалім қатысты. Екеуі - қазақ тілі мұғалімдері. Оларды сабақты бағалауға пайдаландым. Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп қойдым, бір топқа ең жақсы оқитын оқушыларды, бір топқа білімі төмен оқушыларды, қалған екі топқа жақсы оқушыларды жинақтап, столдарына тізім тастадым да, оқушылар сол тізім бойынша орналасты. Берілген тапсырмаларды тобымен бірге өздері таңдауы керек. Үздік топтағы оқушылардың талдау жұмыстарынан қашып, ең оңай тапсырмаларға бағытталғандары болды. Бұдан сынып оқушыларының грамматикалық талдаулардан қорқатындары байқалды, демек, осал тұстары айқын көрініп қалды. Жалпы, деңгейге бөлінгенде, оқушының шамасына қарай өзі таңдау жасағанын қалағанмын, әлі реттеле алмай жатыр екенбіз. Ең сәтті шыққан жұмыс – соңғы тапсырма – РАФТ болды. Оқушылар түрлі формада: хат, өтініш, арыз түрінде жұмыстар ұсынды. Нұртас деген ақынжанды бала айтыс - өлең жазыпты:
Нұртас:
– Келеді: «Жанды жейтін – сүйел,» - дегім,
Ұнайды кемпірге ұқсап иілгенің.
Қаншалықты тырысып бақсам - дағы,
«Сипағанды білмейтін сиыр» едім.
Екі - үш бала сені оқыса мәз болады,
Қалғандары мына сені не қылады?!
Жек көретін себебі бар, үтірім - ай,
Сені ойласа, еске түседі «2» алғаны.
Үтір:
Мойындасайшы тауықтай миың жоқты,
Апай саған қалай қояды «5» пен «4-ті»
Қазақ тілден объектің мен болғанда,
Деп жыларсың анаңа: -«Үшті» төкті!
Білуші едім кімдердің «бес» екенін,
Білуші едім кімдердің «бос» екенін.
Айтып берсем мысалды өзім жайлы,
Түсінерсің пайдамның осы екенін.
Нұртас:
– Айтқаныма ренжімеші, үтірім - ай,
Жауабыңа ойланып мен кідірдім - ай.
«Ешқашан қайталанба жалқаулығым!»
Осы - менің сертімді бергенім - ай!
Үтір:
- Түзелдің енді, міне, Нұртасжаным,
Ойларыңа мәз болып таңданамын.
Уәдеңе берік болып орындасаң,
Сен арқылы баршаға мақтанамын!
8 370
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсіндіру, сауатты, көркем жазуға машықтандыру
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту (аптасына -4 сағат. Барлығы -136 сағат)
Қазақ тілінен тест
Қазақ тілінен тест
1. Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×